Дипломдық ЖҰмыс 7М011700 «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті»



бет6/15
Дата24.04.2023
өлшемі60,9 Kb.
#85941
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
II Тарау Сын есімдерді оқыту


2.1. Мәтіннің стильдік ерекшеліктерін анықтауда сын есімді қолдану әдістері
Заттың сынын білдіретін сөздер деген тақырып оқушының сын есім туралы бұрын алған түсінігін кеңейтіп түсіндіруге арналған. Мұнда сын есімдерді жікке бөліп таныту, сын есімдерді зат есімдермен дұрыс тіркестіре білу, негізгі, туынды сын есімдерді айырту талабы қойылады.
Сын есімді оқытқанда оған объекті болатын сөздері мол текстерді пайдаланған жақсы нәтиже береді. Мысалы:
Гүлдер, гүлдер, шоқ гүлдер,
Қызыл гүлдер, көк гүлдер... сияқты тексті алдық дейік, сонда осындағы гүлдер сөзіне қандай сұрақ қойылады? Ол қандай есім? Қандай тұлғада? деген сұрақтарға жауап алғаннан кейін, екінші қатардағы гүлдер деген сөздің екі жерде екі түрлі сыны айтылғанын оқушы аңғаратын болсын, соларды салыстырсын, қызыл, көк сөздері заттың түсін білдіретін сын есімдер екенін айтсын. Сол мысалдағыдай басқа сындар мен заттар қатарын, оқушының өзі-ақ құрастыра алады. Заттардың түсін білдіретін тағы қандай сөздерді білесіңдер? деген сұраққа мүдірмей дұрыс жауап қайыра білген оқушы оған дейінгі сабақты дұрыс түсінген дейміз. Ойланбай, сөздердің мағыналық байланысына қарамай, кез келген затпен кез келген сын есімді тіркестірудің дұрыс еместігіне оқушының көзі жетсін. Сонда ғана керекті сөздер дегеннен басқа да сын есімдерді оқушының өзі затпен тіркестіріп айта алады.
Үлгі бойынша берілген сын есімдерді оқушылар зат есімдерге қатыстырып айтуға тиіс. Тиісті зат есімдерді оқушылардың өздері атайды. Олар нақты заттар болғаны дұрыс. Сонымен, сол сын есімдер тіркесе алатын да, тіркесе алмайтын да заттар болатынын бала білсін. Мысалы, семіз қой, семіз сиыр деуге болады, ал семіз ағаш, семіз кітап деуге болмайды, жуан ағаш, қалың кітап дейміз. Осындай баланың да күлкісін келтіретін оғаш мысалдарды айтудан қашпау керек. Мұндай мысалдар ойшыл, сезімтал, талғампаз болуға итермелейді. Сондай-ақ балалар екі затты салыстырып – қалың кітап, жұқа кітап, кішкене кітап, үлкен кітап, үлкен кесе, кіші кесе сияқтыларды айтуы мүмкін. Олар дұрыс болғанмен, баланың затқа тән көп сынының қайсысын бұрын айтып, оны дұрыс тани алуында үлкен мән бар. Сондықтан салыстырған екі затты атағанда, жұқа, қалың кітап, үлкен, кіші кесе дегені – ең дұрысы. Сын есімдерді сұраққа қарап танумен қатар, заттың түсін, тамақтың дәмін білдіретін мағыналық тобын айыруымыз керек. Сын есімнің мағыналық тобын сөйлем ішінде танып, бірін екіншісінен айырып, жеке сөйлемдерді көшірту қажет.
Зат есімдерге қатысты болатын сын есімдерді, сын есімге қатысты зат есімдерді таптыру, оларды тіркестіре білуге үйрететін жаттығулар жүргізу тиімді. Сондай-ақ жаттығулардың ерекшеліктерін ескере отырып, балаға сын есімдердің қызметі заттардың сындық-сапалары болу екенін білдіру керек. Бұл класта туынды сын есім туралы бастапқы мағлұмат берілуге тиіс. Сондықтан бірер қосымшалар арқылы жасалған туынды сын есімдерден түсінік беріледі.
Мәтін - өте күрделі тілдік құрылым. Осы құрылымды айқындайтын басты белгілері - жүйелілік және тұтастық. Мәтіннің тұтастық категориясы сол мәтінді ұғынып, мәнін түсінгенде ғана пайда болатын, оның логикалық жағымен тығыз байланыста болса, ал оның жүйелілігі күрделі бірліктерді құрайтын тілдік құралдардың белгілі әдіс-тәсілдерімен ұйымдасуынан көрінеді [1, 73 бет].
Мәтін ғылыми тұрғыда сұрыпталған, өңделген болуы тиіс. Сабаққа қолданылатын мәтін тыңдаушының психофизиологиялық ерекшелігіне бейімделініп немесе бейімделмей де алынуы мүмкін. Мәтінді сұрыптағанда мынадай факторлардың кешенді жүйесін ескерген жөн: магистранттардың мамандығы бойынша актив сөздер мен түсіндірме терминдердің ауқымы; лексико-грамматикалық материалдың ерекшелігін қамтамасыз ету; мәтіннің қиындық деңгейін анықтау критериі: контекстік көркемдік пен жанрлық шектеулік; тақырыптық принцип; мәтіннің композициялық-мәндік құрылымы мен стилі. Сондай-ақ, мәтін мазмұнын түсіну, оның ішіндегі негізгі және жанама ойдың бөліну заңдылығын айыра білумен айқындалады. Сондықтан, тілді оқытып, үйретудің кез келген кезеңінде оқытушы магистранттарға оның құрылымдық әлементтерінің қайсысы негізгі, қайсысы қосымша ойды беріп тұрғанын түсіндіріп, көрсеткені дұрыс. Мәтінді толық және дәл ұғыну оның ішіндегі сөздердің мән-мағынасын түсініп, білуге де байланысты. [2, 126 б]. Әрбір тақырыптық мәтіндердің соңында сөздік материалы берілуі тиіс. Және де бұл сөздер талданып, магистранттардың арнайы дәптерлеріне жазылуы қажет. Қандай мәтін болса да, алдымен оның мазмұнын түсіну «Мәтін» деген ұғым тек тілдік жағынан құрастырылған және әдеби шығармаға ғана тән болады, алайда оның бөліктеріне, айтарлықтай дербес көзқарасты микромәтінге қолданылмауы мүмкін. Тек сондай мәтін, оның тарауы, бөлімі, параграфы, мәтін кіріспесі, қорытындысы, тағы басқа туралы айтуға болады.
Негізінде мәтін қабылдауды қамтамасыз ету тілдік және графикалық бірліктермен, жалпы білім қорымен, басқаша айтқанда «коммуникативтік аямен» мәтін жасамның жүзеге асу жолдарымен және оны түсіндірумен байланысты жүзеге асады. Сондықтан қабылдау прессуппозициямен (прелат:pral -алда, supposition - болжам, презумпиция ) тығыз байланысты. Прессуппозиция бұл сөзбен білдіре алмайтын, мәліметті қабылдаушының санасында болатын барлық мәліметтерді және одан тыс жатқан, алайда оларды дұрыс және жеткілікті түрде түсінуге кепілдік беретін мәтіннің мағыналық компоненті. Пресеуппозиция бұрынғы өткен мәтінді оқығанда пайда болатын немесе тіпті мәтіннен тысқары, мәтін құраушының тәжірибесі мен білімнің нәтижесінен туындауы мүмкін. Мәтпіді толық түсініп қабылдау үшін «мол мәдениетті контекст» керек, ол жазушы мен оқырманның жалпы білім қорын құрайды.
Мәтін «байланысу, бірігу» деген мағынаны білдіретін сөз. Ол сөйлегенде, жазғанда пайда болады да, қажетті бір тұтас ойды аяқтайды. Мәтіннің тақырыбы болады. Мәтін сөздерден, сөйлемдерден, абзацтардан тұрады. Мәтін әртүрлі мазмұнға құрылады. Онда оқиғалар хабарланады, баяндалады, әңгімеленеді, құбылыстар сипатталады, суреттеледі. Мәтінге газет-журнал материалдары, өлен шумақтары, оқулықтағы ережелер және әртүрлі тақырыптағы сөйлесулер жатады.
Орыс мектептеріндегі қазақ тілін жүргізу мұғалімдерден көп дайындықты талап етеді. Мұғалімнің еңбегінің табысты болуының қайнар көзі оқушының ана тілі мен қазақ тілінің арасындағы әрқилы ұқсастықтары, айырмашылықтарын есепке ала отырып, соларға негіздей оқытқанда ғана сабақ табысты да тиімді болады. Оқу – тәрбие жаршысының негізі.
Сапалы сабақ оқу тәрбиесінің нәтижесінің нәтижелі болуыла тікелей әсер етеді. Сабақ үстінде оқушының жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызу, сабақтың тақырыбына сай нақтылы міндет қоя білу - ол әр мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Өйткені оқушыларды терең әрі жинақты біліммен қаруландыру, олардың шығармашылық қабілетін, қызығушылық талғамын дамыту, өз бетінше білімін толықтандыруға дағдыландыру сияқты күрделі жұмыстар сабақ барысында қалыптасады. Бұл әрбір мұғалімді ойландырып, жаңаша жұмыс істеуге, жаңа ізденістерге жетелейді. Әрбір мұғалімнін негізгі алға қойған міндеті – шәкірттердің ой-өрісін кенейтуге, биік адамгершшік қасиеттерін өалыптастыру. Тілді оқытып, үйретудің сапасын арттыру әртүрлі жағдайларға байланысты. Орыс мектебінде оқытылатын қазақ тілі пәнінің түпкі мақсаты оқушыларға қазақ тілін менгерту, ойлау кабілеті мен сауаттылығын арттыру, қазақ тілінде сөйлеп, жаза білетін дәрежеге жеткізу, қазақ халқынын әдет-ғұрпын, тарихын танып талаптандыру, тілін құрметтеуге тәрбиелеу, Сонымен қатар Отанды, табиғатты, айналадағы құбылысты, тыныс-тіршілігімен жан-жақты терен таныстыру.
Сабақ өткізу, оқыту барысында өткізілетін ең күрделі жұмыс түрлерінін бірі – сабақта мәтінмен жұмысты ұтымды ұйымдастыру. Мәтінмен жұмыс дегеніміз – сабақта өтілетін әр түрлі жұмыстардын жиынтығынан құралады. Филология ғылымында, атап айтсақ, тіл білімінде, мәтін – таңбаның ауызша ( сөздің ) жүйесі деп таньшады. Сөйтіп, мәтін бір мағынаны бастапқыда коммуникативтік мағынаны білдірген, сондықтан мәтін – коммуникативтік бірлік деп ататады. Мәтін сөзі (латын тілінде textus) «тұтасып кеткен, біріккен мата» деген ұғымды білдіреді. Сондықтан көңіл аударарлық бір жайт, не бірігеді, қалай, не үшін бірігеді деген нәрсені анықтап алу қажет. Қалай дегенде мәтін мағыналық жағынан біріккең жүйелі таңбалық бірлік, негізгі өзіне тән байлаулы және тұтастық қасиетке ие. Ондай жүйелі таңба коммуникативтік бірліктің жоғары денгейі, сондықтан ол әдеби шығарманың толық анықталған мағынасына ие, яғни аяқталған ақпараттық және құрылымдық тұтастық. Бұл бүтін, әрі таңғаларлықтай жат құбылыс. Қомақты билік болғанымен, тұтастық үнемі функционалдык құрылым болып табылады және бұл құрылымда тұтастықтың өз орны бар, Мәтін категорияларының мәндері (мағыналық, құрылымдық, функционалдық, коммуникативтік) әр түрлі болғанымен, бір – бірімен байланыспайды, тек бір-біріне ықпал етеді, ол – аса сапалы түрде құрастырылған тұтастық, Қисындылық пен тұтастық - мәтінге ғана тән қасиет ол тек дербес талдауды қажет етеді. Сондықтан да бұл екеуі мәтін шеңберінде бірін – бірі толықтырады және өзара бірлікте қолданылады: мәтін мазмұнын біртұтас мағына, дәл берілген тілдік құралдар ашады. Сөйтіп, тілдік қисындылық Сонымен бірге мағыналық тұтастық оның көрсеткіші болады. Әлбетте, егер табиғи ситуацияны ескеретін болсақ, мәтін пайда болған кезде айқын мақсатты мағынаны көрсетуді талап етеді. Мәтін теориясында мәтін туралы мәселеге ерекше назар аударып, оны теориялық жағынан саралаудың маңызы зор. Текстология сияқты филология саласының да ерекше қарастыратыны – мәтіннің айрықша формасы.
Лингвистика мәтіннің интонациялық, лексикалық және синтаксистік амал-тәсілдерін, графикалық әріппен белгілеу және пунктуациялық ерекшеліктерін зерттейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет