Дипломдық ЖҰмыс 7М011700 «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті»


Сын есімнің белгілері мен семантикалық топтары



бет5/15
Дата24.04.2023
өлшемі60,9 Kb.
#85941
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
1.3. Сын есімнің белгілері мен семантикалық топтары
Есімдер деп аталатын сөздердің ішіндегі зат есімнен кейінгі есесі де, еншісі де мол сөз табы сын есім. Семантикалық жағынан зат есім әр алуан ұғымдарды білдіретін сөздердің лексика-грамматикалық тобы болса, сын есім неше алуан сыр сипатымен алуан байланысты ұғымдарды білдіретін сөздердің лексика-грамматикалық тобы ретінде бөлінеді. Сөйтіп, сын есім деп заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін, салмағын, түсін (түр-реңін) және басқа сол сияқты сыр-сипаттарын білдіретін лексика-грамматиакалық сөз тобын айтамыз. Сын есімнін семантикалық мағынасы оның морфологиялық ерекшеліктері де, синтаксистік қызметтеріне де сараланып айқын көрініп отырады. Морфологиялық сипаттары жағынан да сын есімнің өзіне ғана тән, өзге есімдерден басқа ерекшеліктері бар. Сын есім өз семантикалық ерекшелігіне қарай затты сыр-сипат (сапа, түр, рең, салмақ, көлем т.б.) жағынан анықтайды, бірақ ол (сын есім) анықтауыш қызметін атқарып тұрғанда, еш уақытта да тәуелденбейді, көптелмейді және септелмейді. Зат есімге тән көптік, тәуелдік, септік жалғаулары зат есімнің де, сын есімнің де қызметтерін бірдей атқаратын синкретикалық омоним сөздерге (мысалы: салқын, көк, суық, жарық, жүйрік, терең т.б.) қажетінше жалғана берулерімен қатар, белгілі бір контексте қолдау ыңғайына қарай субстантивтенетін сын есімдерге (мысалы: үлкенге үлкенше, кішіге кішіше қызмет ет; ескіге жаңа, жаңаға ескі - өлшеуіш т.б.) жалғана береді. Сын есімде көптік, тәуелдік, септік категориялары болғанымен, оның өзіне тән ерекше шырай категориясы бар. Бұл ерекшелік те - сын есімнің зат есімнен бөлінерлік, өз алдына дербес категория екені дәлел. Сонымен бірге, бір алуан сын есімдер зат есімді анықтауларымен қатар, етістікті де анықтап, үстеу сөздердің қызметтерін атқарады. Мысалы: Хатыңнан жақсы ұғындым сөздің бәрін (Абай); Әлке бойындағы қалың тал
мен қамыс ақырын қозғалып сыбырлайды (С.Сейфуллин). Семіз сөйлеп, арық шыққанша, арық сөйлеп семіз шық (мақал). Сын есімде шырай категорияларымен қатар, адгективтік және адвербиалдық қызмет барлығы да көрінеді. Сын есімде өзге сөз таптарымен (мысалы, зат есіммен, үстеумен т.б.) әрі ортақ, әрі формалас сөз тудыратын жұрнақтармен қатар, тек туынды сын есім ғана жасайтын арнаулы жұрнақтар бар: сын есімен сын есім тудыратын шырай жұрнақтары бар. Бұлар да сын есімнің морфологиялық формалары болып есептеледі. Синтаксистік жағынан қарағанда, сын есім, өзінің табиғи жаратылысына сәйкес, үнемі зат есімге анықтауыш ретінде жұмсалуға лайық. Өйткені қандай белгі болса да, заттың қасында болады да, дәйім затқа шек сүйейді. Мысалы: Үш-ақ нерсе - адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек (Абай). Сын есім баяндауыш та бола алады және баяндауыштың құрамына да ене береді. Мысаы: Төрт бөлмелі тас үй салқын да жайлы (Ғ.Мүсірепов). Ол тапал, төртпақ екен де, мен ұзын, жіңішке екенмін (Ә.Әбішев). Зат есім мен сын есімнің тіркесу қабілеттерінде де елеулі айырмашылық бар. Мысалы: зат есімге септеулік шылаулар тіркесе береді. Ал сол септеулік шылаулардың ішінде тек сияқты, секілді, тәрізді сықылды дегендерден басқа бірде-біреуі тікелей өз мағынасында, өз қызметінде жұмсағанда, сын есімге тіркеспейді. Керісінше, күшейту үстеулері (өте, аса, тым, тіпті, керемет, орасан, ересен, т.б.) сын есімге еркін, тіркесе бергенімен, олар зат есімдерге тіркеспейді. Сөйтіп, септеулік шылаудың сын есімге тіркеспей, зат есімге еркін тіркеспеуі, сондай-ақ, сапалық үстеулердің сын есімге тіркесіп, зат есімге тіркеспеуі бұл екі сөз табының - зат есім мен сын есімнің синтаксистік жағынан бір-біріне ажырайтын ерекшеліктері болып саналады [15, б. 112]. Егер де екі я одан да көп жалаң сапалық сын есімдер бір-бірімен қабаттасатындай болса, олар бірін-бірі анықтамайды да, біріне-бірі бағынбайды да, әрқайсысы өз тұстарынан тікелей зат есімге қатысты болады, демек, өздерінің қатыстары бар зат есімді анықтайды. Мысалы: Ызғырық суық сұр бұлт, Аспанды тегіс қаптаған (Б.Маилин) Ермек оқтай түзу, ұзын, биік, кең жолмен келеді (Ғ.Мұстафин). Алғашқы сөйлемде суық және сұр деген сапалық сын есімдер біріне-бірі бағынбай, әрқайсысы тікелей бұлт деген зат есімді әр тұрғыдан анықтап тұрғаны сияқты, екінші сөйлемдегі түзу, ұзын, биік, кең деген сын есімдер де бір-біріне бағынбай, жарыса жол деген зат есімідәр гүрлі сипатын білдіріп тұр. Сып есімдер заттың әр алуан сыр-сипаттары мен белгілерін тікелей де басқа заттардың қатынастары арқылы да білдірді. Осындай жалпы сипаттарымен байланысты, сын есімдер симатикалық мағыналары мен грамматикалық ерекшеліктеріне қарай, сапалық (негізгі) сын және қатыстық (туынды) сын деп аталатын екі салаға бөлінеді. Бұл сындардың қай-қайсысы болса да қандай? қай? (қалай?) деген сұрақтарға жауап берәді. Сапалық сын есімдер деп мағынасы жағынан заттың әр алуан сыр-сипатын, атап айтқанда, түрі мен түсін (ақ, қара, қызыл, көк, сұр т.б.) сыры мен сапасын (жақсы, жаман, тәуір, напар т.б.) көлемі мен аумағын (үлкен, кіші, ауыр, жеңіл т.б.), дәмі мен йісін (ащы, тәтті, ) білдіретін және заттың басқа да қасиет - белгілерін білдіретін сөздерді айтамыз. Әдетте сапалық сын есімдерге ешбір қосымша формаларсыз тұрып-ақ, заттың әр қилы сыр-сипатын білдіретін түбір сөздерді жатқызу салты бар. Бірақ бұл қатиданы үнемі тапжылмайтын қағида деп қарамау керек, өйткені қазіргі кезде түбір сөз сияқтанып көрінетін көптеген формалар тарихи даму Сып есімдер семантикасы сөз болғанда, олардың сапалық, сын есімдер және қатыстық, сын есімдерге ажыратылатындығы айтылады. Олар бір-бірінен, бірінші кезекте, құрылымы мен мағынасы жағынан ерекшеленеді. Сапалық, сын есімдер қосымшасыз тұрып, семантикасы жағынан тікелей заттың, сынын білдіреді. Сапалық, сын есімдердің морфологиялық сипаты - шырай қосымшаларымен, тұлғаларымен түрлене алуы. Сапалық, сын есімдер негізінен түбір сөздер болып келеді. Егер семантикалық талдауды негіз етіп алатын болсақ, онда сын есімдерді сапалық / қатыстық деп болу «таза» семантикалық жіктеу бола алмайды. Сын есімдерді сапалық және қатыстық деп бөлуге семантикалық жағының әсері барлығы анық дегенмен мұнда семантика-морфолоғиялық принцип негізге алынған. Сондай-ақ оларды ажыратуда шырай қосымшаларын қабылдау, қабылдамауын негізгі өлшем етіп алу орынды, алайда кейбір қатыстық, сын есімдердің де шырай көрсеткштерімен түрленетіндігін ескерген жөн. Мысалы, ақылды, ақылдылау, ақылдырак,. Тіл мен оның жекелеген элементтерінің әрқашан даму үстінде болатындығын ескерсек, қатыстық сын есімдерің семантикалық өзгеріске ұшырау салдарынан сапалық сипатты, мәнді біртіндеп білдіру нәтижесінде сапалық сын есімдерге ауысуы заңды болып табылады.
C.Исаев мұндай сын есімдердің шырай формаларымен түрленуін олардың қатыстық мәнді ғана білдіруімен шектеліп қалмай, екінші бір заттың сапалық сипатын білдіруге ауысқандығымен байланыстырады… Г.О.Сыздықова сапалық сын есім мен қатыстық сын есімдердің үш түрлі ерекшелігін көрсете келе, сапалық сын есімдерге семантикалық талдау жүргізгенде қатыстық сын есіммен салыстырғанда бір семантикалық элементінің кем болатындығын көрсетеді. Мысалы, жақсы сөзінің семасы: ішкі қасиетті; жағымды эмоцияны; сапаны көрсетеді. Жақсы төсек, тәтті ас жоқ, Жан қадірін білмеген (Абай). Қатыстық сын есімдердің мағынасы көлемі жағынан сапалық сындарға қарағанда кең. Оған туынды сөздің семантикасына түбір морфема мағынасының ықпалы болады. Мысалы: Балалы уй - базар (мақал) дегенде балалы сөзінде мынадай семалар бар: 1) бала; 2) бар екендігі; 3) жағымды; 4) нақтылы екендігі; 5) сандық мағынаның бірден көлтігі. Сапалық сын есімдерге «иелік» сема байкалмайды. Сапалық сын есімнің сынды тікелей, ал қатыстық сын есімнің сынды екіншісөзге қатысты, сөнымен «байланысып» білдіретіндігі осымен түсіндіріледі. Біз
сапалық сын есім дегенде таза семантикалық өлшемге сүйенбей, тек түбір сын есімдерді ғана шартты түрде бөліп алдық. Бұл - біріншіден, сөздердің санын шектеп алуға, екіншіден, семантикалық талдауда бірізділік болуын ескергеннен жасалған қадам [17, б. 132]. Қорыта келгенде, зат есімдерде денотаттық мағына объективті шындықтағы заттардың субъективті бейнесі ретінде негізгі белгілерді қамтыса, сын есімдердің днеотаттық мағыналыр айқын болмайды, себебі сын-сапа екінші сөзбен салыстырғанда айқындалады. Сын есімдердің лексикалық мағынасының құрамында идеалды денотат болғандықтан олар көп мағыналы сипатқа бейім келеді. Құрылымы жағыан сапалық сын есімдер етістіктерге сәйкес келе алады, олар «атау» қызметін атқармай, қатыстық мағынаны білдіреді. Сапалық сын есімдерде заттың түсін, ішкі қасиетін, табиғи күйін білдіретін мағыналық элементтермен бірге, оған баға беру, айтушының көзқарасын көрсететін реңктер де қамтылады. Сапалық сын есімдер семалық талдау арқылы жалпылауыш семеларына қарай он тоғыз топқа топтастырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет