Дипломдық жоба бес негiзгi 5 бөлiмдерден тұрады: геологиялық; технологиялық және арнайы; экономикалық



бет6/39
Дата06.01.2022
өлшемі1,68 Mb.
#13942
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
1.1.2 Стратиграфиясы

Ақінген кен орны екі қанатты тұз күмбезді құрылымға жатқызылады.Ауданы бойынша іздеу-барлау және пайдаланушы ұңғылар төрттік шөгінділерден бастап пермотриас шөгінділеріне дейін қабаттар ашылды.

Ақінген күмбезіндегі мұнай мен газдың барланған қойнауқаттары оңтүстік-шығыс қанатындағы антиклинальды құрылымын құрайтын төменгі бор шөгінділерімен байланыс түзеді. Төменгі бор қабатында жеті өнімді горизонт ерекшеленген:І-альбтік мұнайлы,аралық альбтік мұнайлы,ІІ-альбтік мұнайлы,апт-неокомдық газмұнайлы, І-неоком мұнайлы, ІІ-неоком І-қабат газмұнайлы, ІІ-қабат газды, ІІІ-қабат газмұнайлы, ІІІ-неком газмұнайлы.

Өнімді горизонттардың жатыс тереңдіктері:альбтік горизонт 660-682 м, апт-неокомдік горизонттар 927м, неокомдік горизонт 1028-1111м тереңдіктерде орналасқан. Жатындар қойнауқаттық-күмбездік және қойнауқатық, литологиялық тұрғыдан қалқаланған. Альб мұнай жатындарының биіктігі 10-16м,неоком газ горизонтының мұнайлы бөлігінің қалыңдығы 6 м. Газ жатындарының биіктігі 11-22м. Су-мұнай жапсары 679-877м белгілерде, газ-су жапсары 947-1090 м белгілерде орналасқан. Өнімді қабаттың қимасы терригендік таужыныстардан құралған, жинауыштары кеуекті.



Пермь жүйесі - Р

Төменгі бөлімі – Р1

Кунгур ярусы - Р

Кунгур ярусы ангидрид және тас тұзынан құралған.

Ашылған тереңдігі 694м.



Пермотриас РТ

Пермотриас жасындағы литологиялық шөгінділер өзара ауысып отыратын құмтастар, алевролиттер, саздар, сирек құмдармен сипатталады. Құмтастар сұр және жасылдау сұр,түйіршіктері орташа,тығыз кейде пиридтелген болып келеді. Құмдар сұр,түйіршіктері орташа кейде сазды,ал саздары ала және қызғылт қоңыр түсті болып келеді.

Ашылған тереңдік 140-160м.

Юра жүйесі – J

Төменгі юра – J1

Төменгі юраның тау жыныстары арасында түйіршіктері орташа және ұсақ құмдар,құмтастар қабаттарымен және құмайытты саздар мен гравеллиттер қабатшаларымен сипатталады. Төменгі юраның ашылған қалыңдығы 41-68м.



Орта юра – J2

Орта юра жасындағы тау жыныстары құм және саз қабатшаларының кезектесуімен сипатталады. Құм мен құмтастар саз үстінде орналасады,саз сұр және күңгірт сұр түсті болып келеді. Орта юраның ашылған қалыңдығы 538м.



Жоғарғы юра – J3

Литологиялық жоғары юра төменгі бөлігінде сұр түсті,өте қатты,әктас және кремнийлі қосылыстар кезектесе орналасқан мергельмен, ал жоғарғы бөлігі күңгірт сұр және ашық жасыл түсті, карбонатты, әлсіз алевритті саздармен сипатталады. Жоғарғы юра тау жыныстарының ашылған қалыңдығы 79-100м.



Бор жүйесі – К

Төменгі бор бөлімі - К1

Готерив ярусы – К1g

Литологиясы тығыз емес, сұр мен жасыл-сұр түсті сазбен және қатты, ашық сұр түсті құм мен құмтастар қабатшаларымен сипатталады. Қатпардың қалыңдығы 116-145м.



Баррем ярусы – К1dr

Литологиясы ала түсті саздармен және қм және құмтастар қабатшаларымен сипатталады.Қатпар қимасында үш өнімді горизонт анықталады. Қатпардың қалыңдығы 287-319м аралығында өзгереді.



Апт ярусы – К1a

Литологиясы күңгірт сұр түсті, тіпті қара түсті, тығыз, майлы, әктас емес саздармен сипатталады. Табанында апт-неоком өнімді горизонты орналасқан. Қатпар қалыңдығы 60-87м.



Альб ярусы – К1a

Сұр және күңгірт сұр түсті, тығыз саздармен және жеке құм, құмтас, алевролиттермен сипатталады. Қатпар қимасында екі өнімді (аралық альбтік, ІІ-альбтік) горизонт анықталған. Қатпар қалыңдығы 176-222м.



Альб-сеноман( бөлінбеген ) – К1+2a1+s

Жоғарғы альб және сеноман саз бен құмтастар кезектесуімен, сонымен қатар құм қабатшаларымен сипатталады. Табанында І-альбтік мұнайлы горизонт анықталған. Қатпар қалыңдығы 195-249м.



Жоғарғы бор бөлімі – К2

Тұран-конъяк ярусы – К2t+k

Жасыл-сұр түсті сазды мергельмен және ақ бор, кейде пирит қосылған, қатты әктасталған, жасыл түмті саз қабатшаларымен сипатталады, сонымен қатар табанында фосфорлы галька орналасқан. Ярус қалыңдығы 28-43м.



Сантон ярусы – К2st

Қиманың жоғарғы және төменгі бөлігінде жасыл сұр түсті мергель және саздардың кезектесуімен сипатталады, ал ортаңғы бөлігінде ақ бор қабаттар орналасқан. Ярус қалыңдығы 28-43м.



Кампан ярусы – К2km

Ашық жасыл сұр түсті, тығыз, мергель сияқты, кей жерлерде құмтасты саздардан құралған. Мергеьдер сұрғылт-ақ түсті, беріктігі орташа, құмтас қосылған қоспа, сонымен қатар құрамында пирит кристалдары бар. Ярус қалыңдығы 73-95м.



Мастрих ярусы – К2m

Фауна қалдықтары бар негізінен ақ бордан және бор тәрізді ақшыл сұр түсті саздардан құралған. Ярус қалыңдығы 103-118м.



Дат ярусы – К2d

Әктасты саздармен кезектесетін күңгірт және жасыл түсті мергельдермен сипатталады. Ярус қалыңдығы 19-29м.



Палеоген жүйесі – Р

Палеоцен төменгі эоцен – Р12

Төменгі бөлігінде құмтасты және сазды материалдардың карбонатты қоспасы бар қызыл, жасыл реңі бар,тығыз мергельдермен сипатталады. Жоғарғы бөлігінде балық қабыршақтарының қалдықтары бар сұрғылт ақ, жасыл сұр, ақшыл сұр түсті,тығыз мергельдерден тұрады. Ярус қалыңдығы 103м.

Неоген-төрттік қатпарлар(бөлінбеген) – N+Q

Әктасты құм алевролитті қоспадан және фауна қалдықтарынан тұратын сұрғылт сары түсті, әртүрлі түйіршіктері, гипстелген құмдармен, күңгірт сұр, сарғыш сұр түсті саздармен сипатталады. Қатпар қалыңдығы 35м.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет