Тығыздалған рафинадталмаған және экстракцияланған майлардың салыстырмалы сипаттамасы
Тығыздалған және экстракцияланған майлар бір-бірінен майлы шикізаттан шығару тереңдігіне қарай ажыратады. Триглицеридтерге ілескен заттардың мөлшері май шығару тереңдігі ұлғайған сайын өсетіндігі дәлелденген. Осыған 3 кестеде келтірілген мәліметтер дәлел.
3 кесте
Тығыздалған рафинадталмаған және экстракцияланған майлардың салыстырмалы сипаттамасы
Ілескен заттар
|
Майдың түрі
|
фортығыздалған
|
экспеллерлі
|
экстракционды
|
Еркін майлы қышқыл, %, масса бойынша (күнбағыс май үшін)
Лецитинге шаққандағы фосфатидтер (күнбағыс май үшін)
Каротиноидтер, мг/100 г (мақта майы үшін)
Балауыздар, %, масса бойынша
(күнбағыс май үшін)
Көмірсутегілер, мг/100 г
(жер жаңғақ майы үшін)
-токоферолдар, %, масса бойынша (соя майы үшін)
Сабындалмайтын заттар мөлшері, %, масса бойынша (мақта майы үшін)
|
1,5
0,43
0,225-0,302
0,05-0,1
32,6
50
0,66-1,04
|
1,75
0,75
–
–
–
–
–
|
2,1
0,96
0,304-0,392
0,08-0,4
41,1
57
1,38-1,44
|
Экстракционды майда тығыздалған майға қарағанда еркін майлы қышқылдардың, фосфатидтердің, бояғыш заттардың, балауыздардың, токоферолдардың мөлшері көп, олар май сапасына әр түрлі ісер етеді.
Мысалы, тығыздалған май құрамымен салыстырғанда еркін майлы қышқыл мөлшері жоғары болғандықтан экстракцияланған май сапасы төмендейді, ол бояғыш заттардың көп болуына байланысты күнгірт түсті болады, ал балауыздың көп болуы "тордың" пайда болуына әкеледі. Бұл "тор" май қабатында балауыздың майда болшектерінің түсуінен болады, соның әсерінен май көмескіленеді. Фортығыздалған майларға қарағанда шикі экстракцияланған май тотығуға төзімділеу болады, бұл оның құрамында токоферол мен фосфатидтердің көптігімен түсіндіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |