1.1.3 Тектоникасы
Ақінген кен орнында іздеу-барлау және пайдалану ұңғылары бұрғыланып, неоген-төрттік тау жыныстарынан бастап кунгур ярусының галоген шөгінділеріне дейін ашты.
Тектоникалық жағынан Ақінген құрылымы төбесі IV шағылыстырушы горизонт бойынща көрінетін тұз күмбезді құрылым болып табылады. Күмбездің төбе жағы амплитудасы 400м қыратпен күрделенген.
Жобада тұз ядросы оңтүстік-батыстан бастап солтүстік-шығысқа қарай созылған антиклинальды формалы және екі еңісі бар:солтүстік - батыс және оңтүстік-шығыс.
Төбе жағындағы тұз жабынының ең биік нүктесі сейсмобарлау мәліметтері бойынша 1900м, ал №1 ұңғыманы бұрғылау мәліметтері бойынша 1715м.Ақінген құрылымы тұз үсті тау жыныстары бойынша амплитудасы 300м екі қанатқа бөлінген:солтүстік-батыс көтеріңкі және оңтүстік-шығысы түсіріңкі.
Солтүстік-шығыс қанаттың шегінде №3 және №5 терең іздеме ұңғылар бұрғыланды, бірақ онда өнімді қабаттар ашылмады.
Оңтүстік-шығыс қанат F1 ығыспасына субпараллель созылатын Ғ2 субендік созылманың тектоникалық бұзылуымен қиындайды, ол солтүстік және оңтүстік өрістерге бөлінген, сондықтан осы қанат шегінде бор шөгінділері бойынща екі тектоникалық экрандалған қақпандарының пайда болуына әсер етті.
Оңтүстік-шығыс қанаттың перифериялық бөлігінде V горизонт бойынша антиклиналь көтерілулерді экрандайтын аз амплитудалы көмілген тектоникалық бұзылу білінеді. Бұл обьекті юра шөгінділерінде ізденулерге жол ашады.
Ақінген күмбезіндегі мұнай және газ қойнауқаттарының барлама мәліметтері, оның шығыс қанатында антиклиналь құрылым құрайтын төменгі бор шөгінділерімен байланыс түзуде.
Достарыңызбен бөлісу: |