Дипломдық ЖҰмыс 7М011700 «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті»


Қазақ тілі сабағында мәтінді оқыту түрлері



бет7/15
Дата24.04.2023
өлшемі60,9 Kb.
#85941
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
2.2 Қазақ тілі сабағында мәтінді оқыту түрлері
Тәуелсіз Қазақстанда орта білім мазмұнының жаңаруында оқушының функционалдық сауаттылығын арттырудың маңызы аса зор. Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш – білім және білімді ұрпақ.
Функционалдық сауаттылық – оқу және жазу дағдыларын әлеуметтік ортада қолдану (түрлі құжаттармен жұмыс, банкте сауалнама толтыру, түрлі ақпараттармен танысу), сыртқы ортамен тығыз байланысты орнату және оқушыларды тез әлеуметтенуіне бейімдеу. Оқушылар сыртқы ортада адамдармен, құрбыларымел, канұясымен қарым-қатынас жасағанда оқу дағдысын қолданады, яғни ақпарат алмасу үшін, ақпарат беру үшін мәтінмен жұмыс жабайды. Оқу сауаттылығы - оқушылардың жазба мәтіндерді түсінуі және қолдануы, мәтін барысында ой-толғауы, жаңа білім игерудегі әдіс-тәсілдерді қолдануы, әлеуметтік ортаға бейімделуі. Өзге ұлт мектептеріндегі, атап айтқанда орыс, ұйғыр, украин, неміс мектептерінде қазақ тілі пәнін жүргізу пән мұғалімдерінен өте үлкен дайындықты талап ететіні белгілі.
Мұғалімнің еңбегінің жемісті болуының қайнар көзі оқушының ана тілі мен қазақ тілінің арасындағы әртүрлі ұқсастықтарын, айырмашылықтарын ескере отырып, соны негізге алып оқытқан кезде ана сабақ тиімді, жемісті, табысты болады. Балаларды оқыту – тәрбиелеу жұмысының негізі.
Сабақ үстінде білім алушының жүйелі түрде жұмыс жасауына мүмкіндік жасау, өтілетін сабақ тақырыбына сай нақты SMART мақсат қоя білу – ол әрбір мұғалімнің шеберлігіне, ізденімпаздығына тікелей байланысты. Өйткені оқушыларды терең әрі жинақы, түсінікті біліммен сусындату, олардың шығармашылық қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын ояту, өз бетінше білімін жетілдіріп, толықтыруға дағдыландыру сияқты жұмыстар сабақ барысында қалыптасады. Бұл дегеніміз әр педагогті ойландырып, жаңаша жұмыс істеуге, жаңа ізденістерге, әрдайым жаңалықтын жаршысы болып жүруге жетелейді. Өзге үлт балаларына қазақ тілін оқытып-үйретудің сапасын арттыру түрлі жағдайларға байланысты болып келеді. Мәселен, өзім жұмыс жасайтын орыс мектебінде оқытылатын қазақ тілі пәнінің түпкі мақсаты – оқушыларға қазақ тілін меңгерту, ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттыру, қазақ тілінде сөйлеп, жауап бере алатын, жаза білетін дәрежеге жеткізу, қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, тарихын танытып талаптандыру, мемлекеттік тілді құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушылардың сөйлеу тіліп мәтіндер арқылы дамытуды жүзеге асыру нәтижесінде олардың қазақ тілінен білімдері толықтырылып, мәтінмен жұмыс істеу дағдылары жетілдіріледі. Жалпы мен өз тәжірибемнен тоқталар болсам, сабақ өткізу, яғни оқыту барысында өткізілетін, кейде күрделілік тудыратын жұмыс түрлерінің бірі - сабақта мәтінмен жұмысты ұтымды ұйымдастыру. Мәтінмен жұмыс жасату – тіл үйретудегі негізгі элементтердің бірі. Тіл дамытуда мәтіннің рөлі өте үлкен, мәтін балаға білім береді, тілін, ой-өрісін дамытады, тәрбиелейді. Мәтінді талдаған кезде оған қойылатын талаптарға да назар аудару керек. Мәтіннің тәрбиелік мәні бар болуы тиіс; мәтінде оқушылардың дүниетанымын кеңейтетін мәліметтер нақты, түсінікті, қабылдауға қиын болмайтындай болуы керек; жеңілден - қиынға қағидасы сақталу қажет. Мысалы, біз өз ойымызды сөз арқылы емес, негізінен мәтін арқылы жеткіземіз. Мәтінмен жұмыс жасау мынадай кезеңдерге бөлінеді:
Мәтінді оқығанға дейінгі жұмыс;
Мәтінмен жұмыс кезең
Мәтінді оқығаннан кейінгі кезең.
Мәтші алдындағы жаттығулар мен тапсырмалар және соларға сәйкес жұмыс түрлері мынадай бағытта жүргізіледі: тілдік тұлға мен сөйлем үлгілерін мәтінде танып, айыра білу және әртүрлі құрылымдық материалды (сөзжасам элементтері, етістіктің жақ, шақ түрлері, сөйлем түрлері, сөздердің бір-бірімен байланысу тәсілдері және т б.) меңгерту.
Мәтінмен жұмыс кезеңі. Бұл кезеңде мәтіннің тілдік материалы мен құрылымы орындалады. Мәтін ішінен қажет мәліметті бөліп алу, айыра білуге машықтандыру жаттығуларын әр түрлі тәсілмен орындау. Мәтінмен жұмыс кезеңі былайша ұйымдастырылады: оқығанның мазмұнын айту, мәтін бойынша сұраққа жауап беру, жоспар жасату, бірнеше бөлімге бөліп оқыту, негізгі, жанама ойды таптыру, қорытынды жасату. Мәтін мағынасын толық түсіну дегеніміз- мәтіннің мазмұнын түсіну үшін оның ішіндегі жеке сөздерді түсінуі керек. Бұл жеке сөздер түсінікті болса, тұтас мәтін де түсініқті болады деген ой туады. Шартты түрде алып отырған үшінші кезеңде мәтінді оқып, түсініп, мәтіндегі негізгі ойды казақ тілінде жеткізе білу. Мәтінді оқып, танысқаннан кейінгі орындалатын жұмыстар: логикалық сұрақтар құрастыру, сөздік жұмыстарын жүргізу, фонетикалық жаттығулар, мәтіндегі пнегатив тұстарды позитивке айналдыру, сөйлем кұрау, мәтінге мәтін мазмұны негізін сақтай отырып, жоспар құру, аударма жасау, мәтінге мазмұнына сай ат қою, диалог, жағдаят құру, мәтіннің мазмұнын құрылған жоспар бойынша айтып беру. Мәтінмен жұмыс істеу кезеңінде саралау тәсілі қолданылса, жұмыс жүргізу жеңілірек болады. Оқушыларды жұмыс істеу қабілеттеріне және білім деңгейлеріне қарай топтастырып, әр топқа сараланған тапсырма берген дұрыс. Мысалы, мен өз тәжірибемнен бөлісер болсам, мәтіннен бірнеше сөйлем оқимын, сол сөйлемдердің ішінде мәтіннің мазмұнын білдіретін сөйлемдердің ретін балалар белгілеп шығады, мәтіннің мазмұнына келетін суреттер таңдап алып, соларды пайдалана отырып, мәтін құратамын. Таспаға жазылған мәтінді оқушыларға мұқият бірнеше рет тыңдатып, мазмұнын орыс тілінде айтқы амын, бұл олардың мәтін мазмұнын қаншалықты түсініп отырғандарын аңғартады. Сөздіктерді қолдана отырып топпен мәтінге аударма жасату жұмыстарын жүргіземін. Мәтін мазмұнымен толық таныспай тұрып, мәтіннің ішіндегі сөйлемдерге сұрақ қою дұрыс емес. Оқушылардың алдында сабаққа қатысты мәтін жатуы қажет. Мәтіннің ішінен таныс емес сөздерді теріп жазып алғаннан кейін, оқытушының көмегімен тілдерін дамыту мақсатында актив сөздер, сөз тіркестері бөлек сөздікке жазылады. Бұлай жазып алу сөздің дұрыс жазылуын, айтылуын тексеруге, өзін-өзі тексеруге, бірін-бірі тексеруге көп көмегі тиеді. Мәтінде берілетін сөздердің ішінде таныс емес сөздер мейлінше аз болғаны дұрыс. Сондықтан мәтін таңдап аларда сыныптың деңгейі ескерілу қажет Алдыңғы біліммен байланыстырып отыру керек. Бұл жерде алдыңғы білім дегеніміз – үй тапсырмасы емес, жалпы оқушылар алдыңғы сынытарда өткен білімдеріне сүйене алулары керек. Бұл жерде байланыстылық қағидасы сақталады. I. Мәтін алдындағы жаттығулар мен оған сәйкес жұмыс түрлері мынадай бағытта жүргізіледі: жекелеген сөздерді дұрыс айтып, жазуды, тілдік тұлға мен сөйлем үлгілерін мәтінде танып, айыра білу және әр түрлі құрылымдық материалды (сөзжасам элементтері, етістіктің жақ, шақ түрлері т.б.) меңгерту
11. Мәтінмен жұмыс кезеңі. Бұл кезеңде мәтіннің тілдік материалы мен құрылымы талданады. Мәтіндегі сөйлем құрамына талдау жасау:
1) сөйлем түрлері;
2) сөз тіркестері;
3) сөздердің мағыналарын контекске қарап анықтау;
4) сөйлемдегі сөздердің сөз табына айыру, олардың құрамына талдау жасау т.б. Мәтін ішінен қажет мәліметті бөліп алу, сөз,сөйлем мағыналарын айыра білуге машықтандыру жаттығуларын әр түрлі тәсілмен орындау. Мәтінмен жұмыс кезеңін төмендегіше ұйымдастыруға болады: оқыған мәтіннің мазмұнын әңгімелету. мәтін бойынша сұрақтарға жауап бере білу, жоспар жасату, мәтінді бірнеше бөлімге бөліп, оларға ат қойғызу, мәтіннің негізгі мазмұнын ашу үшін қолданылып тұрған жанама ойлар мен суреттеулерді таптыру, қорытынды жасауға үйрету.
Мәтін мағынасын толық түсіну дегеніміз – мәтіннің мазмұнын түсіну үшін оның ішіндегі жеке сөздерді түсінуі керек. Сондықтан мәтіннің мазмұнын ашатын жеке тірек сөздерді дұрыс тауып, қолдана білу дағдыларын қалыптастыру қажет.
III. Мәтінді оқығаннан кейінгі кезеңдегі міндет – мәтін мазмұнындағы негізгі ойды казақ тілінде жеткізе білу. Мәтінді оқып алғаннан кейінгі жұмыстар:
2. сөздік жұмыстар;
3. фонетикалық жаттығулар:
1. мәтін бойынша логикалық сұрақтар қойып, жауап алу;
4. сөйлем кұру:
5. мәтінге жоспар құру;
6 аударым
7. мәтінге ат қою;
8. диалог, ситуация құру;
9.мәтіннің мазмұнын жоспар бойынша айту. Мәтінмен жұмыс істеу кезеңінде студенттерді тілді білу деңгейлеріне қарай топтарға бөліп, әр топқа лайықты тапсырма берген жөн. Ол үшін қазақ тілінде мәтінді оқудың ерекшеліктерін меңгерткен жөн:
a) қазақ тіліне тән дыбыстардың айтылуы, жазылуы;
ә) ол дыбыстарды айтылу және жазылу жағынан бір-бірінен ажыратабілу;
б) сөз мағыналарын контекске қарай талдау (синонимдік қатар,
омонимдер, полисемия т.б.). Мәтінді оқуда төмендегідей әдіс-тәсілдерді
колдануға болады:
Дауыстап оқу – студенттің сөздерді дұрыс айту дағдыларын қалыптастырады, сонымен қатар, студенттерге бірінің қатесін бірі түзетуге мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет