Дипломдық жоба " Манипуляторлы роботтың электр жетегін жасау" 6В07116 "Автоматтандыру жəне басқару"



бет27/28
Дата12.06.2022
өлшемі1,63 Mb.
#36731
түріДиплом
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28

КІРІСПЕ


Зайырлы Қазақстан өнеркәсібінде түсті металлургия, мұнай өндіру, теміржол саласы, телекоммуникация алдыңғы қатарда тұрған өнеркәсіп орындары.


Автоматты басқару жүйелері өнеркәсіп дамуында ерекше орын алады. Дамушы өнеркәсіп ошақтары қазіргі заманға сай жасалған техника және технология құралдарымен жабдықталуда. Адам еңбегі автоматты басқару техникаларымен алмасып, өндіруші өнім сапасы жоғарылап, экономиканың өркендеуіне зор үлесін қосты.
Қазіргі заманда адам өмірін автоматтық басқару жүйелерінсіз (АБЖ) елестету мүмкін емес. Автоматтық басқару әдістері өндірісте және ғылыми зерттеулерде кеңінен қолданылады.
Автоматты басқару жүйелерінің бірі қадағалау жүйесі де өндірістің барлық түрінде кең қолданылады. Электрлік қадағалау жүйелері ауқымды функционалдық мүмкіндіктерге ие, әртүрлі реттеу объектілерін басқарудағы техникалық талаптардың көпшілігін қамтамасыз етеді, типтік сериялы электрлік машиналарды қолдануға мүмкіндік береді.
Жұмыстың технологиялық бөлімінде қадағалау жүйесіне, қадағалау жүйесінің синтезі үшін қажетті құрылғыларға талдау жүргізілген.
Арнайы бөлімде қадағалау жүйесінің логарифмдік амплитудалық және фазалық жиіліктік сипаттамасы мен түзетуші кері байланыс арқылы импульсті режимде жұмыс істейтін тұрақты ток қадағалау жүйесінің құрылымдық сұлбасы келтірілген. Сондай-ақ сол сұлба бойынша тұрақты ток қадағалау жүйесіне есептеу жүргізілген.
Жұмыстың экономикалық бөлімде автоматтандыру жүйесінің өндіріске енгізілуінің экономикалық тиімділігі, АБЖ-ны енгізуге кететін шығындар, жылдық үнемдеу мен өзін-өзі өтеу мерзімі есептелінді.
Еңбекті қорғау бөлімінде еңбек қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі және қоршаған ортаның ластанбауы қаралған. Қауіпті және зиянды факторларына талдау жасалған және АБЖ-ің құрылғылары орналасқан бөлменің жарықтануының есептеулері орындалған.
Өндірістік үрдістерді автоматтандыру автоматты жүйенің арнайы тобын қолданумен байланысты қадағалау жүйесі сияқты автоматты басқару жүйелері кең қолданыста. Осы берілген дипломдық жұмыстың негізгі мәселесі импульсті режимде жұмыс істейтін тұрақты ток қадағалау жүйесінің синтезімен танысу болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет