Жалпы мағлұматтар
Ақінген кен орынында коллекторлық қабаттар жоғары кеуекті құмтастардан алевролиттерден, құмдардан және алевролиттардан түзілген.
Құмтастар сұр, ұсақ түйірлі аз карбонатты, аз сазды. Кеуектілігі 20,9-33,8%, тығыздығы 2,6 – 2,67 гр/см3, саздылығы 6,04 – 39,65%, карбонаттылығы 3,26 – 21,63% шегінде өзгеріп отырады.
Алевтолиттер күңгірт сұр ұсақ және ірі түйірлі аз карбонатты, ақ саздың арасында ОРО бар. Кеуектілігі 20,1 – 35,5%, тығыздығы 2,58 – 2,68 гр/см3, саздылығы 1,17 – 43,1%, кабонаттылығы 2,29 – 32,2% шегінде өзгеріп отырады.
Құмдар мен алевралттер сұр, ұсақ және ірі түйірлі аз карбонатты, аз сазды. Кеуектілігі 29,5 – 37,4%, тығыздығы 2,65 – 2,78 гр/см3, саздылығы 8,7 – 20,77%, карбонаттылығы 2,8 – 4,74% шегінде өзгеріп отырады. Жабын ретінде суда ОРО қосылған күнгірт сұр түсті саздар құрайды, ол неоком гаризонттарында аревролитпен, құмтаспен ретсіз араласып жатады. Саздардың кеуектілігі 6,4 – 30,2%, тығыздығы 2,6 – 2,69 гр/см3, кабонаттылығы 3,4 – 13,38% шегінде өзгеріп отырады.
Кен орынды сынау және бұрғылау жұмыстары барысында жер беті жағдайында мұнайдың 27 сынамасы алынып, зерттелінді.
Ақінген кен орны бойынша І неоком, ІІ неоком І қабат, ІІІ неоком горизонттарының қабаттық мұнайының физико-химиялық қасиеттері үш тереңдік сынамалар негізінде зерттелген және «Қазақойл-Ембі» ААҚ ЦНИЛ зертханаларында горизонт мұнайына анализдер жүргізілді.
І неоком горизонтының қабат қысымы 10,7МПа,қанығу қысымы 6,85МПа және қабат температурасы 400С тең екендігі анықталды. Газдық құрамы 49,04м3\т ,қабаттық мұнай тығыздығы 0,7736г\см3 тең.
ІІ неоком горизонтының І қабатының қабат қысымы 11,66МПа, қанығу қысымы 7,2МПа және қабат температурасы 420С тең екендігі анықталды. Газдық құрамы 80,08м3\т, қабаттық мұнай тығыздығы 0,6489г\см3 тең.
ІІІ неоком қабат қысымы 11,78МПа, қанығу қысымы 3,6МПа және қабат температурасы 430С тең екендігі анықталды. Газдық құрамы 23,44м3\т,қабаттық мұнай тығыздығы 0,659г\см3 тең.
Жалпы алғанда кен орны бойынша алынған газ компоненттік құрамы бойынша біртипті. Анализ қорытындыларына сәйкес газдар майлы, құрғақ, құрамындағы метанның мөлшері 87,5-96,13%, этан 1,61-4,85, пропан 0,164-1,413%, азот 0,875-3,206% мөлшерде екендігі анықталды. Газдың тығыздығы 0,68-0,829 г\л шегінде өзгеріп, ал меншікті салмағы 0,5075-0,7054 г\см3 аралығында өзгеретіні кесте 1.1 көрсетілген.
Кесте 1.1
Ақінген кен орны мұнайының физико-химиялық сиппаттамалары.
№
|
Атаулары
|
Өлшем бірлік
|
Мәндері
|
1
|
Горизонттың жату тереңдігі
|
М
|
660-1226
|
2
|
Бастапқы қабат қысымы
|
МПа
|
5,9-11,2
|
3
|
Қанығу қысымы
|
МПа
|
6,85
|
4
|
Газды фактор
|
м3/тн
|
Неоком III-23,4
Неоком II-80
|
5
|
Кеуектілігі
|
Доли ед.
|
0,28-0,35
|
6
|
Тығыздығы
|
г/см3
|
0,8424-0,9070
|
7
|
Өткізгіштігі
|
мкм2
|
0,421-1,190
|
8
|
Тұтқырлығы, темп 20˚
|
сст
|
402,1
|
9
|
Күкірт
|
%
|
Альб. - 0,23-0,29
Неоком. – 0,08
|
10
|
Шайыр
|
%
|
Альб. - 2,9-3,7
Неоком. – 6
|
11
|
Парафин
|
%
|
Альб. - 0,88
Неоком. – 5
|
Достарыңызбен бөлісу: |