Дипломдық жоба тақырыбы: Ілияс Жансүгіровтың "Құлагер" поэмасын оқыту әдістемесі



бет9/20
Дата19.09.2023
өлшемі127,23 Kb.
#108739
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20
Байланысты:
Диплом жумысы 2023 Кулагер

2- сызба

Қазақ әдебиеті пәнінен көркем әдеби шығармаларды оқушылардың ізденіп оқуын педагогикалық тұрғыдан ұйымдастыруға негізделеді. Көркем әдеби шығармаларды оқытудың негізгі мақсаты – оқушылардың ой-өрісін дамыту, әдеби білімін тереңдету, халықтың бай мұрасын, ұлттық мәдениетін таныту, үйрету, әдебиеттің ғылыми-теориялық жағын жете түсіндіріп, оны өмірмен байланыстыра білуге ынталандыру. Әдебиет пәні бойынша ақын шығармаларын оқытуда жоспар құрылып, жүйелі жұмыс жүргізілген жағдайда ақынның мұрасын оқушылардың жете түсініп, ой елегінен өткізіп, өзіндік көзқарас қалыптастырып, ой-толғам жасауы толық жүзеге асатынын әр қырынан қарастырамыз. Шығармаларды оқушылардың жас ерекшелігіне сай оқуға, поэмадан ұнаған үзінділерді жаттатуға әбден болады.


«Құлагер» поэмасын оқи отырып әр шумақ, әр жол, әр сөздің өзіндік салмағы, өзіндік орны барын сезінесің. «Іші алтын, сырты күміс» сөз саптаған ақын өнеріне таң қаласың.Поэманың бас кезінде:
Ол күнде осы тауда жалғыз жан жүр,
Дүниеден аулақтаған дабыр-дүбір.
Қара шал қайыңды отырып көлеңкелеп,
Бір қу бас шал үстінде ілулі тұр, -деген шумақты оқимыз. Бұл ақынның жұмбақтауы. Поэма желісі өз жұмбағының шешуін біртіндеп оқушысына жеткізеді.
Шығармаларды оқып танысу мерзімі аяқталған соң оқушылардың түсініп оқу деңгейін, әдебиетке деген ынтасын, қызығушылығын бақылау мақсатында сауалнама жүргізуге болады.

  1. Шығарманың тақырыбы___________________________

  2. Шығарманың өзекті ойы, идеясы қандай?______________________

3.Ақын не туралы айтпақ болды деп ойлайсың? __________________
4.Мәтінді оқу кезінде өзіңе ерекше әсер еткен эпизод?________________
Сауалнама сұрақтары бойынша сұхбат жүргізіледі, оушылар өздеріне ұнаған өлең жолдарын мәнерлеп оқиды, кейбірі жатқа айтады. Оқушыларды мәнерлеп оқуға үйрету мақсатында тыңдалым әдісі қолданылады, қаблеті мен бейімділігін, білім деңгейін ескере отырып, түрлі бағыттағы жұмыс түрлері ұйымдастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет