1.1. Қазақ тілінің жазба жұмыстардың маңызы. Оқушылардың алған білімін жиі және жедел тексеруде қысқа мерзімді жазбаша жүмыстардың үлкен мәні бар. Бұл жұмыстардың құндылығы жоғары, өйткені оны өте жиі жүргізуге болады. Алай жаңа материалды игеру жоспарына кедергі келтірмеу керек. Бұл жұмыстың нәтижелілігі сол, оқушы біліміндегі олқылықтарды анықтауға
мүмкіндік береді. Негізінен, мұндай жұмыстарда формулаларды, ереже немесе теоремаларды игеру және бекіту деңгейін жүргізген абзал. Мұның нәтижесінде оқушылар теориялық материалдарды дер кезінде оқып үйренеді және үй тапсырмаларын жүйелі орындауға дағдыланады. Осындай «лездеме-жұмыс» қазақ тілі пәнінің қай бөлімін өткізгенде де жүргізіледі. Сондықтан оқушылар бұған қай мезгілде де дайын болуы тиіс. Тәжірибе көрсетіпп отырғанындай, «лездеме-жұмыстар» кезінде оқушылардың басым бөлігі жақсы және үздік бағалар алады.
«Лездеме-жұмыстар» оқушылардың терең әрі нақты білім алуына, сондай-ақ білім алу барысында жіберілген олқы тұстарын тез арада анықтауға мүмкіндік беретін басты құралдардың бірі болып табылады. Егер мұғалім мұндай жұмыстарды жеткілікті әрі жедел жүзеге (асырған жағдайда үлгірмеушілікке жол бермейді. Енді біз осы жұмысты ұйымдастыру мәселесіне қысқаша тоқтала кетейік. Тәжірибе дәлелдегендей, «лездеме-жұмыстар» сабақтың соңында оған қалдырылған 8-20 минут аралығында жүргізілгені тиімді. Жұмыс екі нұсқада беріледі. «Лездеме-жұмысты» бастамас бұрын оқушылардан парта үстінде ештене қалдырмауы сұралады, содан соң ғана мәтіндері жазылған карточкалар мен дәптерлер таратылады. Біздегі жұмыс мәтіндері сыныптар және тақырыптар бойынша нөмірленген және әрбір нөмір 20 дананы құрайды. Бұл тұтас сыныпта екі нұсқаны қолдануға мүмкіндік береді. Оқушыларға таратылған дәптерлерде «бірінші нұсқа» немесе «екінші нұсқа»
деген жазу болады. Бұл оқушы дәптерде жазылған нұсқаны орындауға міндеттейді.
Оқушы дәптерді алған соң оны ашпай партасына қояды. Тек оқушылардың жұмысқа әзірлігі тексерілгеннен соң олар дәптерлерін ашып ай, күнін және жұмыс тақырыптарын жазуға кіріседі. «Лездеме-жұмыстарды» әр оқушы әр түрлі жылдамдықта орындайды. Бірақ біз тапсырманы орындаған оқушының жұмысын сол мезетте алып сыныптан босатуды дұрыс деп санамаймыз. Біріншіден, тапсырма орындаған оқушы өз жұмысын бірнеше рет қайта тексеруге үйренеді, екіншіден, сабақ кезінде тысқа шығып кеткен оқушының Сауатты жазуға үйретуде мұғалім мынадай жұмыстарды жүргізеді: сөздің не сөйлемнің мағынасын түсіндіріп барып оны оқушыларға жаздырады; сөзді дұрыс айтуға, ұқыпты жазуға машықтандырады; түбірлес сөздерді табу, сөз тіркестер арқылы сөйлем құрастыру, ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыру; дыбыстық талдау жасау, сөздік жұмысын жүргізу; сауатты жазу дағдысын қалыптастыру т.б.
3. Жазуға байланысты жүргізілетін жаттығулар көруге, естуге және орфографиялық тапсырмалар бойынша жүргізіледі. Олардың негізгі түрлері: грамматикалық-орфографиялық талдау, көшіру түрлері: механикалық көшіру, есте ұстау арқылы көшіру, еркін көшіру; грамматикалық тапсырмаларға байланысты көшіру; бақылап көшіру; диктант жүргізу, оның түрлері: ескерту диктанты, іріктеу диктанты, түсіндіру диктанты, шығармашылық диктант, ерікті диктант, бақылау диктанты.
4. Оқушылардың орфографиялық дағдысын қалыптастыру жұмысы 4 кезеңнен тұрады: бірінші кезеңде материал мұғалімнің көмегімен тақтада талданады, ереже бойынша жазылған сөздер табылады, бұл дағдыны бекітудің алғашқы сатысы. Екінші кезенде дайын мәтін беріліп, оқушылар ережеге сай келетіндерін табады. Бұл кезеңде көптеген жаттығулар жүргізіледі және бұл кезең - орфограмманы білу кезеңі деп аталады. Үшінші кезең - орфографиялық дағдының автоматтана бастау кезеңі. Мұнда
оқушылармен грамматика- орфография тапсырмалар, түрлі көшіру, шығармашылық жұмыстар, диктанттар жүргізіледі. Келесі кезең қалыптасқан дағдыларды жетілдіру кезеңі. Бұл кезеңде жазылуы бірыңғай сөздерді байланыстырып, оларға тән ортақ заңдылықты, жалпылықты анықтау; түбірлес сөздерді табу, сөздердің синонимін, антонимін табу, омоним сөздерді табу, диктанттар жазу жұмыстары жүргізіліп, өтілген ережелер бойынша дағдылар толық қалыптасады.
5. Оқушылардың орфографиялық не пунктуациялық сауаттылық дағдыларын қалыптастыруда сезім анализаторларының барлығы да: есту де, көру де, қол қозғалысы да қатысуы керек және оқушылардың іздегенін ойы- есін, қиялын т.б. таным қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ олардың ауызша, жазбаша тілін дамытуға көп күш салу қажет.
6. Оқушылардың білімін бағалауда бақылау жұмыстары жүргізіледі. Бақылау жұмыстарына мынадай талаптар қойылады: бір тақырып аяқталғаннан кейін бақылау жұмысы жүргізіледі; тек соңғы ереже ғана емес, бұрынғы өтілуен ережелер де қамтылады; бақылауға мәтін не жеке сөйлемдер алынады.