Дипломдық жоба бес негiзгi 5 бөлiмдерден тұрады: геологиялық; технологиялық және арнайы; экономикалық


Геологиялық құрылымының сипаттамасы



бет4/39
Дата06.01.2022
өлшемі1,68 Mb.
#13942
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
Диплом Акинген

Геологиялық бөлім



    1. Геологиялық құрылымының сипаттамасы

Ақінген кен орны–Каспий маңы ойысының оңтүстік–шығыс ернеуі белдеміндегі газ-мұнай кен орны.

Әкімшілік негізінде Атырау облысы, Жылыой ауданында Құлсары қаласынан оңтүстік-шығыста 40км қашықтықта орналасқан.

Жақын елді мекендер болып сәйкесінше,солтүстікке қарай 35км,50км және оңтүстік батысқа қарай 45км қашықтықта орналасқан Қосшағыл, Құлсары және Қаратон мұнай кәсіпшіліктері болып табылады.

Облыс орталығы Атырау қаласынан кен орыннан солтүстік батысқа қарай 315 км қашықтықта орналасқан. (Сурет 1.1) Елді мекендермен байланыс асфальтталған және топырақ жолдармен жүзеге асырылады.

Зерттелу аймағы орфографиялық тұрғыдан қарағанда шөлейтті болып келген жоталанған типті болып табылады. Территория топырағы негізінен солонец және сорлардан және бархан тәріздес құмдарынан тұрады. Сорлар кейде үлкен көлемде кездеседі,көбінесе бір бірімен сор ойпаттарын түзіп қосылып жатады.

Аудан климаты қатаң континентальды. Ауа температурасы +400C-ден (жаз мезгілінде) және –300C-қа (қыс мезгілінде) дейін ауытқуымен сипатталады. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200мм-ден аспайды.

Құрылым сейсмобарлаумен 1979 жылы терең бұрғылауға дайындалды, іздестіру жұмыстары да сол кезде басталды,1980 жылы ашылды.Барлап-бұрғылау 1983 жылы аяқталды.

Ақінген күмбезіндегі мұнай мен газдың барланған қойнауқаттары төменгі бор қабатына жатады. Іздестіру барлау жұмыстары нәтижесінде құрылымның оңтүстік шығыс қанатында бес өнімді горизонт орнатылған: І альбтік, аралық альбтік, ІІ альбтік, апт неокомдық, неокомдық.

Ақінген кен орны 1994 жылы ПОЭН - нің ЦНИЛ жүргізген пайдалану жобасына негізінде игеріле бастады. Ақінген кен орны 1992 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 1994 жылдың 31 желтоқсанына дейін І альбтік 4 ұңғыма (№ 6,8,9,10) бойынша бақылаулы пайдалануда болды.Кәсіптік игеруге жылдың қаңтарынан бастап берілді.

Кен орын қос қанатты тұз күмбезді құрылымнан орын алған. Төменгі бор тау жыныстарында өнімді бес горизонт бөлінді. Олардың ішінде екі альб жікқабатына тиесілі горизонт мұнайлы,апт-неоком және неоком жікқабаттарына тиесілі горизонттар (І қойнауқат және ІІ қойнауқат) газды және неоком тікқабатына тиесілі горизонт мұнайлы-газды.

1994-2005 жылы кен орында 20 пайдалану ұңғылары (№17, 101, 102, 103, 104, 105, 106, 107, 108, 109, 110, 112, 113, 201, 202, 203, 204, 205, 206, 207) бұрғыланып, пайдалануға берілген. Пайдалану ұңғыларын бұрғылау барысында кезінде бекітілмеген мұнай шоғырлары анықталып, келесі горизонттар ашылды:аралық горизонт мұнайлы,апт неоком горизонт газмұнайлы, І неоком горизонт мұнайлы, ІІ неоком горизонт (І қабат газмұнайлы, ІІ қабат газды, ІІІ қабат газмұнайлы), ІІІ неоком горизон газмұнайлы.

ЦТИ «Казмұнайгаз» 01.01.2006 жылы есептеулер жағдайы бойынша 25 ұңғыны бұрғылау нәтижесінде «Ақінген кен орны бойынша мұнай мен газ қорларын есептеу» қорытындысы жасалды.

Бұл ұңғымалар туралы қосымша мәліметтер қойнауқаттың геологиялық моделін жасауға,флюидтердің параметрлері мен сипаттамаларын дәлірек анықтауға мүмкіндік береді.



Бұл жұмыста кен орнын игерудің қазіргі күйіне баға беру және игерудің тиімді нұсқасының негізі көрсетілген. Осы есеп беруде ұңғымалардың торлары мен қабаттарға әсер ету әдістері бойынша әртүрлі болатын игерудің үш нұсқасы қарастырылған және жүзеге асыруға үшінші нұсқа ұсынылған.

Сурет 1.1. Ақінген кен орнының орналасу картасы





      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет