Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: «9-сынып оқушыларына функционалды стильдерді игеруде тілдік портфельді ұтымды пайдалану жолдары» 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет4/31
Дата27.11.2023
өлшемі315,31 Kb.
#129864
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Зерттеудің нысаны: 9-сынып оқушыларына функционалды стильдерді
игертуде тілдік портфельді ұтымды пайдалану жолдары. 


Зерттеудің дереккөздері ретінде «Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-
9-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы 
үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде) және 9-сынып оқулығы
(Авторлары Р. Әмір, М. Атабаева) пайдаланылды.


Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Зерттеудің ғылыми жаңалығы алғаш
рет қазақ тілін оқытуда тілдік портфель арқылы функционалды стильдерді 
меңгерту болмақ. Тілдік портфель арқылы оқытудың тиімділігі алғаш рет
зерттеліп отырғандықтан, қазақ тілін игеруде қалыптасатын құзіреттіліктер 
де, 9-сыныпта орындалатын тапсырмалар жүйесі де алғаш рет зерделеніп
отыр. Осы дипломдық жұмыста қазақ тілін оқытудың әдіс-тәсілдерінің тың 
жолы ретінде әдіснамалық негіздері де сараланды.
Жұмыстың басты мәні – мемлекеттік тілді игертудің жаңа, тың, 
нәтижелі әдіс-тәсілдерін қарстырудың, ұсынудың өзі оқыту әдістемесінің
теориялық және практикалық қолданысына елеулі үлес қосатындығында. 


4
Зерттеудің әдіснамалық негіздері ретінде қазақ тіл біліміндегі


стилистика жайлы жазылған ғылыми еңбектер (М. Балақаев, М.Серғалиев, А.
Жаппаров, М. Қанабекова) мен қазақ тілін оқыту әдістемесі жайлы жазылған 
еңбектер (Ф. Оразбаева, Р. Рахметова, Г. Бейсенбекова), сонымен қатар тілдік
портфель туралы жазылған ғылыми мақалалар (З. Күзекова, Г. Бейсенбекова) 
пайдаланылды.

Зерттеудің әдістері. Зерттеу барысында синхронды тұрғыдан сипаттама,
жүйелеу, топтастыру әдістері, мәтінді талдаудың мағыналық-стилистикалық 
әдісі, салыстырмалы әдіс, оқытуда қолданылатын тілдік портфель үлгісі
қолданылды. 


Зерттеудің құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен және
қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет