Дипломдық ЖҰмыс 7М011700 «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті»



бет4/15
Дата24.04.2023
өлшемі60,9 Kb.
#85941
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
1.2. Сын есімнің зерттелу тарихы
Бірсыпыра зерттеушілер сөз таптарының шығуын сөйлем мүшелерімен байланыстырады. Мысалы, академик И.И.Мещанинов өзінің «Сөйлем мүшелері мен сөзаптары» (М., 1945) атты еңбегінде былай деді: «Сөйлемде зат есім - бастауыш немесе толықтауыш, сын есім - анықтауыш, үстеулер - пысықтауыш, етістіктер - баяндауыш ретінде жұмсалады. Олай болса, сын есім сөйлем мүшесі болу арқылы бөлініп шықты, жасалынды». Сын есім сөйлем мүшелері қызметінде жұмсалу барысында біртіндеп жасалып қалыптасты. Бұл ойды тіл білімінің өкілдері А.А.Потебня мен В.М.Жирмунскийлер де жан-жақты қарастырған. Мәселен, А.А.Потебня: «Сын есімдер зат есімдерден бөлініп шықты. Зат есімнен сын есімнің бөлініп шығуы дегеніміз зат есімнің атрибутивті мүше (анықтауыш) ретінде қолданылуы» - деп жазды өзінің 1899 жылы шыққан «Из записок по русской грамматике» деген еңбегінде. Көне дәуірде зат есімдер мен сын есімдердің жігі ажырамаған. Мысалы, жас, көк әрі зат есім, әрі сың есім болуы сол көне құбылыстың ізі екенідігін көрсетеді /1,63/. «Құдадғу билиг» пен «Һибат-ул хакайиқ» тіліндегі сын есімдер. Ж.Баласағұнның «Құдадғу билиг» («Бақытқа бастайтын білім») дастаны мен
А.Йүгінекидің «Һибат-ул хакайиқ» («Ақиқат сыйы») дастандарының көптеген ғалымдар тарапынан зерттеу тарихын жасаған. Аталған ескерткіштерде сын есімдердің шығу тегіне, мағыналық арақатынасына, олардың қалай қолданылатындығына назар аударған. Олардың есептеуі бойынша, екі ескерткіштегі сын есімнің жалпы саны - 284. Бөліп айтсақ «Құдадғу билигте» - 176, «Һибат-ул хакайиқта» - 96 сын есім бар, Екі ескерткішке ортақ сын есімдер сыны - 12. Ортақ сөздердің мағыналарынан алшақтық байқалмайды, қазіргі тілдегі мағыналарымен кәпшілігі сәйкес келеді. «Құдадғу билиг» және «Һибат-ул хакайиқ» ескерткіштері тілінің сөздік қоры - жалпы түркі тілдеріне ортақ сөздер. Ескерткіштердегі сын есімдерді қазіргі қазақ тіліндегі баламаларымен салыстырғанда, мағыналық жағынан басым бөлігі болып келеді. Олар сондай-ақ, қазіргі туыстас түркі тілдерінде де осылайша өз мағынасын сақтап қалған / 2-11-12 /. Сын есімдердің морфологиялық сипаты. Академик В.В.Виноградов сөз табын морфологияның нысаны, сонымен тығыз байланысты, оған тікелей қатысы бар екендігін айтады. Олай болса, сын есімнің грамматикалық белгілерінің сырын ашпай, сын есімнің өз алдына сөз табы екендігін дәлелдеу мүмкін емес. Сөз таптарын бір-бірінен ажыратуда керекті бір белгі - сөздердің формалық белгісі. Бірақ тіл фактісінде бұл барлық гілдерде бірдей дәрежеде бола бермейді. Қазақ тіліндегі сын есімдердін аффикстерін шолғанда, назар аударатын бір ерекшелік - есім түбірден сын есім жасайтын қосымшалардың қазіргі тілімізде түгелге жақын өнімді гәсіл есебінде сақталуы /3,10/.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет