Ұңғыма түп аймағын термоқышқылды өңдеу.
Ұңғыманың түп аймағына әсер етудің бұл жолы ұңғыма түбін ыссы қышқылмен өңдеуден енгіз алады. Ал қышқылдың қызуы магний немесе оның балқымаларының (МЛ-1, МА-1 және т.б) тұз қышқылымен экзотермиялық реакцияға түсу себебінен. Ол үшін СКҚ аяғында орнатылатын реакциялық ұштықтан HCl-дың жұмыс ерітіндісін айдайды. Сол кезде келесідей реакция жүреді:
Mg+2HCl+H2O=MgCl2+ H2O+ H2+461,8 кДж (2.1)
Хлорлы магний (MgCl2) ерітіндіде қалады. 73 г таза HCl мен 24,3 г Mg әрекеттескенде қышқыл толығымен бейтарапталып 461,38 кДж жылу энергиясы бөлінеді. Яғни, 1000г магний қатысымен 18987 кДж жылу бөлінбек. 1 кг магнийді еріту үшін 15%-тік тұз қышқылының ерітіндісінің 18,61 л мөлшері қажет.
Кесте 2.12
Ерітіндінің әртүрлі температурасын алу үшін қажетті 15%-тік тұз қышқылының ерітіндісінің мөлшері (1 кг магнийге сәйкес)
HCl мөлшері, л
|
50
|
60
|
70
|
80
|
100
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
Ерітінді температурасы,
|
120
|
100
|
85
|
75
|
60
|
Кесте 2.12 жалғасы
Жылу балансы теңдеуінен Q=V·Cv·Δt Vл ерітіндіні қыздыруға Q кДж жылудың толық мөлшері бөлініп, бар жылу сыйымдылық Cv (кДж/л· oC), онда ерітіндінің қызуы Δt oC немесе
Δt=Q/(V· Cv) (2.2)
15%-тік тұз қышқылының ерітіндісінің жылусыйымдылығын ескеріп келесіні аламыз:
Δt=18987/(18,61· 4,1868)=243,2 oC
Мұндай есептеуден жылулық эффект пен бейтарапталған қышқыл ғана шығады. Сондықтан ерітіндінің активтілігін сақтау үшін 1 кг магнийге 18,61 л ерітіндіні аламыз.
Көп жағдайларда реакциялық ұштыққа 40-100 кг дейін магниймен толтырады және 15%-тік тұз қышқылының ерітіндісін 4 м3-тан 10 м3 дейін алады.
Өңдеудің екі түрі бар.
Ұңғыма түп аймағын термохимиялық өңдеу – ыстық қышқылмен өңдеу, бұл жағдайда магнийді еріту үшін қылқылдың артық мөлшері айдалады ол түптегі карбонаттарды ерітуге қажетті HCl-дың 10-12% концентрациясын сақтау үшін.
Ұңғыма түп аймағын термоқышқылды өңдеу – термохимиялық пен ұңғыма түп аймағын қышқылды өңдеуді байланыстыра жүргізу. Және де қышқылды өңдеу әдеттегі немесе қысыммен болады.
Тұз қышқыл ерітіндісін айдай, жылдамдығы ұштықтан шыққан ерітіндінің жоспарлаған температурасы бірдей болуын қамтамасыз ететіндей болуы шарт. Бұл шарттың орындалу қиындығы магнийден қышқыл ерітіндісін өткізгенде оның көлемі мен салмағы өзгеріске ұшырайды, қышқылмен жанасу беті, реакциялық ортаның температурасы, қышқыл концентрациясы өзгерісте болады.
Әртүрлі жер бетіндегі зерттеулер арқылы келесілер анықталды. Тереңдіктегі қысымдарда реакциялық ұштық, 3 МПа қысымнан жоғары болғанда магнийді жоңқа түрінде пайдаланылады, және де қысым жоғары болған сайын жоңқа кішірек болуы керек. 3 МПа-дан төмен қысымдарда-төртбұрыш, шеңбер қимасындағы шақпақтар түрінде. Мәселен, 1 МПа-ға дейінгі қысымда шыбық көлемі 10-15 см2, ал 1 ден 3 МПа дейін қысымда магний шыбығы мөлшері 1-5 см2 қа дейін азаяды.
Ұңғыма түп аймағын термохимиялық тұзқышқылды өңделуі қабат температурасы төмендеу ұңғыларда тиімді және ол аймақта егер қатты көірсутектердің шөгінделуі айқындалса (шайырлар, парафиндер мен асфальттар).
Достарыңызбен бөлісу: |