Дипломдық ЖҰмыс білім беру бағдарламасы 6В01301- бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі Астана, 2023


Әдебиеттік оқу пәнінен 3-сыныпқа арналған тест



бет11/11
Дата27.06.2023
өлшемі0,56 Mb.
#103508
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Әдебиеттік оқу пәнінен 3-сыныпқа арналған тест



Тарау № 4

«Ата-бабам тарихы-менің тарихым»тарауы бойынша тест.





  1. Бұқар жыраудың « Жау тигенде –жарағым,

Алыстан асып дау келсе,
Түрулі тұрған құлағым» деп келетін жыр жолдары кімге арналған? А)Абылайға Ә)Қабанбайға Б) Бөгенбайға В)Махамбетке

  1. Ағыбай батыр есіміне қатысты сөзді ата. А)Ержүрек

Ә)Ақжолтай Б)Қайсар В)Батыр
3.Езілген қазақ елінің
Бағы үшін туған ер.
Қалың қазақ елінің
Кегін қанмен жуған ер. Ол кім?
А)Махамбет Ә)Исатай Б)Амангелді В) Нұркен
4.Б. Майлиннің « Күлпаш « әңгімесінде ел басынан өткен қандай кезең суреттелген?
А) Аштық жылдары Ә) Соғыс жылдары Б) Қуғын-сүргін жылдары В) Жоңғар шапқыншылығы
5.«Ол кезде С.Сейфуллиннің әлі ақталмаған ,есімін атауға жұрттың қорқатын кезі еді?деген негізгі ой қандай шығармаға арқау болды?
А)Б.Майлин.«Күлпаш» Ә)З.Шашкин.«Азаттық жолында»
Б)Т. Кәкішев«Мәңгі жасар өмір» В)Ш.Мұртаза«Интернат қоймасы»
6. Н.Айтовтың «Нұркен», М.Ғабдуллиннің «Батыр Бауыржан», К.Қазыбаевтың «Ту тіккен Рақымжан» әңгімелеріне ортақ тақырып қайсысы?
А) Азамат соғысы Ә) Ұлы Отан соғысы Б) Желтоқсан оқиғасы В) Қуғын-сүргін жылдары.
7.«Қазақ елі өзінің тәуелсіздігін алды. Көк жүзімен астасқан қасиетті көк Туы желбіреп тұр» деген негізі ойға құрылған шығарманы ата.
А) К.Табей. «Ол ақын болар ма еді?» Ә) Ә. Нұршайықов « Музейдегі зеңбірек» Б)Н: Айтов « Нұркен» В) Т.Кәкішев «Мәңгі жасарөмір»
8.Қабанбай, Бөгенбай есіміне байланысты ел басынан өткен кезеңді ата.
А) Желтоқсан оқиғасы Ә) Ұлы Отан соғысы Б) Жоңғар шапқыншылығы
В)Аштық жылдары.
9.Исатай, Махамбет батырлар заманында билік құрған ханды ата. А)Абылай Ә) Кенесары Б)Қасым В) Жәңгір
10.Мәтін құрастыру үшін қойылатын басты талапты ата.
А) Табиғаттың суреттелуі. Ә) Мәтіндегі оқиғалардың өзара байланысты болуы. Б)Кейіпкерлердің болуы В)Тарихи оқиға суреттелуі.


Пән: Әдебиеттік оқу
Орта мерзімді жоспар бөлімі:
5- тарау: Өнер
Күні:
Сынып: 3 Г сынып

Мектеп:
Мұғалімнің аты-жөні:
Қатысқандар саны: 17
Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы

Қазақ биі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
(оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.4.2 – сөйлеу барысында фотосуреттер қолдану;
3.1.4.1 – сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, нақыл сөздерді, вербальды емес тілдік құралдарды қолдану.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мәтіннің тақырыбын анықтай алады, негізгі ойды табады.
Көптеген оқушылар: шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды.
Кейбір оқушылар: берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.

Бағалау критерийлері

мәтіннің тақырыбын анықтай алады, негізгі ойды табады.
шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды.
берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу.
Жеке және топта жұмыс жасай алу, ынтымақтастық.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, қазақ тілі.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;

Ресурстар

Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., постер, кері байланыс парағы т.б

Бастапқы білім

5-тарау өткен төрт тараудан(1-4) алынған білім мен дағдыларға сүйенеді. Оқушылар алдыңғы өткен құрылымды (шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекетіне баға беруді, мәтін бойынша өздігінен сұрақтар құрастырып, мүмкін болатын жауаптарды болжап, жоспар құруды үйрену) ұстанып, әңгімелерді жоспарлап, мазмұнын айта және өз ойын жаза алуы керек.

Сабақтың барысы

Сабақтың
жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Жаңа топ құру
Психологиялық ахуал қалыптастыру.
«Түрлі –түсті доптар» жаттығуы
Мақсаты : оқушылардың есту арқылы есте сақтауын дамыту
Қағаз бетіне екі кішкентай қызыл және жасыл доп , қызыл доп пен жасыл доптың ортасына үлкен көк доп сал , ал жасыл доптың жанына кішкентай сары доп сал . «Жалаулар» арқылы топқа бөлінеді. Оқушыларды қалаған жалауларын алып, 1,2,3 топтарға бөлініп отырады.
1-топ «Бақыт жалаулары»
2-топ «Арман жалаулары»
3-топ «Қуаныш жалаулары»
Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)
«Сиқырлы сандық» әдісі арқылы үй жұмысын сұрау.
ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.
Оқу мақсатын таныстыру
Күтілетін нәтижені анықтау

Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.


Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнатудыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары

Сабақтың ортасы

Ойқозғау. Сабақтың тақырыбын айту. Бағалау критерийімен
таныстыру.
Мағынаны ажырату.
Білу (оқушы әдістер мен жұмыстың орындалу
ретін біледі).
«Балалар философиясы» әдісі.
Тақырыпты болжау.
Мақсатқа сәйкес оқушыларға бағалау критерийін шығарту.
Түсіну.
Оқылым.

Дескриптор:



  • мәтіннің тақырыбын анықтай алады, негізгі ойды табады.

  • шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды.

  • берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.

ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.
Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау

Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау, толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Белсенді оқу тапсырмалары.
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау, толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату. Белсенді оқу тапсырмалары



Сабақтың соңы

Жаңа білім мен тәжірибені қолдану
Кері байланыс. Би өнерін насихаттап жүрген кімдерді білесің?
(фотосуреттер пайдаланылады)
(ҚБ) “Екі жұлдыз, бір тілек” әдісі.
Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)
«Табыс ағашы» кері байланыс.


Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау, толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Оқушылардың бірін-бірі, өзін өзі бағалауға негізделген, бұл тәсілдің мақсаты өзін және құрбыларын әділ бағалауға үйрету.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?
Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.
Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген
кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиял ары. Сергіту сәттері мен белсенді іс- әрекет түрлері.
Осы сабақта қолданылатын
Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да
ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың
жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлуқажет?

Қосымша Ә

«Әке мен бала» әңгімесіне сұрақтар таратылып беріледі.Топтар барлық сұрақтарды Блум таксономиясының деңгейіне қарай бөліп қойуы керек.


№ 3тапсырма. Топтар Блум таксономиясының сұрақтарын басқа тақырыпқа қояды.
Топтарға: Талқылауға сұрақтар беремін.
Қандай сұрақ түрлері пайдаланылды?
Бұрынғы қоятын сұрақтарыңнан ерекшелігі қандай?
Қандай сұрақ қойған оңай болды?
Неге?
Үйге «Дұрыс сұрақ қойып, терең білім аламын» атты тақырыпта эссе жазуға беремін.
Берілетін қосымша тапсырмалар.

№1 Қосымша


Дұрыс қойылған сұрақ назар аудартады, ой қозғайды, тыңдауға үйретеді, белсенді сөйлеуге үйретеді. Сабақта оқушыларды жүйелі оқыту үшін (ашық және жабық) Блум таксономиясындағы сұрақтарын қоямын.


Мысалы:Ы.Алтынсарин кім?(жабық сұрақ)
Жоғары деңгейлі сұрақтар (ашық сұрақтар) білімді қолдануға, қайта ұйымдастыруға, кеңейтуге, ақпаратты талдауға және бағалауға арналған.

№2 қосымша


Оқығаны туралы ойлауға, түсінуге жуан, жіңішке сұрақтар көмектеседі. "Дұрыс сұрақ—бұл оқушының жартылай алған білімі”,—деп Ф.Бекон жазған. Кесте "жуан” және" жіңішке” сұрақтары. Сұрақтарды сабақтың әр кезеңінде пайдалануға болады


"Жіңішке” сұрақтар. Бір сөзбен жауап беруге болатын сұрақтар. Мысалы: «Әке мен бала» әңгімесінің авторы кім? Не? Қашан?
"Жуан” сұрақтар. Ойландыратын, қосымша білім алуға тартатын, талдай білуге үйрететін сұрақтар. Мысалы: Сипаттама бер, неге ...? Түсіндір, неге ...? Неге, қалай ойлайсың ...? Айырмашылығы неде ...? Айтып бер, егер ... ? Егер ... болса, не болады...? Мүмкін ...?
Болады...?Сіз келісесіз бе...?Дұрыс па...?

Сұрақ қоя отырып, оқушылардың шығарманы оқығанын, талдай білулерін тексеремін. Кесте арқылы оқушыларға "жуан” және "жіңішке” сұрақтарын және Блум таксономиясының сұрақтарын қоя білуді үйреттім.


№3қосымша

«Таксономия білім мақсатында». Танымдық мақсат білімді алу, білімді дамыту дағдысын қамтиды.



  1. Білу

Оқушы терминді, негізгі түсінікті, нақты деректі, әдісті біледі.
2.Түсіну
Оқушы мәтінді, ережені түсінеді, сызба, кестемен материалды айта алады.
3.Қолдану
Оқушы түсінік пен ережені жаңа жағдайда, практикада пайдалана алады.
Қолдану әдісін көрсетеді.
4.Талдау
Оқушы мәтінді бөліктерге бөледі, бөліктердің арасындағы байланысты анықтайды. Бүтіннің қалай ұйымдастырылғанын, қателігін, кемшілігін, логикалық ойлауын сезінеді. Мәселенің себеп - салдарын айыра алады. 5.Жинақтау
Оқушы шығарма, эссе жазады. Тәжірибе жасау жоспарын ұсынады. Түрлі салаға байланысты білімі негізінде мәселені шешу үшін жоспар құрастырады.
6.Бағалау
Оқушы материал жүйесінің логикасын (көркем шығарманың, мәтіннің) бағалайды. Қорытындының сәйкестігін, мәтіннің маңыздылығын бағалайды.

Қосымша Б


Сабақтың тақырыбы: Бердібек Соқпақпаев:«Менің атым Қожа»


Сабақтың мақсаты: жазушы шығармасы арқылы оқушылардың бойында көркем шығармаға деген қызығушылық қалыптастыру. Оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, адамгершілік қасиеттерге баулу.


Білімділік: жазушы өмірі және шығармашылығымен таныстыра отырып, мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру, Қожа мінезіне талдау жасап, өз ойларын, пікірлерін еркін жеткізе білуге, өз көзқарастарын дәлелдей білуге үйрету.
Дамытушылық: Жазушы шығармасы арқылы әр оқушының өзіндік ой–қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулу, мәтінмен жұмыс істеу, көркем шығармаға әдеби талдау дағдыларын дамыту, ізденуге талпындыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: Қожа бейнесі арқылы, оқушыларды адамгершілікке, мәдениеттілікке, әдебиетті сүюге, үлгі - өнеге алуға шақыру. Жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:жинақтау
Әдіс-тәсілдері:пікірталас, дебат
Көрнекілігі: слаидтар, асықтар, конверттер,кітаптар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
Амандасу, түгелдеу, оқушылар назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау
«Менің атым...» тақырыбында ой толғау.
- Сендерге қандай есімдер ұнайды?
Повесть қалай басталатын еді? Қожа өз атына риза ма?
Сендер өз аттарыңа ризасыңдар ма?
ІІІ.Дебат
І топ. Жақтаушы топ. «Қожа - жақсы бала»
ІІ топ. Даттаушы топ. «Қожа - тентек бала»
Қожаның оқулық сатып алу үшін дүкенде Сәбира Майқановаға өтірік айтуы дұрыс па?
- Лагерьге жолдама бермегені үшін Майқанова апайды ренжіткен Қожаның ісіне қалай қарайсың?
«Бір секундқа кідіріп, мұрнымды көкке шүйіріп, маңғаздана қалдым да, қолымды кеудеме қойып, тәжім еттім. Мұным балалардың құрметіне сыпайыгершілікпен қайтарылған жауап болды да шықты. Балалар ду күліп жіберді» Қожа қандай бала?
«Қысқы кешті» жаттамаған Қожа қандай күйде болды?
-Мұнда неғып отырсың?
-Педсоветке келдім.
-Онда сенің не шаруаң бар?
-Мен жөнінде мәселе қарап жатыр.
-Сені мұғалім етеміз дей ме?
-Директор етеміз дейді. 
Бұл жерде Қожа қандай бала?
«Бағана Майқановаға істегенім тұрпайылық болды ау» деген ойынан Қожаның қандай екені көрінеді?
-Мама! Сен жылап жатырмысың?
-Маматай қойшы! Ең соңғы рет кешірші! Ант етемін! - деп Қожа мамасының тізесін құшақтай жығылған қалпында жылап жібереді. Қожа қандай?
Сұлтанға еріп, «бұзық бала» атануына көзқарасың. Бұндай балалар бүгінде араларыңда кездесе ме? Егер Қожаның орныңда сен болсаң, қандай әрекет істер едің?
Қосымша В

«Алтын сақа» ойыны


4сұрақ арқылы 4ойыншы таңдалады.
Сұрақтар:
1. Төбемнен шатыр етіп жай түскендей болды. Не істерімді білмеген қалпымда орнымнан сүйретіліп түрегеле бердім. Маңдайымнан бұрқ етіп суық терім шығып кетті. Ох,шіркін- ай!
Жауабы: Орыс әдебиетіне Анфиса Михайловна А.Пушкиннің «Қысқы кеш» өлеңін жатқа сұрағандағы сәт.
2. Есікті аша бергенімде,тынысым мүлде бітіп,жүрегімнің соғуы тоқтап қалғандай болды. Сол кездегі келбетім көлденең көзге тірі аруақ тәрізді қыбырлаған бірдеңеге ұқсар деймін.
Жауабы: Бақа оқиғасынан кейін апасына кездесер сәт
3. Маңдайдан буым бұрқырап,есік алдына шықтым.Сәйбек көрінбейді. Омырауымды ағытып, желпініп, ойланып тұрмын. Не айтты ішінен?
Жауабы: «Не деп шешер екен? Мектептен шынымен-ақ шығара ма?»
4. Осының бәрі осылай бола тұрса да, мен өзімді ақтап, бір ауыз сөз айтпадым. Ақталудың тіпті қисыны бар ма? Бәрін мойындадым. Бір айтқаным не?
Жауабы: «Кешіріңіздер! Соңғы рет тағы бір кешірім жасап, сынап көріңіздер. Бұдан былай қарай тәртіпсіздік істейтін болсам, қандай жаза қолдансаңыздар да ризамын!»
ІІ. Әудемжар
4 асық иіріледі. Бүк - соңғы, шік бастайды
1. Адамның атының сүйкімді болуы да зор бақыт па деймін. Мәселен,.деген аттарды алып қараңдаршы, айтуға да ықшам, естір құлаққа да жағымды. Ол қандай есімдер?
Жауабы: Мұрат, Болат, Ербол, Бақыт.
2. Тағы да мамам тұрып, басын изеп, мақұлдап бірдеңе айтты.Анасы не айтты?
Жауабы: «Шығарсаңдар, шығарыңдар мектептен! Кетсін қаңғып. Менің де жүйкемді жүн етіп, құртып бітті бұл оңбаған!»
3. Лаула, лаула жігер оты! –деп шығарма қалай аяқталған еді?
Жауабы: Самға қиял құсы! Асығатыным да, аңсайтыным да ертеңгі болашағым.
4. Мамам жайлауға жүріп кетті.Мен мектепке келе жатырмын. Көңілім көтеріңкі, бойым сергек. Анасының қандай сөзі құлағынан кетер емес?
Жауабы: «Мен үшін сенің адам болғаныңнан артық ешқандай да бақыт жоқ».
Бәрі жауап берген жағдайда асық иіріп, 1 ойыншы ойыннан шығады.
ІІІ. Қозыкөш
Асықтар иіріліп, конверттер таңдалады. (Үшінші кезеңде қалған 3 оқушыға 3 сұрақ қойылады).
1. - Қадыров түбінде адам болатын бала, - дейді Майқанова.
Ахметов не деп қостады?
Жауабы: - Оты бар, - деп қостады Ахметов.
2. Шешесі таңертең жайлауға қайтпақшы болды. Қожа анасын құшақтап не деп жылады?
Жауабы: - Жоқ, маматай, кетпеші, жаным мама! Ендігәрі тәртіпсіздік істесем, оңбай ,көгермей кетейін.
3. Көк көз келіншек сатушыға не деп дауыстап жатыр?
Жауабы: -Анау сұр кепкалы балаға бермеңіз. Ол кезексіз кіріп кетті.
4. Қожаның айтуы бойынша Жантас қандай бала?
Жауабы: Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ үстінде сыбырлап сыпсыңдағыш, өзі тақтаға шыққанда көрінгенге құлақ түргіш бала.
Сұраққа дұрыс жауап бере алмағандары ойыннан шығады, тең келгендеріне асық иіріледі.
ІV. Беласар
2 ойыншы қалады. Асық иіріліп, конверт таңдалады
1. Қолтығымда добым бар. Бүгін оларды қалайда жеңуіміз керек.
Қай команда ұтылған еді?
Жауабы: Біздің «Спартак» кеше «Қайраттықтардан» жеті де бес болып ұтылған еді.
2. Өзге ештеңең болмаса да, әуелі оқулықтарың сай болсын, - деп Қожа қалай мақалдап еді?
Жауабы: Оқулығы сай бала –көңілі жай бала.
3. -Саған бұл жолы жолдама берілмейді. Екінші кезекте барасың.
- Неге?
- Неге болушы еді - деп Майқанова қандай себеп айтты?
Жауабы: Барлық оқушыға бірден жетіспейді. Ал, екіншіден, ең әуелі біз лагерьге үлгілі, тәртіпті оқушыларды жібереміз
V. Жолайрық
1 ойыншы қалады
- Мама, сен жылап жатырмысың? - дегенде мамасы не деді?
Жауабы: -Иә, жылап жатырмын. Қайтейін жыламай. Қу жалғыз, сенен-ақ өлетін болдым ғой. Осы сен не болып барасың күннен күнге. Бұл не сұмдық?
Жүрген жеріңе шөп шықпағыр боп барасың ғой. Ұялмайсың ба, бір мезгіл елден, жұрттан...
ҮІ. Алтын көмбе
Ойнау-ойнамау өз еркінде. Жинаған ұпай үш есеге артады
Сұрақ. Сабақты жақсы оқу – үлгілі оқушының бірінші белгісі. Мен осы тоқсанның ішінде қалай еткенде де озат оқушылардың қатарына қосылуым керек. Ол үшін құпия кеңесте Қожа не істеймін деп шешті.
Жауап: а) Сабақтан бір сағат та себепсіз қалмаймын.
ә)Үйге берілген тапсырманы мезгілінде орындап отырамын
Ойын аяқталды. Жеңімпазды мадақтау.
Қосымша В
Сабақтың тақырыбы: Балықшы мен бақалшы.
Сабақтың мақсаты:
1. Ертегіні түсініп, мәнерлеп оқу, мазмұнын жүйелі айта білуге, дұрыс қорытынды жасай білуге үйрету.
2. Оқушылардың танымдық қабілетін, әдеби тіл байлығын, шығармашылық қабілетін дамыту.
3. Арам пиғылдан, мейірімсіз қатігездіктен бойларын алыс ұстауға, мейірімді, адал болуға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер.
Сабақ әдісі: сын тұрғысынан ойлауын дамыту технологиясы.
Сабақтың барысы:
I. Психологиялық дайындық.
Кел, балалар, оқиық,
Көңілге көп тоқиық.
Көп ізденіп көп біліп,
Білім шыңына жетейік.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
а) Өлеңді мәнерлеп оқыту.
ә) «Табиғатты аялайық!» тақырыбында салған суреттерін, жазған шығармаларын бағалау.
III. Қызығушылықты ояту.
Жасырылған нақыл сөзді табу.
Жақсылық ұмытылмас
Iтоп. Жақсының жолын кескеннің жолы болмайды.
II топ. Жаман байыса достығын да сатады.
Бар байлықты жинауға тырысқан адам - бақытсыз.
Бай баю үшін тырысады,
Кедей кедейіне болысады.
Әр топ өз тапсырмаларын оқып, түсінігін айтады.
(Ойларын өз тобында ортаға салады).
Түртіп алу стратегиясы.
Ертегіні оқу.
Оқушылар айтқан ойларын ертегімен салыстырады.
Сұрақтар: 1. Ертегідегі басты кейіпкерлер кімдер?
2. Жағымды кейіпкер кім? Оған мінездеме бер.
3. Жағымсыз кейіпкер кім? Оған мінездеме бер.
4. Саудагер Бақанды неліктен Бақалшы деп атап кетті?
Сөздік жұмыс.
Бас-көз болу - баланы баға тұру.
Көксерке - жыртқыш балық түрі.
Тұңғиық - теңіздің өте терең жері.
Емеурін - ниетін,ойын сездіру.
Шолан - үйдің асқоймасы.
Бақалшы - ұсақ-түйек сатумен айналысушы.
Ертегіні жоспар бойынша әңгімеле:
1) Батагөй Бақан мен саудагер Бақан.
2) Мейірімге - қайырым.
3) Бақалшының арамдығы.
4) Арамзаның ажалы.
V.Толғаныс
Топтық тапсырма
I топ. Ішке, сыртқа.
II топ. Жуан, жіңішке.
Үйге тапсырма беру. Ертегіні түсініп оқып, мазмұнын жүйелі айту. Оқушыларды мақтап мадақтау. Бағалау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет