Дипломдық ЖҰмыс мамандығы «5В072800 Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы»



бет23/24
Дата11.11.2022
өлшемі203,81 Kb.
#49387
түріДиплом
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
5 ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ

Тағам өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыздандыру саласындағы мемлекеттік саясаттың және халықтың денсаулығын қорғаудың басым бағыттарының бірі экологиялық таза өнімдерді өндіруді атап айтуға болады.


Экологиялық қауіпсіз ауыл шаруашылығы өндірісін құру – ғаламдық мәселе. Ол қазіргі уақытта топыраққа, су қорына, әлемнің көптеген елдеріндегі қоршаған ортаға антропогендік әсер ету рұқсат етілген нормадан асып кетуіне байланысты [15].
Өндіріс пен экологиялық өнімді сатудың тұрақсыз жүйесі шартында экологиялық ауыл шаруашылығының даму перспективасы мен күйі туралы жүйелендірілген ақпараттың болмауы елімізде осы бағытта насихат жүргізу мәселесін көтереді.
Өнімнің сапасы әртүрлі объективті және субъективті себепшарттардың әсеріне байланысты: табиғи-климаттық, ұйымдастырушылық және басқалары.
АӨК дағдарысқа ұшырау себептерінің бірі – көптеген азық-түлік тауарларының бәсекеге қабілетсіздігі, ал ол өз кезегінде шикізат пен өнімдердің төмен сапалы болуы, ауыл шаруашылығы шикізатының сапасына жүргізілетін бақылау қажетті деңгейде жүргізілмеуі, олардың стандарт, техникалық шарттардың талаптарына жауап бере алмауы, өңдеуші кәсіпорындарда дайын өнімді өндіру технологиясының бұзылуына байланысты [16].
Нәтижесінде азық-түліктердің көптеген түрлерін ішкі нарықтан импортпен келген тауарлар ығыстырып тастаған. Сәйкесінше қазақстандық кәсіпорындарға келетін кіріс те айтарлықтай төмендеп кетті немесе мүлдем тоқтап қалды.
Осы бөлімнің мақсаты – отандық өсімдік шаруашылығы өнімдері өндірісінің бір бөлігін альтернативті (дәстүрлі емес) технологияға ауыстыру себепшарттарының объективтілігін көрсету. Мұндай технологияны аса ірі емес (жанұялық) фермалар, сонымен бірге ауылшаурашылық кәсіпорындардың фермалары ауыртпалықсыз және жұмсақ түрде игере алады, және елімізге қажетті сертификатталған экологиялық тағам өнімдерін өндіруде жаңа перспективалық бағытта қалпына келтірілуі әбден мүмкін [17].
Тағам өнімдерін өндірудің экологиялық мәселелері. Мемлекет тағам өнімдерінің құрамындағы химиялық қоспалардың рұқсат ету мөлшеріне шектеу енгізу арқылы қорғаныс шараларын қолданғанына қарамастан, тұтынушылардың алаңдаушылығы толастар емес. Бұл нарықта өсіру үшін минералдық тыңайтқыштар, пестицидтер қосылмаған, химиялық қоспаларды қоспай өңделген альтернативті өнімдердің сөрелерде орын алуының баст себебі болып табылады. Бұл өнімдерге деген сұраныс бағасы анағұрлым қымбат болғанына қарамастан, күн санап өсіп келеді [18].
Ауыл шаруашылығы мен тағам өнеркәсібінің әрбір саласында жүздеген мемлкеттік стандарттар (МЕМСТ) бар. Алайда олар қазіргі қазақстан нарығында дүкен сөрелерінде бой түзеген бүкіл тағам өнімдерінің диапазонын ауқымдай алмайды. Мемлекеттік ұйыымдардың жүргізетін сапа бақылау қызметі тікелей өңдеуші кәсіпорындарда ұйымдастырылған. Жеткізілетін өнімнің әр бір партиясынан үлгі алнып, егжей-тегжейлі тексеріледі. ҚР "Техникалық реттеу туралы" Заңына сәйкес тағам өнімдерінің барлық түрі сертификатталуы тиіс. Импортпен келетін тағам өнімдері мен азық-түлік тауарларының да барлығы бірдей сертификатталуы міндетті.
Өнімді сертификаттауға жауапты ұйымдар да тағам өнімдерінің ілеспелі құжаттардағы талаптарға сәйкестігін растайтын сәйкестік сертификатын береді. Дамыған елдердегі тұтынушылардың негізгі бөлігі альтернативті негізде өндірілген (минералдық тыңайтқыштарды қоспай және пестицидсіз өсіру) ауыл шаруашылық тағам өнімдерінің сапасы анағұрлым жоғары болатынына сенімді. «Биологиялық», «органикалық» және басқа тағам өнімдері анағұрлым қоректік құндылығы жоғары және ағзаға қауіпсіз, яғни адамзат үшін едәуір құнды болып табылатыны ешбір дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома ретінде қабылданады. Экологиялық қауіпсіз тағам өнімдерінің өндірісін дамыту, сол өнімді сәйкестендіру, өндіріс пен сатылуды бақылаудың сәйкес жүйелерін ұйымдастыруды талап етті [19].
Мал шаруашылығынан экологиялық қауіпсіз тағам өнімдерін өндіру мәселесі бірмәнді емес, себебі экологиялық қауіпсіздік көптеген өзінің сипаттамалары мен параметрлері бойынша қоршаған ортаның экологиясының жалпы жағдайына байланысты және де оны аймақ экологиясының жағдайымен тығыз байланыста қарастыру қажет. Соның салдарынан мал шаруашылығында экологиялық қауіпсіз технология кем дегенде екі жақты тұрғыдан қарастырылуы тиіс. Оның бірі – экологиялық таза (қауіпсіз) өнім өндірісін агротехникалық және технологиялық қамтамасыздандыру, ал екіншісі – қоршаған ортаның табиғи экологиялық тепе-теңдігінің сақталуын қамтамасыз ету.
Азық-түлік шикізаты мен тағам өнімдерінің сапасына қойылатын гигиеналық талаптарға сәйкес адамның тамақтануында негізгі қауіп-қатер тағам өнімдерінің құрамындағы химиялық және биологиялық текті ксенобиотиктердің болуынан төнеді.
Химиялық текті ксенобиотиктерге уытты элементтер (сынап, мышьяк, кадмий, қорғасын, мыс, мырыш), пестицидтер, олардың метаболиттері мен ыдырау өнімдері (хлорорганикалық, фосфорорганикалық, дитиокарбаматтар, метилбромид), радиоактивті изотоптар (цезий-137, стронций-90, йод-131), нитраттар мен нитриттер, нитрозаминдер, полициклды ароматты көмірсутектер, полихлорланған бифенилдер, ауыл шаруашылық жануарлардың өсуін ынталандырушылар, оның ішінде гормондар мен гормонтәріздес заттектер, антибиотиктер, транквилизаторлар, хлорвинилден алынған мономерлер және буыптүйетін материалдардан бөлініп шығатын басқа да органикалық қосылыстар жатады [20].
Биологиялық текті ксенобиотиктерге бактериялар мен бактериялардың уыттары, микроскоптық саңырауқұлақтар, микотоксиндер, ауыл шаруашылық жануарлардың паразиттері мен вирустар жатады.
Ксенобиотиктердің мұндай алуан түрлілігі, ең алдымен, олардың шығу тегіне байланысты, әсіресе басым көпшілігі химиялық текті. Бұлар адамның техногендік әрекеттерінің нәтижесі болып табылады. Қоршаған ортаның қандай да бір заттектермен ластану дәрежесіне қарай олар ортаның экологиялық қысымына немесе экологиялық дағдарысна ұшрау мүмкін, нәтижесінде экологиялық таза (қауіпсіз) өнім өндірудің бүкіл циклы бұзылады [21].
Бұл тізбектің бастапқы сатысы өз бойына барлық ластаушыларды жинап сақтайтын топырақ болып табылады, одан кейінгісі өсімдіктер (жемшөп), одан әрі жануарлар, ал ақырғы уәкілі – мал шаруашылығының өнімдері. Экологиялық таза мал шаруашылығы өнімін өндіру үшін осы тізбектің барлық бөліктері жекелеген әрбір ксенобиотиктердің болуын және олардың деңгейі бақылануы тиіс. Бақылау олардың элиминациялау немесе аталмыш тізбек бойымен бір-біріне көшу дәрежесін, жануарлардың ағзасына уытты әсерін, дайын өнімдегі мөлшерін төмендету үшін парапар қорғаныс шараларын әзірлеп, қолдануға даяр болу мақсатында жүргізіледі [22].
Қоршаған ортаның табиғи жағдайын тұрақтандыру және одан әрі жақсартудың аса маңызды бағыттарының бірі өзара бір-бірімен әлеуметтік-экономикалық қатынастармен байланысқан аймақтар мен ортаның ластану көзі болып табылатын нысандарды экологиялық паспорттау жүйесін әзірлеу болып табылады.
Өңдеу. Қоршаған ортаның ластануы. Қайта өңдеуші кәсіпорындар ластау көзі болмау керек. Егер қайта өңдеу барысында қоршаған ортаға зиянды қосалқы өнімдер пайда болса, оларды бейтараптандыруға және ластанудың алдын алуға технологиялық және ұйымдастырушылық шаралар қолданылуы тиіс. Тәжірибеде осы тармақ орындалмаған жағдайда сертификаттауға бас тартуға негіз болуы мүмкін.
Көпқұрамды өнім. Қайта өңделген көпқұрамбөлікті өнімде экологиялық және экологиялық емес бір аттас құрамбөліктер болмау керек.
Құрал-жабдықты тазалау. Егер де бір құрылғыда экологиялық және экологиялық емес өнім кезектесіп өңделетін боса, олардың араласып кетуін болдырмайтын тиісті шаралар қолдану керек.
Сарапшының (инспектордың) немесе сертификаттау органының пікірінше экологиялық өнімді қайта өңдер алдында құрылғы жеткілікті деңгейде тазалап-жуылмаған болса, сертификаттауға бас тартуға себеп болуы мүмкін.
Қайта өңдеуді жіктеу. Экологиялық өнімді өңдеу экологиялық емес өніммен бірге бір уақытта (уақыт немесе кеңістікте) жүргізілмеуі тиіс.
Санитарлық күйі. Қайта өңдеу кәсіпорны тиісті талап етілетін санитарлық күйде тұруы тиіс.
Сарапшының (инспектордың) немесе сертификаттау органының пікірінше санитарлық нормалардың сақталуы жеткіліксіз болса, сертификаттауға бас тартуға себеп болуы мүмкін.
Экология туралы әдебиеттерді зерттеп, талдау барысында авторлардың көбісі қазіргі заманғы қоғамның адамзат құндылықтарының басқа жүйесіне ауысу, яғни «экологиялық сана-сезім», «экологиялық этиканың» қалыптасуы қажеттігін айтады. Қазіргі уақытта дүнмежүзінің барлық елдердінде тұрақты даму концепциясы қабылданып, ұсынылды. Оның негізінде экономика, экология және әлеуметтік орта секілді өзара байланысқан салаларды келісіммен басқару идеясы жатыр. Ауыл шаруашылығы тарапынан тұрақты даму дегеніміз – өсіп келе жатқан ұрпақты тағам өнімдерімен табиғи ортаны бұзбайтындай тәсілдермен қамтамасыздандыру [23].
Ауыл шаруашлығының экологиялануы – талқылауды және өңдеуді талап ететін өзекті тақырып. Ғалымдар бұл мәселені шешуге көптеген жолдарын қарастырған еді: ауыл шаруашылығын дамытудң адаптивті стратегиясы, ауыл шаруашылық өндірісті жүргізудің альтернативті әдістері, ауыл шаруашылығын интеграциялау және басқа. Аталмыш жұмыстардың көпшілігінің ортақ мәні - ауыл шаруашылық өндіріс жүйесін құру кезінде олардың барлығы экологиялық, экономикалық және әлеуметтің себепшарттарды бірбіртұтас бүтінге байланыстыратынында, бұл қабылданған тұрақты даму концепциясымен бәр мәмлеге тоғысады. Экологиялық ауыл шаруашылығының негізқалаушы мақсаты: тағамдық құндылығы жоғары тағам өнімдерін жеткілікті мөлшерде өндіру; ауыл шаруашылығы өндірісінің жүйесінде биологиялық циклдарды өндіру мен бекітуді ынталандыру, топырақ құнарлығын сақтап қалу, ауыл шаруашылғында қалпына келтірілетін қорларды едәуір кеңінен қолданысқа енгізу, органикалық субстанциялар мен қоректік заттектердің тұйықталған жүйесін әзірлеу, жануарларды олардың табиғи туылған мінез-құлқына сәйкестіршілік етуін қамтамасыз ететін жағдайда бағу, ауыл шаруашылық әрекеттердің нәтижесінде қоршаған ортаның ластануының алдын алу; ауыл шаруашылығы өндірісінің жүйесінде және оны қоршаған ортада, тіпті жабайы жануарлар мен өсімдіктердің мекендейтін жеріндегі қоршаған ортаны қорғап, генетикалық алуан түрлілікті сақтап қалу, ауыл шаруашлығы әсер ететін көптеген әлеуметтік және экономикалық аспектілерін есепке алу [24].
Жоғарыда айтылғандар экологиялық нормативтердің теориялық негіздемесін, табиғи жүйелердің шекті рұқсат мәндерін және экожүйенің биоценозына негізгі функционалдық сипаттамалары табиғи өзгерістердің шегінен шығып кетпейтін антропогендік әсер ету дәрежесін анықтауды қажет ететінін растайды.
Экологиялқ таза тағам өнімдеріне өнімді өндіру, тасымалдау және сақтаудың барлық кезеңдерінде құрамына қоршаған ортадан зиянды және қажетсіз құрамбөліктер қосылмаған жағдайда жануарлар мен өсімдік шикізаттарынан өндірілген өнімдер жатады. Бұл өнімдер ластануды болдырмайтн технология бойынша өндіріліп, қолайсыз экологиялық себепшарттардың аралық зиянын тигізбестен сатылуы тиіс.
Биосферада адамдар, өсімдіктер үшін бөтен болып табылатын қосылыстар (ксенобиотиктер) көп мөлшерде айналып тұрады, олардың көбісінің улылығы өте жоғары, қауіпті болып келеді. Ластағыш органикалық қосылыстардың үлкен тобының құрамынан супертоксиканттарды жеке дара бөліп атауға болады. Бұл өте мардымсыз мөлшерде адам денсаулығына орасан зор зиян келтіретін заттектер. Оларға ең алдымен полихлорланған дибензодиоксиндер, дибензофурандар мен оларға туыс басқа да қосылыстар, мысалы, полихлорланған бифенилдер мен диоксиндер.
Отандық ғылымның жетістіктерін пайдалана отырып, өзінің арсеналына уыттылығы өте жоғары зиянды заттектерді жоюға арналған көптеген тәсілдер кіретін технологиялар әзіренді. Олар қайта өңделетін жануарлар мен өсімдік текті шикізаттардың экологиялық тазалығын едәуір дәрежеге ұлғайтуға ықпал етеді. Сол технологияларды Ресей Федерациясының өңдеуші кәсіпорындарында жүзеге асыру нәтижесінде эколого-экономикалық әсері едәуір жоғары болды.
Жаңа өнімнің сапасы сатылымдағы белгілі өнімдермен салыстарғанда анағұрлым жоғары, тағамдық құндылығы, дәмдік қасиеттері мен буп-түйілуі бұрынғысынан да жақсартылған, ал органолептикалық және физикалық-химиялық көрсеткіштері бұрын жоғары болса, сол деңгейде сақталып қалуы тиіс.
Жаңа ассортименттің өндірілуі еңбек өнімділігін жоғарылатып, өнімнің өзіндік құны мен шикізат шығынын, өндірісті механикаландыру мен автоматтандыру шығынын төмендетуге ықпал етуі тиіс.
Бүкіл шығарылатын өнім бекітілген МЕМСТ пен басқа да нормативті құжаттар бойынша қатаң тәртіппен сертификатталу керек.
АӨК қайта өңдеу салаларында биотехнология әдістерін кең көлемде қолдану мерзімі салыстырмалы аз, десек те тәжірибе жүзінде қысқа уақыт аралығында шикізатты ферментативтік өңдеуден бастап сарқынды суларды тазартуға дейінгі барлық технологиялық үрдістерге жылдам таралып кетті. Жалпыға арналған, арнайы және емдік мақсаттағы ет өнімдерінің жаңа түрлерін өндіруде, тағамдық және жемшөптік гидролизаттарды, хошиістендіргіштері, бояғыштар мен биологиялық белсенді заттектерді синтездеу үрдістерінде қолданбалы биотехнология әдістерін қолданудан өндіріс тиімділігі анағұрлым арта түсетіні дәлелденді.
Қазіргі ғалымдар ақуздарды, әсіресе жануарлар текті ақуыздарды ерекше орынға қояды.
Өнімді қоршаған ортаның әртүрлі ластаушыларынан қорғайтын арнайы қабықшаға салынған жоғары сапалы және экологиялық қауіпсіз өнім өндіру мәселелері қазіргі жағдайда ерекше өзекті мәселеге айналды.
Барынша тұйықталған өндірістік цикл. Тұйықталған циклды қолдану ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің әмбебап жолы болар еді, алайда мұнда да өз қиыншылықтары бар. Қазіргі жағдайда толығымен тұйықталған цикл тәжірибе жүзінде мүмкін емес, сондықтан органо-биологиялық егіншілікте "Биоланд" директивасына сәйкес көң мен кейбір минералдық тыңайтқыштарды шектеулі мөлшерде сатып алуға рұқсат етілген. Алайда сырттан сатып алынған органикалық және минералдық тыңайтқыштарды пайдаланған дұрыс емес, себебі топырақтың ветериналық препараттардың қалдығымен, арамшөптердің тұқымдарымен және басқа да зиянды заттектермен ластану мәселелерін тудырады. Сондықтан органо-биологиялық егіншіліктің тәжірибелі практиктері тыңайтақыштарды тек қатты қажет болған жағдайда ғана сатып алады. Шаруашылықты тұйықталған циклмен жүргізу идеясы тек экологиялық тұрғыдан ғана емес, экономикалық жағынан да пайдасы өте жоғары. Өндіріске қажетті заттар мен құрал-саймандарды сатып алу көлемін қысқарту кәсіпорынның экологиялық жағдайына оңтайлы әсері елеулі болады. Органо-биологиялық егіншілік өзге де маңызды заңдлықтарға негізделеді, бірақ ең басты міндет шаруашылық өндірісі тұйықталған циклда болу керек [20].
Топырақтың құнарлығын сақтау. Егер топырақ қосымша көмекші қоспаларсыз тұрақты, мол егін бере алатын болса, құнарлы деп саналады. Көң (гумус) мен органикалық заттектердің топырақтың құнарлығына оңтайлы әсер ететіндігі бұрыннан анықталып, дәлелденген. Алайда минералды тыңайтқыштарды қарқынды түрде қоса бастағаннан бері органикалық заттектердің топырақтың қоректік заттардын көзі және жинаушысы ретінде қолданылу мәні ұмытылып кете жаздады. Қазіргі уақытта органикалық заттектердің топырақ құнарлығына және құрылымына оңтайлы әсер ету маңыздылығы қайтадан бірінші орынға қойыла бастады.
Табиғи қорларды үнемдеп жұмсау. Ауыл шаруашылығында дақыл егістігі өнімділігінің өсімі өндірістің ауылшаруашылық құралдарын асыра сілтеп тым көп мөлшерде пайдалану есебінен жоғары болатын. Азот тыңайтқыштары мен өсімдіктерді қорғауға арналған заттарды өндіру үшін көбінесе мұнайды пайдаланадығ ал фосфор тыңайтқыштарын өндіру үшін – фосфаттарды пайдаланады. Дегенмен бұл ресурстардың қоры өте шектеулі, сондықтан болашақта осы аса қажетті шикізатсыз қалыпы қоймай, ауыл шаруашылығының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін оларды мейлінше үнемдеп, анағұрлым сақтықпен пайдалану қажет. Табиғи қорларды үнемдеп пайдалану туралы мәселелерді, оның ішінде тыңайтқыштарды өндіру үшін қуаттың жұмсалуы туралы мәселелерді қарастырған кезде нитрат-ионның да сапасна көп көңіл бөлген дұрыс. Мұнда өзен суларының химико-синтетикаық өндірістің сарқынды суларымен, ал жер асты суларының – нитраттармен ластану мүмкіндігі туралы айтылып отыр. Осы мәселелердің барлығы да егжей-тегжейлі қарастырылып, тақылануы тиіс [12].
Этологтар (мінез-құлықты зерттеушілер) еркіндікте жүрген және байлауда тұрған жануарлардың мінез-құлқын салыстыра отырып бақылау арқылы көптеген мәліметтер жинады. Бұл зерттеулердің нәтижелерін мал ұстайтын қораларды салу барысында пайдалануға болады. Шығын көлемі көп болғандықтан жаңа қораларды салу көп жағдайда мүмкін емес, сондықтан ескі қора-жайларды жануарларды күтіп-бағу талаптарына сәйкес қайта жабдықтау мәселелерін шешу қажет.
Реттеудің табиғи механизмдерін пайдалану. Органо-биологиялық егіншіліктің басты мақсаты аграрлық экожүйеде реттеудің табиғи механизмдерін толық пайдалану. Онсыз экологиялық шаруашылықта өсімдіктерді қорғау мүмкін емес. Экожүйедегі түрлердің алуан түрлілігін жоғарылату нәтижесінде ол анағұрлым тұрақты болады. Бұған анағұрлым алуан түрлі ауыспалы егіс жүргізу, механикалық әдістермен арамшөптердің өсуін қадағалауды енгізу арқылы қол жеткізуге болады. Сол шаралардың көбісі табиғатты қорғау мақсаттарына жауап береді. Экологиялық егіншілік тәжірибелік мақсаттардан басқа (жануарлар мен өсімдіктерді сақтау арқылы жүйені тұрақтандыру) өзге де мақсаттарды көздейді, яғни жойылып кету қаупі бар түрлерді сақтап қалу. Көбінесе батпақтанған телімдерді немесе өте нашар топырақты экстенсивті шалғынды-жайылымды шаруашылық жүргізуге немесе оларды биотопқа айналдыру арқылы пайдаланған тиімді. Сирек кездесетін түрлерді сақтау үшін ауыл шаруашылық өндірісті жүргізу күрделі болып келетін осындай аудандар ылғалды шабындық немесе экстенсивті газон ретінде пайдалану үшін құнды болып табылады [20].
Жоғары сапалы тағам өнімдерін өндіру. Тамақтану физиологиясы тұрғысынан жоғары сапалы тағам өнімдерін өндіру экологиялық ауыл шаруашылығының негізгі міндеті. Химиялық синтез жолымен алынған өсімдіктерді қорғауға арналған заттектер пайдаланбаған егістіктерде олардың қалдықтары да болмайтыны анық. Сонымен бірге ластанған қоршаған ортада зиянды заттектердің қалдық мөлшері міндетті түрде табылады. Тыңайтқыштарды енгізу нормасы төмендетілген егістіктерден алынған өнімде нитраттар мөлшері де анағұрлым төмен болады.
Тағам өнімдеріндегі пестицидтердің қалдық мөлшері мен нитраттардың жоғары мөлшерінің қауіптілігі әр қалай бағаланады. Алайда қазіргі уақытта дүние жүзінде шикізаттарды өндіру, өңдеу және сақтау барысында қолданылатын химикаттардың көптеген түрлерін ескеретін болсақ, бірде бір ірі ғалым сол заттектердің қауіпсіздігіне кепілдік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет