Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: "Қазақ тілі сабағында оқушылардың шығармашылығын дамытуға арналған топтық жұмыс түрлері"



бет3/28
Дата24.01.2023
өлшемі132,53 Kb.
#62627
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ .................................................................................................................... 3
1 ТОППЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ
НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ......................................................................................... 6
1.1 Бірлескен топтық жұмыс – интербелсенді оқытудың негізі ........................... 6
1.2 Топтық жұмысты ұйымдастыру ережелері ..................................................... 21


2 ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА НЕГІЗДЕЛГЕН ТОПТЫҚ ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАҒАЛАУ ..................... 30
2.1 Қазақ тілі сабағында шығармашылыққа негізделген топтық
жұмыс түрлері .......................................................................................................... 30
2.2 Топтық жұмысты бағалау тәсілдері және рефлексия мен
кері байланыс ........................................................................................................... 43


ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................... 57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...................................................61


КІРІСПЕ


Тақырыптың өзектілігі. Елбасы Н.Назарбаев 2011 жылғы Қазақстан халқына "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" Жолдауында "Өмір бойы білім алу" әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс, – деп бекер айтпаған да болар [1, 2].
"Өмір бойы үйрену" тұжырымдамасының негізгі қағидалары нәтижеге және оқушыға бағытталады. Өмір бойы оқып-үйрену дегеніміз – тұлғаның әлеуметтік, азаматтық тұрғыдан жарқын, болашаққа жету мақсатында өзінің білім, білік, дағды, құзіреттіліктерін үнемі жетілдіруі [1, 2].
Өмір бойы оқып-үйрену келесі шарттарды ұстану арқылы жүзеге асырылады:
- үнемі жаңа білім үйрену;
- оқытуда жаңашыл топтық және интербелсенді әдістерді қолдану;
- сабақты бағалау.
Интербелсенді оқыту бірінші мезетте білім игеру процесінде қатысушылардың тиімді қарым-қатынасына негізделеді. Ағылшын тілінен келген "интерактив"сөзі де осы ұғымды береді: "inter" дегеніміз "өзара" мағынасында, ал "act" – "әрекет жасау" дегенді білдіреді. Басқаша сөзбен айтқанда, "интербелсенді" дегеніміз біреумен тығыз қарым-қатынаста болу, онымен бірлесе әрекет жасау, диалог құру. Сонымен, "интербелсенді" дегеніміз диалог арқылы үйрену, үйрету, яғни мұнда оқу процесінің негізін "үйретуші – үйренуші", "үйренуші – үйренуші", "үйренуші – өзімен өзі" форматтарында жасалған қарым-қатынас ("әнгіме", "сұхбат", "бірлескен әрекеттер") құрайды.
Интербелсенді оқыту білім игеру процесін келесідей ұйымдастыруға ынталы:
1) барлық оқушыларға бірлескен таным процесіне белсенді араласуға мүмкіндік жасау;
2) әрбір үйренушінің өзінің үйренгені мен өз білімі туралы түсініктерін ортаға салып, бірлесе талқылап, олар туралы ой толғауына мүмкіндік жасау;
3) оқушылар білімді өздігінен құрастыратын орта құру [2, 4].
Интербелсенді оқыту бірлесе үйрену идеяларын ұстанады. Бірлесе үйренуде әрбір үйренуші танымның (оқу, үйренудің) мазмұны мен қорытындысы нәтижесіне өз үлесін қосып, басқалармен өзінің білгенімен, идеяларымен, түсінігімен алмасады, жоғары нәтижеге (білімге) қалай жете алатындығын анықтайды. Мұндай қарым-қатынастағы бірлескен әрекеттер бірін-бірі жақтыру, өзара сыйласымдылық пен қолдау атмосферасында өтіп, жаңа білім игеруге жағдай жасайды.
Интербелсенді оқыту көптеген жұмыс түрлері мен әрекеттері арқылы жүзеге асырылады, мәселен: бірлескен жұмыстар (жұптық, топтық, бүкіл сыныптың), жеке және бірлескен ізденіс пен зерттеу жұмыстары, ситуативтік және рөлдік ойындар, ақпараттың әртүрлі көздерімен жұмыс жасау (кітап, дәріс, интернет, құжаттар, мұрағат, басқа адамдар: оқушылар, мұғалімдер, мамандар т.б.) шығармашылық жұмыстар т.б.
Интербелсенді оқуда білім алушылар мынадай білім, білік, дағды, құзырлылық, машықтарды иемденеді: тең және жүйелі ойлану; ақпаратты өздігінен түсініп, оны таразылап, екшеп, оның ішінен керектісін таңдап алу; ақпаратты жан-жақты талдау және бағалау; өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыру; пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірлерін дәлелдеу; шешім қабылдау және қиын мәселелерді шешу; өз біліміне, өміріне деген жауапкершілікті тереңінен сезіну; басқалармен тиімді қарым-қатынас құру. Бұл дағдылар мен құзіреттіліктер болашақта білім алушыларды бүгінгі күні тіпті де болжауға мүмкін емес проблемалардың шешімін табуға жетелейді.
Бұл диплом жұмысында бірлескен топтық жұмыс әдістемесін меңгерудің міндеттері, жолдары, қолданудың әдіс-тәсілдері, сонымен қатар аталған әдістемені қазақ тілі пәнін оқытуда, оқушыларды шығармашылыққа баулуда қолданудың тиімділігі қарастырылады. Сондықтан, қазіргі білім беру процесінде топтық жұмысты қолдану мәселесі өзекті болып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет