Дипломдық ЖҰмыс білім беру бағдарламасы 6В01301- бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі Астана, 2023



бет3/11
Дата27.06.2023
өлшемі0,56 Mb.
#103508
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Дипломдық жұмыс. ПиМНО 19А Құдайбергенова Динара (1)

Белгілеулер мен қысқартулар



Дипломдық жұмыста келесі белгілеулер мен қысқартулар қолданылады:

КСРО - Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы


ЖБТ - Жобаны басқару тобы
АКТ - Ақпараттық Коммуникациялық Технологиялар

Кіріспе



Дипломдық зерттеудің өзектілігі. Қазіргі кезде оқу – тәрбие үрдісінің мақсаты - жан - жақты дамыған, білімді, саналы ұрпақты өсіру болып табылады. Білім беру ұйымдарының негізгі көзі - мектеп. Мектеп бала жеке тұлға болып қалыптасады. Ал баланың психофизикалық, интелектуалдық дамуының негізі – бастауыш сыныпта. Сондықтан бастауыш сынып мұғалімдерінің өз сабақтарында жаңашыл әдістерді қолдану білім беру үрдісінің негізгі жүйесі болып саналады. Әдебиеттік оқыту сабақтарында оқушының қызығушылығы оянады, шығармашылығы дамиды. Бұл пәннің оқушының жан - жақты дамуына әсері зор. Дамыта оқыту бүгінгі күнде өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Өйткені, оқушылардың білімге деген қызығушылықтарының төмендеуі, оқуға деген құлықсыздығы және таным қызығушылықтарының даму деңгейінің төмендігі. Педагог өзіндік жұмысқа кіріскен кезде, жетістікке жету үшін тек білім мен қабілет жеткіліксіз екенін жылдам анықтайды. Бастауыш сынып оқушыларының дамыта оқытудың әдіснамасы–бұл сапалы жаңа білімнің жүйесі, ол консервативті педагогикалық сана мен білімнің, негізгі жаттап алу, репродуктивтімен ешқандай ортақтығы жоқ, оқу әрекетінің түбегейлі керісінше қалыптасуын ұсынады[1,10 б].
Дамыта оқыту түсінігінде біз баланың жан – жақты дамуына тура бейімделген ұйымдастырудың түрін, әдісін және мазмұнын оқытуды ұйымдастырудың тиімділігі деп түсінеміз. Дамыта оқыту технологиясының мақсаты—оқушылар оқу әрекетінің белсенділігінің психологиялық негізін қарастыру, мектептегі дамыта оқытудың әдісі мен амалдарын көрсету.
Дамыта оқытудың негізі оқытудың белсенді әдісі болып есептеледі. Белсенді оқыту дидактикалық процестің ұйымдастырылуы әдісінен дамытушы, проблемалық, зерттеушілік ізденіске ауысуымен белгілі, оқытудағы шығармашылық үшін жағдай туғызады, таным процесін белсендіреді.
Шығармашылық қасиеттерді дамыту бастауыш білім берудің ең маңызды міндеті болып табылады, өйткені бұл процесс баланың жеке басының дамуының барлық кезеңдеріне еніп, бастамашылдық пен шешім қабылдаудың дербестігін, өзін-өзі еркін көрсету әдетін, өзіне деген сенімділікті оятады.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту бойынша жұмыста эстетикалық талғам дамиды, оларды қоршаған әлемге деген жақсы көзқараста тәрбиеленеді. Оқушылардың өзіндік шығармашылық процесіне байланысты әртүрлі сөйлеу дағдылары дамиды (еркін тақырыпта ауызша және жазбаша сөйлеу дағдылары).
Дамыта отырып оқыту әдістемесін әдебиеттік оқыту жүйесінде зерттеген ТМД ғалымдарымен отандық ғалымдар Л.Занков, Д.Эльконин, В.Давыдов, В.Репин, В.Левин, С.Қирабаев, Ә.Қоңыратбаев, А.Көшімбаев, Ш.Кәрібаев әдебиеттерінде берілген. Оқушылардың шығармашылығын дамыту бойынша жұмыста жүйе болуы керек. Жұмыстағы жүйе оқушылардың көркем шығарманы тұтас қабылдауын қалыптастыруға мүмкіндік береді, әдебиеттің тұлғаның рухани дамуына белсенді оң әсер етуіне жағдай жасайды.
Дамыта отырып оқыту әдістемелерін бастауыш сынып оқушыларында оқу жүйесінде ақпаратты жеңіл және қызықты беру мен қабылдауда ойын әдістерінің маңызы зор. Қазіргі кезде Қазақстандағы білім беру жүйесінде педагог жан – жақты әдіс- тәсілдерді қолданып, оқушыға барынша ақпаратты жеңіл түрде беруге тырысады. Алайда, біз өткізген зерттеу бойынша дамыту оқыту әдістерін әдебиеттік оқыту сабақтарында дамыту және қолданудың бүгінгі күнде мәселенің өзектілігі артып отыр.
Дипломдық зерттеудің мәселесі бастауыш сынып оқушыларын оқыту мен дамыту қажеттілігі арасындағы қайшылықтан тұрады. Дипломдық зерттеу тақырыбын айқындап алдық – «Дамытушы оқыту жүйелері бойынша әдебиеттік оқытудың ерекшеліктері»
Дипломдық зерттеудің мақсаты: – бастауыш сыныптарға әдебиеттік оқытуды дамыту жүйелерінің ерекшелік жолдарын зерттеу.
Дипломдық зерттеудің нысаны: бастауыш сыныпта әдебиеттік оқыту ерекшеліктерін қадағалау
Дипломдық зерттеудің пәні: бастауыш сынып оқу жүйесінде әдебиеттік оқыту сабақтарында дамыта оқытудың ерекшеліктері
Дипломдық зерттеудің болжамы: Егер бастауыш сынып оқушыларында дамыта оқыту жүйелерін тиімді қолданса, әдебиеттік оқыту сабағында білім сапасы ғана дамымай, қызығушылығы, шығармашылығы қалыптасып, жан-жақты жеке тұлға ретінде өсіп өнуіне арнайы әзірленген мазмұнды, формалар мен әдістерді қамтитын жұмыс жүйесін құру кезінде артады.
Дипломдық зерттеудің міндеттері:

      1. Педагогикалық және арнайы әдебиеттерге теориялық талдау жасау және мәселенің даму жағдайын сипаттау.

      2. Бастауыш сынып оқушыларында дамыта оқытудың әрекетін деңгейін бағалау әдістемесін жасау.

      3. Оқу үрдісінде даму динамикасын қамтамасыз ететін әдебиеттік дамыта оқытудың әдістері бойынша сынақтан өткізу.

Дипломдық зерттеудің әдістері:

  • Зерттеу жұмысының тақырыбына байланысты әдебиеттерді зерттеу және талдау;

  • әдебиеттік оқыту сабақтарында дамытушы оқытудың әдістемелік негіздерін зерттеу;

- айқындаушы эксперимент (оқушыларды, бақылау, зерттеу).
Дипломдық зерттеудің жаңалығы дамытушы оқыту арқылы әдебиеттік оқыту сабақтарында сыни ойлау әдістері қолданылды, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырып қоймай, үлгерімдермен білім сапасы дамытылды. Осындай дамытушы оқыту әдістер жүйесін ұсына отырып, бастауыш сынып оқушыларының ойын әрекеті арқылы оқуға бейімділігі мен үлгерімі қалыптастырылды.
Дипломдық зерттеу жұмысының теориялық маңыздылығы әдебиеттік оқыту сабақтарында дамытушы оқытудың негізгі ерекшеліктерін зерттеу, әдебиеттерді талдау, теориялық негізгі ұғымдарды ашу және дамытушы әдіс –тәсілдерді талдау.
Дипломдық зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы бастауыш сынып оқушыларында дамытушы оқытуды қалыптастыру әдіснамалық негіздерін жасау, әдіс –тәсілдерін қолдану.
Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығымен педагогикалық нәтижелерін қолдану арқылы мұғалімнің практикалық жұмысында бастауыш мектеп оқушыларына дамытушы оқытудың әрекетін қалыптастыру болып табылады.
Дипломдық жұмыс нормативтік сілтемелерден, анықтамалардан, белгілеулер мен қысқартулардан, кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Дипломдық жұмыстың көлемі:
Зерттеу базасы: мектеп, бастауыш сыныптар, 3 сынып оқушылары





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет