1 сұлба. Өсімдік май өндіру технологиясының негізгі үрдістері
Қуыру үрдісі кезінде мятка араластырғыш қондырғыда ылғал, жылу және механикалық күштің әсерінен бірқатар өзгерістерге ұшырайды, ол заттың май сығуға қолайлы қалыпты құрылымын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Ылғалдың әсерінен май мен заттың байланыс қуаты әлсірейді және ол салыстырмалы ерікті жағдайға өтеді. Бұл тұста температураның өсуіне байланысты майдың физикалық қасиеттері өзгереді тұтқырлық, тығыздық және беттік керіліс азаяды. Майдың тұтқырлығы мен тығыздығы аз болған сайын, оны сығуы әртүрлі тең жағдайда толықтау болады. Қуыру кезінде заттың гелді бөлігінің иілгіштігі де өзгереді, бұл май сығуын жеңілдетеді.
Қуырғыш қондырғыдан шығатын затты мезга деп атайды. Қуырғыш қондырғыдан мезга тығыздауға жіберіледі.
Майды алдын ала сығып алу фортығыздау. Өсімдік майын өндірудегі тығыздау сусымалы жіне кеуекті зат массасынан (мезгадан) сұйықтықты (майды) шығару.
Тығыздау нәтижесінде жобамен 60-85 % май шығады бұл тұста салыстырмалы жұмсақ режимде алдын ала май алу жүзеге асады.
Жалпы түрде май сығу үрдісін былайша көрсетуге болады. Мезганың ішкі және сыртқы беттерінде май молекулалық өріс күшімен жіберілмейді, мезга бөлшектерінің жақындауы кезінде бөлшек арасындағы каналдармен, ал бөлшектердің өздерінің зақымдалуы басталғанда олардың ішкі кеуектілігін құрайтын капиллярлармен май сығылуы басталады. Осы сәттен бастап бір уақытта бөлшек аралық каналдармен де, бөлшек ішіндегі капиллярлармен де май сығуы жүреді және белгілі болжаммен майлы фазаны үздіксіз деуге болады.
Майды алдын ала шығару үшін (фортығыздау үшін) әртүрлі конструкциялы шнекті тығыздағыштар қолданылады.
Шнекті тығыздағыш ішінде шнекті білік орналасқан сатылы цилиндр. Цилиндр қабырғалары темір пластиналардан құралған, олардың араларында сығылған май шығуы үшін тар саңылаулар бар. Шнекті біліктің конструкциясы тығыздалатын зат шнек өсі бойымен жылжып отырып, алғашында тығыздалып, кейін сығылады. Майдың сығылуы затқа тығыздағыш ішіндегі қысымның әсерінен болады. Тығыздалатын затқа қысымды көбейту үшін тығыздағыштан шығатын жерге арнайы реттейтін қондырғы қойылады, ол тығыздалып шыққан заттың күнжараның қалыңдығын өзгертуге мүмкіндік береді.
Мезганы фортығыздау нәтижесінде фортығыздалған (тығыздалған) май мен фортығыздалған күнжара алынады.
Бірақ күнжарадағы майдың үлесі әлі де болса жоғары 14-20 %. Осындай май құрамы бар күнжараны малға жем ретінде пайдалану экономикалық тиімсіз. Сондықтан фортығыздалған күнжараны қосымша май алу мақсатында тығыздауға немесе экстракциялауға жібереді. Осы операциялардың алдында күнжараны май алуға дайындайды: балғалы ұнтақтағыштарда майдалайды (ұнтақтайды), содан соң алынған күнжара жармасын қуырады.
Мезганы шнекті тығыздағышқа ақырғы тығыздау үшін немесе екі жұпты вальтарға "жапырақ" алу үшін жібереді, бұл заттың сыртқы құрылымын экстракциялауға ыңғайлы ету үшін жасалады. "Жапырақ" қалыңдығы 1 мм кем (0,3-0,4 мм күнбағыс үшін) жаншылған күнжараның пластинкалары. Мезга дегеніміз қопсыған түйiршiктелген масса, бұндай сыртқы құрылымы бар заттан толық мөлшерде май алу мүмкін емес.
Достарыңызбен бөлісу: |