Майларды ағарту. Майдан адсорбент арқылы өңдеп, бояғыш заттардан ажырату үрдісін ағарту деп атайды.
Аса әсерлі немесе жағымсыз реңді бояу майдың тауарлық түрін төмендетеді. Майлардың бояуының әсерлілігін төмендету үшін бояғыш заттардың бөлігін ажырату керек.
Өсімдік майларынан бояғыш заттарды ажыратудың өндірістік әдістерінің бірі оларды адсорбентпен ағарту болып табылады. Өсімдік майларын ағарту кезінде адсорбент ретінде әртүрлі ағартқыш құмдарды (бұл кристалды немесе аморфты құрылымы бар минералды заттар) пайдаланады.
Ағарту үрдісі – майды ағартқыш құммен арнаулы қондырғыда біршама уақыт араластыру және әрі қарай сүзу болып табылады. Бұл жерде сүзгіде адсорбирленген бояғыш заттармен бірге ағартушы ұнтақ қалады, ал осветленное (отбеленное) май сүзгіден өтеді.
Майларды дезодорациялау.Дезодорация (ағылшын тілінен "odour" иіс) майға иіс пен дәм беретін ұшқыш заттарды отгонка үрдісі.
Дезодорацияны "ерекшеленген" майларды (берілген түріне қатысты иіс пен дәм мүлдем жоқ) алу мақсатында жүргізіледі, сонымен қатар өзге иісі мен дәмі бар майларды, мысалы, экстракцияланған майда бензин ізі байқалатын, алу үшін жүргізіледі. "Ерекшеленген" майлар маргаринды, майонезды, консерві өндірістердегі майларды өндіру үшін қажет.
Майларды дезодоратор деп аталатын арнаулы қондырғыға орналастырады және жоғары температурада (210-230 °С) хош иісті заттарды вакууммен шығарады. Үрдісті қарқындату мақсатында май қабаттыры арқылы өткір бу жібереді, ол хош иісті заттардың майдан және аппараттан шығуын жеңілдетеді.
Дезодорация үрдісі кезінде хош иісті заттармен бірге басқа қоспалар да ілесіп шығады, мысалы еркін қышқылдардың бөлігі. Сондықтан майдың қышқылдық саны дезодорациядан кейін, оны жүргізгенге дейінгі үрдіске қарағанда біраз төмен. Дезодорация кезінде пестицидтерде шығарылады. Бірақ дезодорация кезінде зиянды қоспалар деп саналатын тотығу өнімдері шығарылмайды. Жоғарыда айтылғандай, тотығу өнімдері майға келеңсіз ащы дәм береді, бұндай май тағамдық мақсаттарға жарамайды.
Дезодорация тағамдық мақсаттарға арналған майларды рафинациялаудың соңғы операциясы. Майдың дәмдік сапасын арттыру үшін және тотығуға тұрақтылығын көтеру үшін дезодорация алдында, немесе одан соң оны лимон қышқылымен өңдейді. Соңында дезодорирленген майды сүзгіш-престердің көмегімен жалтыратып сүзгілейді.