Тығыздау экспеллирлеу тәсілімен май алудың ақырғы сәті. Ақырғы май сығу шнекті тығыздағыштарда (экспеллерлерде) фортығыздағыштарда қарағанда аса қатаң режимде өткізіледі: экспеллер қуырғышында аса жоғары температура жасалынады, ал желдеткіш цилиндрдің ішінде тығыздалатын затқа аса үлкен қысым беріледі. Осының нәтижесінде күнжарадағы май жобамен 6 % дейін төмндейді.
Экстракция тәсілімен май алудың ақырғы сәті.Өсімдік майын экстракциялау май құрамдас заттардан органикалық еріткіштер көмегімен май алу.
Қалдықсыз май алудың экстракциялық тәсілі тығыздау тәсіліне қарағанда озық, өйткені жобамен толық май шығаруды қамтамасыз етеді: экстрагирленген затта (күнжарада) май құрамы 1 % кем. Тығыздау тәсілмен затты осылай терең майсыздандыру мүмкін емес, өйткені оның бетінде әрқашан молекулалық күштермен ұсталып тұрған май қабаттары қалады.
Май экстракциялау зауыттарында өсімдік шикізатынан май алу үшін еріткіш ретінде экстракциялы жанармай қолданылады.
Қатты денеден зат экстракциялау, мысалы, қажетті түрде дайындалған заттан өсімдік майын алу, заттың ішкі және сыртқы бөлшектеріндегі ерітінді концентрациясын теңестіретін үрдіс. Сонымен, экстракция үрдісін қозғаушы күш заттың ішкі және сыртқы бөлшектеріндегі мисцелла (мисцелла жанармайдағы майдың ерiтiндiсi) концентрациясының арасындағы айырма.
Экстрагирлеу үрдісі диффузия қағидасына негізделген: май клеткаларын қоршаған еріткіш, олардың қабырғасы арқылы майға сіңеді, ал май клеткалардан еріткішке сіңеді. Экстракция үрдісінің қозғаушы күші заттың ішкі және сыртқы бөлшектеріндегі мисцелла концентрациясының арасындағы айырма болғандықтан, сұйықтық клетка қабырғалары арқылы өтуі, май концентрациясы бөлшектерде және бөлшектерден тыс еріткіште теңескенше, жалғаса береді. Таза еріткішті үздіксіз берген жағдайда май клеткалардан тіпті толық бітіп кеткенше сіңеді.
Қазіргі кезде май экстракциялау зауыттарында кең тараған екі экстракциялау тәсілі бар: майлы затты қарсы толқынмен жылжитын ерiткiшке батыру; еріткішке қарағанда арнайы конвейермен қарсы толқында жылжитын өңделетін затты еріткішпен (немесе мисцелламен) көп реттік сатылы суландыру.
Батыру тәсіліне байланысты тік орналасқан шнекті экстракторлар НД-1250 жұмыс атқарады.
Бұндай экстрактор жүктеушi колоннадан, көлденең орнатылған цилиндрден және экстракциялау колоннадан құралған. Екі колонна мен көлденең орнатылған цилиндрдің ішінде шнектер орналасқан.
Экстрагирленген зат "жапырақ" түрінде немесе жарма түрінде жүктеушi колоннаға түседі, шнек орамдарымен алынып кетеді, жүктеушi колоннаның бойымен төмен жылжиды, көлденең орнатылған цилиндрден өтіп, экстракциялау колоннасына түседі, әрі қарай шнектің көмегімен жоғарғы жағына, зат шығатын саңылауға көтеріледі. Экстрагиленген затпен қатар экстракторға 55-60 °С температурада жанармай беріледі. Жанармай экстракциялау колоннасына түсіп, экстракциялау колоннадан, көлденең орнатылған цилиндрден, жүктеушi колоннадан рет-ретімен өтіп экстрагирленген затқа қарсы жылжиды.
Осылайша, экстрагирленетін зат пен еріткіш бір-біріне қарама-қарсы толқында жылжиды, жанармай майлы заттан майды шығарады. Жанармай экстрагирленетін заттың қабатымен өту барысында, жанармайдағы еріген май концентрациясы көбейеді, экстрактордан шығу кезінде мисцелла концентрациясы 15-17 % құрайды.
Экстрагирленетін заттың бөлшектерінен алып тастау үшін мисцелланы сүзеді және дистилляторларға жібереді, онда қыздыру мен вакуум арқылы жанармай мисцелладан ажырайды. Бұл үрдіс дистилляция деп аталады. Дистилляция нәтижесінде экстракцияланған май алынады. Дайын май суытылады, таразыға тартылады, содан кейін рафинациялау цехына жіберіледі.
Майсыздалған майлы зат қалдығын шрот деп атайды, ол экстрактордан құрамында 25-40 % еріткіш пен ылғалы бар күйінде шығады. Сондықтан шрот шнекті буландырғышға немесе тостерге (чанды буландырғышға) түседі, олардың ішінде шроттан жанармай алынады. Шнекті буландырғыштан шрот құрамында 0,1 % артық емес бензині бар күйінде ылғалдануға, одан әрі суыту мен сақталуға жіберіледі.
Батыру арқылы экстракциялау тәсілінің ерекше ұтымдылығы бар: толық экстракциялауға мүмкіндік беретін майсыздандыру үрдісінің қысқа мерзімде іске асырылуы; экстракторлардың конструкцияларының қарапайымдылығы және аз ауданды қамтитындығы; ауа мен еріткіштік қоспаларының аппарат ішінде пайда болып өртенуін болдырмайтын аппараттың пайдалы көлемін пайдаланудың жоғарғы (98 %-ға дейін) коэффициенті.
Бұл тәсілдің кемшіліктері: сонғы мисцелла концентрациясының мисцелладағы қоспалар концентрациясына карағанда фильтрациялануын қиындататын төмендігі (15-17 %); экстрактордың шамадан тыс биік болғандықтығы.
Шаю тәсілімен батыру тәсілін салыстырғанда жоғары концентрациялы мисцелла (25-30 %) алуға болады және экстрагирленетін заттың қабаты арқылы өзінен өзі фильтрациялану нәтижесінде қоспалардың да құрамы төмен болады.
Бұл тәсілдің кемшіліктері экстракциялаудың ұзақ мерзімде өтуі және аппарат көлемін пайдаланудың төмен коэффициенті (45 % аспайды).