Дипломдық ЖҰмыс білім беру бағдарламасы 6В01301- бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі Астана, 2023


Әдебиеттік оқу пәнінен 3-сыныпқа арналған тест



бет9/11
Дата27.06.2023
өлшемі0,56 Mb.
#103508
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Әдебиеттік оқу пәнінен 3-сыныпқа арналған тест



Тарау № 2.

«Маужырап барқыт қоңыр күз»тарауы бойынша.



  1. Т.Жароковтың «Кемедей кешіп комбайн Алтындария егінді,

Сүзіп жүр маржан бидайын,
Күзіміз неткен көңілді!»- деген өлең жолдарында күздің қай мезгілі суреттелген?
А)Күздің басы
Ә)Күздің ортасы
Б) Күздің соңы
В)Күздің табиғаты

  1. Т. Жароковтың « Ауыл күзі» өлеңін есіңе түсір. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қой: Алма піскен......

А)Уылжып
Ә)Қызарып
Б)Албырап
В)Балбырап

  1. Бөлімдегі оқиғасы « Ас атасы –нан « деген мақалға құрылған мәтінді ата.

А) І.Жансүгіров «Малта»
Ә) Ә. Табылдиев «Күздің кереметі»
Б) И.Бази.«Жеміс бағында»
В)«Егінші мен қасқыр»

  1. Сары кілем төселген жер.Тиін. Борсық. Қоян. Қай шығармадан алынған?

А) Ә. Табылдиев « Күздің кереметі»
Ә) Е. Салықов «Күзгі орманның көріністері»
Б)И.Бази «Жеміс бағында»
В)Т.Жароков.« Ауыл күзі»

  1. « Екі құлағы тас төбесінде. Ұзын қылшықты көкке көтерілген құйрығы әдемі,ұшы сәл ғана төмен иілген» деген жолдарда не сипатталған?

А)Қоян
Ә)Тиін
Б)Мысық
В)Түлкі

  1. « Күн жаңа көтеріліп келе жатқан кез. Шөптегі шық тамшылары моншақтай мөлдіреп, жылт-жылт етеді». Бұл мәтіннің қай түріне жатады?

А)Пайымдау
Ә)Хабарлау
Б)Сипаттау
В)Түсіндіру

  1. « Борсық – қысқы ұйқыға кеш жататын аң. Ол күздің ақырғы күндерінде де ініне шығып, күнге жылынып жүреді». Бұл мәтіннің қай түріне жатады?

А)Пайымдау
Ә)Хабарлау
Б)Сипаттау
В)Түсіндіру

  1. Абай аударған « Шегіртке мен құмырсқа» мысалын жазған кім?

А) И.Крылов
Ә)И.Бази
Б) В.Сухомлинский
В) Р.Босилек

  1. И.Крыловтың «Шегіртке мен құмырсқа» мысалын есіңе түсір.

«Қарағым, жылт, тамақ бер»деген ненің сөзі.
А)Құмырсқаның
Ә)Шегірткенің
Б)Баланың
В)Қыздың

  1. Бірнеше қатардан тұратын құрт жаятын орын қалай аталады?

А)Өре
Ә) Күрке
Б) Қора
В) Сөре




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет