Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: ««Астана өнім»



бет17/26
Дата06.01.2022
өлшемі0,91 Mb.
#13414
түріДиплом
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26
1.4.3 Сапаны жоғарлату жолдары

Сүт және сүт өнімдері әр түрлі жастық топ тардың арасында, сонымен қатар емдік тамақтануда кеңінен қолданылады. Сүттің жоғары сапалығымен санитарлық- эпидемиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оның негізгі алдын алу шарасы болып бактериялық және химиялық ластануын болдырмау. Айта кететін жағдайлардың бірі болып қолданылатын өнімнің сапасы, технологиялық әдістері, жаңа жабдықтармен қамтамасыздануы, упаковка ең басты санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы ережелер сүт және сүт өнімінің сапасын сақтайды. Сүтті алудағы талаптар: алынатын сүттің сапасы жоғары болу үшін фермадағы жұмысшылар ластайтын микрофлоралардың негізгі көздеріне бағытталуы керек.



Сүт саласы өнеркәсіптің ірі салаларының бірі  және оның үлесіне  жалпы  ұлттық  табыстың  20%  көбі  келеді.  Бұрынғы     КСРО-ның барлық мемлекеттерінен Қазақстан сүт табынының мал басы саны бойынша  алдыңғы  орындардың бірін алады. Республика мал басынан да, сүт өңдеу көлемінен де Ресей, Белоруссия, Украинадан кейін тұрақты 4 орында. Сүт және сүт өнімдер  нарығының  дамуында позитивті  және негативті тенденциялар көрінеді. Сүт өндірісінің тұрақты өсуі байқалуда.

Орташа  жылдық  өсімше  темпі  жоғары – 4,95%.  Сонымен   бірге,  ұсыныстан  гөрі  сұраныс  жоғары екені белгіленіп отыр. Сүттің      төмен сапасы салдарынан отандық өндірісінің жеткіліксіз ұсынысымен байланысты  терең  өңделген  сүт  өнімінің  импорты  өсіп  отыр. Бұл жағдайда сүт ұсынысының өсуі жоғары сапалы шикізат өндірісі мен потенциалды  өсуі  жоқ  ұсақ  шаруашылықтар  негізінен  асырылады. Ұсақ  шаруашылықтар  сүтті  біркелкісіз өндіріп, көбінесе оны сорттысыз  етіп  тапсырады.  Бұның  бәрі  сапасы  жоғары  сүт  өндірісі    үшін  қажетті  жағдайлардың  болмауынан:  сүт  фермаларының ветеринарлы-санитарлық  жағдай, сүтті алғашқы өңдеу үшін арнайы бөлмелер  мен  оларды  сүт құрал-жабдықтармен  қамтамасыз  ету,  т.с.с. Сүт сапасын жоғарылату механизмін өздігінен енгізетін шаруашылықтар кейбір қиыншылықтарға ұрынады. Бүгінгі күнге шейін ғылыми негізделген кепілдемелер және ауыл шаруашылығында қолданылатын әдістемелік жұмыстар жоқтың қасында, ал болған күннің өзінде олар осындай маңызды мәселені комплексті шешу талабына сәйкес келмейді және нарықтық жағдайда қолдану қиынға соғады.

Республиканың   ауыл шаруашылық  кәсіпорындарда қолданылатын сүт өнім сапасын жоғарылату бойынша шаралар комплексі



  • Орындаушыларды, басқарушыларды, мамандарды стандарттармен және басқа  нормативтік-техникалық құжаттармен қамтамасыз ету;

  • Өнім сапасын жақсарту саласындағы ғылыми-техникалық жетістіктері туралы ақпараттың берілуі;

  • Өндірістің тиімді технологияларын құру; тайпалық жұмысты өткізу;

  • Өндірісті өнеркәсіптік негізде ұйымдастыру;

  • Сүт өнім сапасын және оның есебін болжау;

  • Материалдық-техникалық базаны құру;

  • Кадрларды оқытып, даярлау;

  • Өнім және жұмыс сапасын бақылау;

  • Жоғары сапалы өнімді өндіруді материалдық ынталандыру;

  • Сүт өнімнің тауарлық өңдеу, сақтау және тасымалдау 

  • Одан басқа, сүттің өзіндік құны төмендеуі кезінде сиырлардың өнімділігінің өсу заңдылығы байқалады, бұл сүттің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатудағы сүт өндірісінің дамуы интенсивті факторлардың артықшылықтарын көрсетеді.

Мысалы, Ресейдің Белгород облысының фермаларында  сүт  сиырлардың  концентрациясы  мен өндірісінің интенсивті жоғарылауы 44%-ға  (450-ден 650 басқа),  оның  өнімділігі  63,5%-ға өсті  (3150-ден 5150 кг-ға), ал 1ц сүттің өзіндік құны 5%-ға төмендеді.  Сапалы  сүт  өндірісі  есебінен  өткізілетін  баға  да  15,9%-ға  өсті.

Сүт  өндірісінің  интенсивтілігінің  өсуі  сүттің  бәсекеге  қабілеттілігіне де оң әсерін тигізеді. Сүттің бәсеке  қабілеттілігінің  бағалық  индексі  жоғары  болып  сақталады  (5150 кг өнімділігі  кезінде Ақш тауарына қатысты 1,97 және 4255 кг сауылым кезінде Жаңа Зеландиялық тауарға қатысты бірге тең



  • Дамыған  елдер,  сонымен   қатар  Ресейдің тәжірибесінен жоғары сапалы сүт өнімдерін өндіру негізі ретінде сүттің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату үшін «Астана Өнім» АҚ-та өндірісті мамандандыру және концентрация  жағдайында  сүт  малшаруашылығының  интенсификациясын өткізу керек, ол азық өндірісінің озық өсу, табынның  генетикалық потенциалын үнемі жоғарылату, малды ұстаудың прогрессивті әдістерін енгізу,  азық  өндірісі процестерінің механизациясы, азықтандыру, сауым, мал ұстайтын бөлмелерді жинау есебінен асуы қажет




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет