3 тапсырма. Жеке жұмыс. «Еркін әңгіме» әдісі арқылы оқушы берілген тақырыптардың біреуін таңдап, шағын эссе жазады. Өзі жазған эссесін автор орындығында отырып оқиды. Бұл әдіс өткен сабақты бекітуге тиімді. Поэма мен бүгінгі өмірді салыстыра отырып төмендегі тақырыптардың біріне шағын эссе жазады:
1. Сүрінбе, Құлагерім!
2. Батыраштардың бағы жана ма?
3. Құлагер – әкең тұлпар, шешең – сұңқар ...
Дескриптор: - Автор стиліне сүйенеді;
- шағын эссе жазады.
4 – тапсырма. Топпен жұмыс. ТТБ (Тану, талдау, бөлу) әдісі. Оқушыларға поэма желісі бойынша бес топқа үзінділер беріледі. Топ ішінде сол үзінділерін өзара бөліседі, оқиды, ортаға салады, тыңдайды.
Дескриптор:
Топ бөлінген үзінділерді оқиды, негізгі ойды анықтайды.
Поэма мазмұнын оқиға желісі бойынша толық меңгереді.