Дипломдық ЖҰмыс 6В01704 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау Шымкент 2023



бет14/15
Дата14.07.2023
өлшемі162,33 Kb.
#104358
түріДиплом
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Киіз үйдің сүйегі
Киіз үй төрт бөліктен тұрады. Ол шаңырақ, уық, кереге, есік. Бұлардың бәрі ағаштан жасалады. Қиіз үйді шеберлер жасайды. Ол үшін қайыңды жаздың ортасында кесіп алады да, шеңберге ұқсатып иіп қояды. Бұл кезде қайыңның шырыны мол болады. Сондықтан жақсы иіледі.
Талдау барысында алғашқы үш сөйлемнің бөлек-бөлек жеке сөйлемдер екенін, ал келесі мәтіндегі сөйлемдерде ой жалғастығы бар екенін оқушы ұғынады. Яғни, бұл мәтін екенін түсінеді. Мәтінде ойдың басы, жалғасы, аяғы бар екені аңғарылады. Мәтін жазбаша, мағыналы, жүйелі жалғысымдағы тіл. Белгілі тақырыбы бар. Тақырып бойынша ойдың өрісі бар. Енді мәтін бойынша 46 сөз, 8 сөйлем бар. Бұл сөздің 16-20 сөзін оқушы өтілген сабақтардан біледі. Оның 5-6 сөзі бірнеше рет қайталанған. Жаңа сөз 14, яғни оқушы сөздігіне енетін 14 жаңа сөзбен сабақ үстінде үнемі жұмыс орындалуы тиіс.
ҚОРЫТЫНДЫ
Мәтін туралы түсінік, ең алдымен, оның жасалу жолына, құрамындағы сөйлемдердің, қайырымдардың өзара байланысына, мәтіннің түрлеріне және оның стильдік ерекшеліктеріне байланысты. Сондықтан мынадай қорытынды жасауға болады. 
Мәтін ұғымы лингвистикада синтаксистік зерттеу нысанасы болып есептеледі. Ол стилистикаға да қатысты, өйткені мәтін сөйлеу нәтижесі болып табылады. Демек, мәтіннің табиғаты сөйлеуге байланысты анықталады.
Мәтіннің өзіндік белгілері, жүйесі, сипаты, қалыбы, мазмұны мен құрылысы бар тілдік категория. Атап айтқанда, мәтіннің тақырыбы болады. Белгілі бір ақпаратты хабарлайды, сипаттайды немесе пікір білдіріп тиянақты қорытындылайды. Мәтін құрайтын сөйлемдер белгілі тақырып, мазмұнға сай байланысады. Логикалық жүйеде түзіліп, тұтас стильдік бірлікте болады.
Оқушылардың мәтін құрастыра білу икемділіктерін, дағдыларын дамытуы үшін мәтін жайлы келесідей білім, білік, дағды қалыптасады:
- мәтін мазмұнының құрылымдық бүтіндігі;
- стилистикалық норма тұрғысынан тұтастығы;
- қайырымдардың тақырыптық мазмұнындағы жүйелілігі;
- ой-пікірдің бір форма жанрда берілуі.
Білім алушылардың жазбаша мәтінді құрау икемділіктері мен дағдылары мәтіннің тілдік стильдік ерекшеліктері негізінде дамытылады. 
Мәтін құрастыруға байланысты сөздік қорды байыту жұмыстары екі бағытта жүргізіледі: 1) оқушылардың танымдық қабілетін арттыру арқылы жаңа сөз ұғымын меңгерту; 2) сөздерді мәтін құрастыруға байланысты құрастыруға байланысты қолдана білуге жаттықтыру арқылы сөздік қорды байыту. 
Әдеби шығармалардан алынған мәтіндерде түсініксіз сөздер мынадай орындарда ұшырайды: жеке сөздер; сөз тіркестері; мәтін ішіндегі жеке фразалық тіркестер; құрмалас сөйлем компоненттері; төл сөз бен автор сөзі; идиомалық тіркестер; драмалық шғармалардан алынған диологтық және монологтық сөйлемдерде түсініксіз сөздер жиі кездеседі.
Әдеби мәтіндерде кездесетін сөздердің мағыналық және тілдік мәнін игертуде мынадай жұмыс түрлері жүргізіледі; мәтіндегі түсініксіз сөздерге ауызша түсініктеме беру; сөздердің синонимін табу жолымен анықтау; жаңа сөздердің түбірін іздестіру арқылы игерту; сөздерге сипаттама беру арқылы ұғындыру т.б. 
Мәтін құрылымы сыртқы тұлғалық байланыстарға, белгілі бір ішкі мағынаға дер кезінде қабылдана алу мүмкіншіліктеріне ие болуы, қарым-қатынас жасауды іске асыру. Мәтіндегі тілдік тұлғаларды байланыстырушы амалдарға қосымшалар, қыстырмалар, қайталаулар, сөздердің орын тәртібі, интонация, есімдіктер т.б. жатады.
Мәтін – сөйлеу процесінің жемісі. Ол тілді жүйеге қолданудың барысында ғана пайда болады. Мәтін – жазудың шығарумен байланысты қалыптасып жетілген және әрі қарай дамытып отыратын тілдік құрылым. Мәтіннің маңызды белгілерінің бірі – оның аяқталғандығы, мәтіннің бірнеше сөйлемдерді атқарып тұратындығы.
Мәтіннің құрылымдық тұлға бірліктеріне көптеген зерттеушілер сөйлем, күрделі синтаксистік тұтастық, абзацты жатқызады. Олардың арасындағы байланыстық табиғаты бірдей болмайды. Мәтін мәселесін қазақ тіл білімінде әлі зерттеу объектісі болған жоқ. Оны зерттейтін мәтін лингвистикасы, мәтін теориясы дейтін ілімдер орыс, шетел білімінде соңғы 20-30 жылдардың аясында қалыптасты. 
Қазақ тілі сабақтарында түсіндірме сөздіктерін, синонимдер сөздігін, антонимдер сөздігін пайдалану баланың тілін дамытуға, баланың тілін байытуға өз септігін тигізеді деп білеміз
Тілді дамыту, соның ішінде ауызша сөйлеуге үйрету төменгі сыныптан басталады. Сыныбы жоғарылаған сайын осы мәселелер күрделене түседі. Сол себептен баланың сөйлеу тілін мәтін арқылы жаттықтырудағы жаттығулар жүйесін дамытып, тілдің негізін қалыптастыруда төмендегі жағдайлар басшылыққа алынады. 
1. Шағын мәтіннің жеке сөйлемдерін талдау және саралап салыстыру. 
2. Мәтіннің негізге мазмүнын және мәнін түсіну. 
3. Мәтінге тақырып қою.
4. Мәтінді тақырыпшаларға бөлу.
5. Мәтіндегі басқы, ортаңғы, соңғы ойларды анықтау.
6. Мәтінге жоспар жасау, сол бойынша тараушаларды анықтау.
7. Мәтінді толықтырып не қысқарта білу.
8. Мәтінді баяндай білу, басталар, аяқталар ойды дұрыс жеткізу.
9. Жоспар бойынша мәтін мазмұнын әңгімелеу.
10. Мәтіндегі сөздермен түрлі жұмыс түрлерін жасап, сөздік қорды толықтыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет