Дипломдық жоба тақырыбы: Ілияс Жансүгіровтың "Құлагер" поэмасын оқыту әдістемесі


Ілияс Жансүгіров шығармаларының қазақ әдебиеті пәнінің бағдарламасында берілуі және



бет7/20
Дата19.09.2023
өлшемі127,23 Kb.
#108739
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20
1.2. Ілияс Жансүгіров шығармаларының қазақ әдебиеті пәнінің бағдарламасында берілуі және оны оқытудың педагогика-психологиялық негіздері

«Құлагер» поэмасы 1936 жылдың қара­ша айында «Социалистік Қазақстан» (қа­зір­­гі «Егемен Қазақстан») газетінің бірнеше сан­дарында жарияланады. Бұл ақынның эпикалық жырларының ең соңғысы және поэзиясының ең биік шыңы. Сол газеттегі әдебиетші, сыншылардың айтқан сын-ескертпелерін назарға сала отырып, автордың поэманың соңғы нұс­қа­сын кітап етіп шығаруға әзірлегені жө­нін­де Мұхаметжан Қаратаев былай дейді: «Ілияс Жансүгіровтің жазу­шы­лық қызметі 1937 жылы үзіліс тапты. Үзі­ліс алдында оның жазып үлгергені – «Құлагер» поэмасын кітап етіп шығаруға әзірлеген толық, кемелді нұсқасы еді. Газет нұсқасы бойынша әдебиет ортасы поэмаға дән ризалығын білдірумен бірге, жақсара түсу үшін, бірқатар ақыл-кеңес айтқан болатын. Ілияс соның бәрін ескеріп, бірнеше ай бойы өңдеп, жөндеп, толыққан нұсқасын баспаға ұсынған кезде бұл нұсқа жарық көр­мей қалды да, қолдан шығып кетті. Қазір жарияланып жүргені газет нұсқасы» [3].
Ал 1960 жылдардың басында орта мектеп оқулығында беріле бастады. 1966 жылы әдіскер-ғалым Ә.Дайырованың «Ілияс Жансүгіров поэмаларын мектепте оқыту» [8] атты әдістемелік құралды жарыққа шықты. Бұл әдістемелік құралда «Құлагер поэмасын оқыту» атты ІІІ тарауында поэма орта мектептің 10 сыныбында берілгені айтылады. Ал қазіргі таңдағы жаңартылған білім мазмұны негізінде жасалған бағдарламада Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасы 9 сыныпта оқытылады.
Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің әрқайсысына тән ерекшелік пен өзгешелікті, даралық пен даналықты танытудың алғашқы баспалдағы мектептен басталады. Осыған орай, диплом жұмысының зерттеу нысанасына өзек болып отырған тақырып - әдебиетте өзіндік өрнегі, қолтаңбасы, өр үні бар ақын, жазушы, қайталанбас қалам иесі І.Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасын мектеп оқушыларына толық жаңа қырынан таныту. Қазақ елінің іргелі елдермен иық теңестіру үшін білімнің аса қажеттігін бар болмысымен түсінген және оны халқына жан-тәнімен үндеген, көрнекті ақын І.Жансүгіровтың еңбегі туралы қазақ әдебиетінде аз айтылып жүрген жоқ.
Оқытудың психологиялық-педагогикалық негізін білу әр оқушының таным, білік деңгейін дұрыс саралаудың негізгі шарты болмақ. Оқу үрдісінде қабылдау оқушының ойлау, түсіну қабілетімен тығыз байланысты жүзеге асады. Сабақ барысында оқушылардың қабылдау кезеңін,қабылдау үдерісін ұйымдастырудың, яғни оқушы назарын оқуға аударудың маңызы, өзіндік мәні зор болып есептелінеді.Шығарманы тыңдай, оқи білмеген жерде қабылдау үрдісі де өз дәрежесінде жүзеге аспайтыны туралы Ә.Қоңыратбаев, Т.Ақшолақов, т.б. әдіскер-ғалымдар өз еңбегінде дәлелдеп көрсеткен. Поэманы оқушыларға меңгертудің бірден-бір жолы – ой мен сезім, образдар мен тіл өрнегін тұтас талдауға байланысты. Оқыту үрдісінде көркем әдебиеттің өзіне тән ерекшелігі үнемі ескеріліп отырылуы қажет.
Поэманы оқыту, оқу, талдау, түсіну барысында оқушы бойында түрлі психологиялық әсер болады. Оқушы кейіпкермен бірге қуанады, қайғырады, болып жатқан оқиғаға жаны ашып, жек көрініш сезімі пайда болады. Оқушы бойында қалыптасатын психологиялық сезімді кесте арқылы көрсеттік:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет