Дипломдық жоба " Манипуляторлы роботтың электр жетегін жасау" 6В07116 "Автоматтандыру жəне басқару"



бет25/28
Дата12.06.2022
өлшемі1,63 Mb.
#36731
түріДиплом
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
Акжигитов С.Ұ

ҚОРЫТЫНДЫ


Өндірістерді автоматтандыру Қазақстан Республикасының даму жолдарының бір бағыты болып табылады. Қазіргі таңда осы мәселені шешу үшін өндірісте қадағалау басқару жүйелерін қолданады.


Қазақстан Республикасы өзінің даму ғасырында халықтың жағдайын жақсарту, күрделі жұмыстарды автоматты түрде басқарылуын қадағалап жыл сайын нәтижесін арттыруда.
Дипломдық жұмыста автоматты басқару жүйесінің қадағалау жүйесін зерттеу қарастырылған. Қадағалау жүйесіне синтез және анализ жасалды. Келіспеу сигналы туралы ақпарат беріп, сол сигналды түзетуге мүмкіндік беретін, электрлік импульсті сигналды күшейтуге арналған импульсті режимде жұмыс істейтін қадағалау жүйесі қарастырылды.
Тұрақты токтағы қадағалау жүйесіне энергетикалық, статикалық және динамикалық есептеулер жүргізілді. Біз бұл есептеу барысында қадағалау жүйесі үшін орындаушы құрылғыны, келіспеуді өлшегішті қалай таңдау керектігін, сонымен қатар түзеткіш құрылғының параметрлерін анықтауды қарастырдық. Жүйенің синтезі үшін түзетуші операциялық жүйенің болуын талап ететін, транзисторлы күшейткіштен тұратын қадағалау жүйесінің кері логарифмдік амплитуда-фаза жиіліктік сипаттамасын қолдандық.
Түзетілген жүйені зерттеп, бастапқы жүйеге қарағанда орнықтылау болатынына көзіміз жетті. Амплитуда және фаза бойынша үлкен орнықтылық қорын иемденеді, басқару уақыты да жақсы. Бұл орнықтылық қорлары тұйықталмаған тұрақты ток қадағалау жүйесінің логарифмдік амплитуда-фаза жиіліктік сипаттамасында көрсетілген.
Өнеркәсіпте сонымен қатар зауыттар мен фабрикаларда, өндіріс орындарында қадағалау жүйелерін пайдалану жұмыс сапасы мен тиімділігін арттырады. Осы аталмыш жоба жетекшіммен бірге орындалып, ойдағыдай нәтиже берді.
Өзімнің осы кезге дейінгі төрт жыл бойы алған білімім мен практика уақытында алған тәжірибемді нақтылай отырып, берілген дипломдық жобаны қарастырдым. Білім мен Ғылымның шарықтаған кезеңінде алдыңғы қатарлы дамыған елдердің қатарына қосылу үшін кәсіпорындарды автоматтандыру керек екеніне көз жеткіздім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет