Дипломдық ЖҰмыс 7М011700 «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті»


Сын есімді оқытуда ойын элементтерін қолдану



бет9/15
Дата24.04.2023
өлшемі60,9 Kb.
#85941
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
Сын есімді оқытуда ойын элементтерін қолдану

Грамматикалық тақырыпты оқыту барысында студенттердің тілін дамытуы дегеніміз тіл білімінің теориялық заңдылықтарын оқытумен тіл дамыту жұмыстарын тығыз бірлікте жүргізу. Сын есім сөздері – бай синонимикалық жүйесі бар, құрылымы мен семантикасы жағынан түрлілігі мен икемділігі мол сөз табы. Сын есім сөздердің стилистикалық бояуын, бай семантикасын, сөйлемдегі қызметін, контекстік мәнін оқыту – берілген грамматикалық тақырыпты оқыту барысында студенттің сөйлеу тілін дамытуда қазақ тілі заңдылықтарының ішкі мүмкіншілігін барынша мол пайдалануды белгілейді. Сын есім сөздер - зат есім мен етістіктен кейінгі қарымы да


есесі де мол сөз табы (А.Ысқақов). Сын есім сөздердің морфологиялық құрылымын таныту процесін олардың лексикалық мағыналары мен синтаксистік қызметтерін танытумен байланыстыру - студенттердің сөздің жан-жақты қасиетін тұтас бірлікте ұғынып, сол арқылы сөзді қолдана білу дағдыларын дамытуға, қалыптастыруға үлкен жағдай жасайды. «Сын есім деп заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін, салмағын, түсін /түр-реңін/ және басқа сол сияқты сын-сипаттарын білдіретін лексика-грамматикалық сөз табын айтамыз.»
Сын есімді мынандай жүйеде түсіндіруге болады:
1. Сын есім туралы жалпы түсінік, оның сөйлемдегі қызметі.
2. Сын есімнің түрлері.
3. Сын есімнің шырайлары.
4. Сын есімнің жұрнақтары.
«Сын есім» сөздерді оқыту барысында студенттердің тіл дамыту жұмысын ұйымдастыру үшін, оның лингвистикалық негізінің, сын есім сөздердің теориялық негізіне көлемді шолу жасап, сонымен қатар, тіл дамытуда аса қажетті сын есімдердің
стилистикасы мен синонимиялық қатарлары туралы, тіл мәдениеті туралы мәліметтерге сүйенеміз.
Тілдің даму барысында көптеген сөздер сияқты түр-түс атауларының да белгілі бір грамматикалық заңдылықтарға бағынатынын, әр түрлі топқа бөліп кететінін айтамыз. Түр-түс атауларының көп мағыналығы туралы синонимдік, омонимдік, антонимдік қатар құрайтындығы туралы ескертіп, мысалдармен дәлелдейміз: Ақ орамал – орамалдың анық, нақты түсін білдіріп тұр. Ақ көңіл – адам көңілінің пәктігі. Ақ ниет – көңіл тазалығы. Қара жүрек – адам жүрегінің қаралығы. Қара қарындаш –қарындаштың нақты түсі т.б. Сөз таптарының қай-қайсысын да оқыту барысында студенттің дүниетанымын қалыптастыруға болады. Соның ішінде, біздің тоқталатынымыз – сын есімді оқыту арқылы студенттердің ұлттық танымын кеңейту. Студент тілдегі заттың сынын білдіретін сөздер туралы түсінік алады. Сынды білдіретін сөздер студенттерге таныс заттардың түр-түсін, сапасын білдіретін сөздерді тіркестіріп айту арқылы түсіндіріледі. Мысалы: шөптің түсі, қардың түсі, алманың дәмі, ағаштың биік болатындығын ұғына бастайды. Сонымен қатар, сын есімді оқыту барысында ойын элементтерін де пайдаланған өте тиімді. Ойын түрлері сабақ үдерісін жандандырып, тілді үйренуге деген қызығушылықты арттырады. Сонымен ойындардың басты қызметі – шынайы, дайындықсыз сөйлеуге қажетті ахуалды туғызу. Тіл үйренушілер сөйлеу жағдаятына ене отырып, тілді қатынас құралы ретінде пайдалануға ұмтылады. Ойын элементтері студенттердің сабақта алған білімдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру және олардың ынтасын үздіксіз арттырып отыру үшін де ойын элементтерін кірістіріп отырудың орны ерекше. Әр ойынның өз реті, жөні бар. Сондықтан әрбір сабаққа қандай дидактикалық ойын қолдануға болатынын осы сабақтың мазмұнына, мақсатына сәйкес таңдап алған жөн. Жаңа тақырыпты түсіндіргенде, өткен сабақты қайталайтын кезде, тіпті сабақты пысықтау-қорытындылау кезінде де ойын элементтерін қолдануға болады. Мынадай ойын элементтерін жүргізуте болады: «Әр ойын, әрі оқу», «Ойлан тап», «Жұмбақ карточка», «Әріп таңдау». Жоқ әріпті таңдап жазу – «Жоғалған әріп» ойын түріне жатады. Ойнай отырып студент бірнеше сөзді өзінің сөздік қорына жинап отырады. Сын есімдерді оқытқанда заттың өзіндік белгілерін тануға жетелейтін түрлі әдіс- тәсілдерді қолдану керек. Бұл ретте И. Хасанованың «Сұрақ-жауап әдісін қолданғанда, әсіресе, риторикалық сұраулар қолданғанда балалар бойында белгілі танымдық көкжиек пайда болып, санаға күш түсіп, бала ойлануға мәжбүр болады да, мұнда концептілік, яғни тұтас ойлау үрдісі жүреді» [5,38-б.], – деген пікір өте орынды деп есептейміз.
Сын есімдерді ұлттық танымдық санамен байланыстыра меңгерту арқылы студенттер сын есімдерді ажырата отырып, сындық белгілердің қандай зат, құбылыстарға қатысты екендігін де түсінетін болады. Сөйтіп, студент сындық ұғымды білдіретін сөздерді танымдық тұрғыда меңгереді, тілдік бірліктер арқылы қоршаған ортаның, заттар мен құбылыстардың өздеріне тән сапасын, түрін, түсін, көлемін, дәмін, иісін, т.б. ерекшеліктерін түсінеді. Студенттер заттар мен құбылыстарды сындық белгілерін тілдік бейненің бір бөлшегі ретінде меңгертуге ерекше назар аударылуы қажет. Ол үшін студенттер заттар мен құбылыстардың өздеріне тән белгілерін, қасиеттерін көрсетіп сын есімдерді қарапайымнан күрделі ұғымдарға дейін түсінетіндей етіп меңгерту мақсатында жұмыстар жүргізілуі тиіс. Мысалы, қазақ халқына тән белгілер немесе қазақ қандай халық? деген сұраққа студент қонақжай, кішіпейіл, бауырмал, өнерпаз, шешен деп жауап береді. Ұлттық танымды білдіретін сындық ұғымдарды түсіну, олардың когнитивтік белгілерін айыра білуге үйрету оқушыларды ұлттық рухта тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Сондықтан сын есімді когнитивті оқыту оларда ұлттық мінез, таным қалыптастыруға ықпал етеді. Мысалы, адам сөзіне қатысты сын есімдер: бауырмал, туысшыл,әңгімешіл. Олардан сөз тіркестерін құрастырту. бауырмал бала, туысшыл адам, әңгімешіл ата. Сөз тіркестерінен сөйлемдер құрастырту. Әсет – бауырмал бала. Айгүлдің ағасы-туысшыл адам. Дәуреннің атасы – әңгімешіл адам. Осылайша адамға қатысты сын есімдерді сөз, сөз тіркесі, сөйлемдер түрінде айтқызғаннан кейін, осы сын есімдерді қатыстырып мәтін құрастырту, яғни тілдік бірліктерді шығармашылықта қолдану олардың ойлауын жетілдіреді. Сын есімді меңгертуде тек қана сөйлемдердегі сын есімдерді табу, сұрақ қою секілді бір сарынды жұмыстармен шектелмей, оқушылардың ұлттық танымын кеңейтетін, олардың ойлау белсенділіктерін арттыратын тапсырмалар жүйесін пайдаланған тиімді. Мысалы, ақ, сұр, қорқақ немесе қызыл, қу сын есімдерді аңның қандай түрлеріне байланысты айтылатынын сөз тіркестері, сөйлемдер, шағын мәтіндер құрастыруға дейін күрделендіру студенттердің қызығушылықтарын арттырып, тақырыпты жеңіл меңгерулеріне мүмкіндік береді. Сонымен ойын элементі де тіл дамыту жұмысының келелі бір саласы болып табылатыны сөзсіз. Сын есім тақырыбын өткенде сөзжұмбақтарды , ребустарды қолдану да сабақтың қызықты өтуіне себебін тигізеді. Оқу үдерісінде оқытушылар тіл үйренушілердің грамматика, лексиканы жақсы меңгеріп, мәтін мазмұнын түсініп, айтып бере алғанмен, еркін, өз бетінше сөйлей алмайтындығын айтып жатады. Мұның себебі - сабақта әр түрлі Ойынды өткізу үшін тіл үйренушілердің психологиялық дайындығын қалыптастыру маңызды компонент. Тіл үйренушілер ситуацияны толық қабылдап, өзін еркін сезінуі қажет. Кейбір тіл үйренушілер қозғалыс еркіндігіне ие болуы қажет. Ойынды өткізу кезінде оқытушының да рөлі өзгереді. Ол тіл үйренушілермен кейбір рөлдерді орындайды. Ойын кезінде қатені түзеуден, аударудан бойды аулақ ұстау қажет. Сабақта қолданылатын ойындардың түрлері өте көп. Мысалы: 1)өзара сөйлесуте жаттықтыратын ойындар, 2)грамматикалық дағдыны қалыптастыратын ойын түрлері, 3)сөйлеу практикасына арналған ойындар. 1) Жоғалған заттар бюросы. Бюро қызметшісі мен ойынға қатысушылар әртүрлі заттардың суреттері бар карточкалар алады. Бұл - олардың жоғалтқан заттары. Ал бюро қызметкеріне әр түрлі заттардың суреттері жапсырылған плакат ұсынылады. Дайындықтан кейін қатысушы бюроның терезесіне келіп, қызметкермен сөйлеседі. Мақсат: өз затын толық сипаттау, белгілерін атау, қызметкердің сұрақтарына жауап беру. Қызметкер заттың түсін, көлемін (үлкен, кіші), неден жасалғанын сұрайды. Сипатталған затты өзінде бар заттармен салыстырады. Егер олар сәйкес келсе, іздеушіге береді. Бюрода болатын заттардың бірнешеу болғаны дұрыс. Мысалы: 3 қолғап, 2 сөмке. Қызметкер рөлін мұғалімнің өзі ойнай алады. 2)Барлық қатысушылар айнала тұрады. Ойынды оқытушы бастайды. Ол былай деуі мүмкін: «Кеше мен көшеде біреуді кездестірдім». Қатысушылар кім екенін анықтауға тырысады: «Сіз менің анамды кездестірдіңіз», Мақсат: болжам, белгілерді айтып, қатысушыларды қызықтыру. 3-4 фразадан кейін жұмбақтың шешімін айтып, жаңа адамды жұмбақтауға кірісу. Мақсат: өткен шақтың жасалу жолдарын бекіту. Ойынның әр түрлі нұсқалары болуы мүмкін. Мысалы: Мен кеше бір тамақ жедім. Кеше мен бір кино көрдім. 3)Кім ең жүйрік. Ойынға қатысушылар сөздер жазылған слайд қарап, сол сөздерге жылдам сөйлем құрастырулары керек. Бірінші аяқтаған қатысушы жеңімпаз атанады.
4) «Ең ақылды». Слайдта әр түрлі сұрақтар беріледі бір студент тақтаға шығып, кім көбірек жауап берсе, әрі нақты болса, сол студент бас бәйгеге ие болады. Әрбір топта бір немесе бірнеше ойын түрлеріне қатыспай отыратын студенттер де кездеседі. Бұл жағдайда алдымен сол студентке жеке сұрақ қойып, оған жауап беру арқылы ойынды
қандай деңгейде меңгергендігіне көз жеткіземіз. Кез келген технологияның түпкі мақсаты қойылған мақсатқа тиімді және нәтижелі жету болып табылатыны да белгілі. Осыған орай қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытуда ерекше орын алатын ойын арқылы оқыту технологиясында техниканы пайдалануды атауға болады. Ақпараттық кеңістіктің дамуы мен қарқынды етек жаюы тілді оқытуда осы ақпараттарды таратушы құралдарды тиімді қолдануға жол ашып отырғаны да белгілі. Қазіргі өмірді
техникасыз елестету мүмкін емес. Техниканы пайдалану және оны іске қосу әрекеті әрине оңай. Ал сол техниканы білім алу жүйесінде қаншалықты ұтымды қолдануға болатыны мен оның әсіресе қазақ тілін үйренуші үшін тиімді құрал ету жолдарын іздестіру бүгінгі күннің кезек күттірмейтін мәселесі болып табылады.
Қорыта келгенде ойын элементтерін сабақ барысында пайдалану студенттердің тілін дамытады, өмірдің сан алуан саласында қарым-қатынас жасау керектігін үйретеді, қазақ тілінде сөйлей білу қабілетін жетілдіреді. Қазақ тілі сабақтарында ойын элементтерін компьютерлік кешендерді ұтымды қолдану студенттің болашақ маман ретінде мемлекеттік тілді тиімді және ұтымды меңгеруіне бірден-бір септігін тигізері
Сын есімді оқытудың тиімді жолдары.
1. Сын есім туралы түсінік сабағы
2. Жаттығу-талдау сабағы
3. Негізгі және туынды сын есім
4. Дара және күрделі сын есім
5. Сапалық, қатыстық сын есім
6. Сын есімнің шырайлары
7. Жаттығу-талдау сабағы
8. Сын есімнің емлесі
9. Сын есімнің сөйлемдегі қызметі
10. Сын есімнің заттануы
11. Лексикалық талдау
12. Сын есімге байланысты шығармашылық жұмыс сабағы
13. Жарыс сабақ (бекіту сабағы)
14. Диктант (бақылау жұмысы)
Сын есімді оқытуға VI сыныпта 17 сағат берілген. Оларды төмендегі жүйемен оқытып жүрміз. Төменгі сыныптарда сын есім туралы түсініктеме беріліп, онда заттың түрін, түсін, сипатын білдіретін сөздер есебінде және негізгі, туынды түрлері мен сын есім жасайтын жұрнақтары туралы қысқа мәліметтер беріледі. Ал VI сыныпта сын есім туралы толық мағлұмат алып меңгеруі керек. Сын есім табиғи жағынан зат есіммен біте қайнасып қолданылатын сөз тобы екені, зат есімнің алуан түрлі сындық қасиеттері бар бұлардың өз ішінде бірдей болмай, әр қилы грамматикалық тұлғаларда қолданылатыны аңғартылады. Жазылу емлесі, тұлғалық ерекшеліктері терең үйретіле отырып, сонымен қатар сын есім әдеби тілдің, көркем әдебиеттің де мәнерлі өзегі болып табылатыны танытылады, мысалдар келтіріледі.
Бірінші сабақ
Сын есім туралы түсінік
Сабақтың танымдылық мақсаты: бастауыш сыныптарда өткен материалдардың есте қалғандарын естеріне түсіре отырып, сын есімгеберілген анықтамаға талдау беру арқылы әдебиеттік оқумен байланыстыра меңгерту.
Тәрбиелік мақсаты: мысалдар арқылы сын есімді меңгерте отырып, әсемдік талғамдарын ұштай түсу. Сын есім өмірде көп қолданылатыны, онсыз көркемдік, әсемдік жоқтығын айтып, байқағыштыққа тәрбиелеу.
Сабақта қолданылатын әдістері: түсіндіру, көрнекілік арқылы салыстыру, талдау-жинақтау, оқулықпен жүмыс, жаттығу.
Сабақтың барысы. Сабақтың кіріспесі есебінде М. Мақатаевтың «Қайырлы таң» өлеңі алынады.
Қайырлы таң, жомарт жерім, ер жерім,
өзендерім, көлдерім!
Қайырлы таң, кермиығым, кең далам,
қүба жонды белдерім!
Орманым да шуламай,
Суларым да туламай,
Ақ басты ата-тауларым да жыламай
Үйқысынан оянды,
Бәрісі де таң нұрына бояулы.
Айдын көлде асыр сап жүр қаз, ақку,
Ақ таңымен амандасып қазақтың
Қайырлы тан, ашық аспан, ақ аспан,
Ай, Шолпаным, жұлдызым! - деп, өленді мәнерлеп оқып, ақынның туған жерге деген сезім, сүйіспеншілігін аңғарта отырып, өткен сабақтарда өткен зат есімді таптыртып, сол заттың түрін, түсін, көлемін, сипатын анықтайтын сөздер туралы айтылып, өленнен іздеттіремін. Өлеңнен сын есім сөздер табылғасын ережесін шығарамыз. Осындай заттың сынын, сипатын, түрін, көлемін, сапасын, дәмін білдіретін сөздер сын есім деп аталады. Ол қандай, қай деген сұрақтарға жауап береді. Енді оқушыларға мысал ойлатамын. Оны өзіміз отырған сынып бөлмесі арқылы практикалық жолмен меңгертуге болады. Таза, кең, жарық бөлме, ақ бор, жасыл тақта, жаңа кітап, ұқыпты оқушы, жақсы жолдас т. б.
Енді осындай түрлі сындық белгіні білдіретін сөздерді мағынасына қарай бөліп айтсақ дей келе таблица көрсетіледі.

Сын есім түрлері

Мысалдары

1. Заттың түрін, түсін білдіретін сөздер



ақ, қара, көк, қызыл, құла ,
күрең, құба, жирен, боз

2. Заттың аумағын, салмағын
білдіретін сын есімдер

ауыр, жеңіл, үлкен, кіші, кең,
тар, алыс, жақын

3. Заттың дәмін, иісін т.б.
белгілерін білдіретін сөздер
4. Заттың сипаттары мен сапасын
білдіретін сын есімдер

ащы, тұщы, қышқыл, кермек,
тәтті
жақсы, әдемі, ескі, мықты, күшті

Таблица арқылы мағыналық түрлері, белгілері түсіндіріліп болғасын жаңа сабақты бекіту мақсатында тақтаға мысалдар жазылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет