Дипломдық жоба тақырыбы: Ілияс Жансүгіровтың "Құлагер" поэмасын оқыту әдістемесі



бет6/20
Дата19.09.2023
өлшемі127,23 Kb.
#108739
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Бір үйде өлеңші отыр жұрт мақтаған,
Сөз сатып, тиын тілеп елді ақтаған.
Толтырып сүйек-саяқ дорбасына
Бір қора қайыршылар жүр қаптаған.
Ілияс халықтың қадірін асыратын əдет-ғұрып, салт-сананың жарасымдылығын дəріптеп, адамды табына, тегіне, дəулетіне қарап мың құбылатын сорақы қылығын əжуа етіп, мысқылдайды. Заман адамының психологиясын айнытпай береді.
Əдебиетте талант пен дарынсыз адам арасындағы күрес үнемі ақын-жазушылар шығармаларынан көрініс тауып келеді. Балуан күреске талтаңдатып, ноқтасын сыпырып əкеп, ортаға бірінші шығарған түкті қараны бейнелегенде ақын оны жолбарысқа, бұқаға, бураға теңейді. Күреске шыққан кеңкөк төс, кең жауырын, үңгір қараға қарсылас табылмай тұрғанда малшы жігіт Жақып шығады. Ақын оны сексеуіл, шегіртке, оқ жылан, шортан, көк бөрі сияқты метафоралармен бейнелейді.
Метафора, ауыстыру (грек тілінде ауытырып қою деген мағына береді) – екі нəрсені, құбылысты салыстыру жəне жанастырып-жақындастыру негізінде астарлы тың мағына беретін бейне сөз немесе сөз тіркесі. Ол əдебиетте сөздің бейнелілік, суреттілік қасиетін арттыратын сөз құралдарының бірі [6].
Бірін қара қабанға, екіншісін сары мысыққа теңейді. Екеуі өлерменге келгенде халық оларды айырып жібереді. Жан беріп, жан алған осы ғаламат динамикалы арпалысты өмір мен өлім тайталасы ретінде бейнелейді.
Сахара өміріндегі ерекше серуен, халықтың серпінді күшінің думанындай қызықты бір рақаты – ат шабыс дəстүрін ақын дəлді детальмен, нақты сурет арқылы, зор шабытпен жырлайды. І.Жансүгіров бұл орайда ғасырлар бойы қалыптасқан, фольклорлық көркемдік тəсілдерді, тұрақты теңеу, метафора, эпитет жүйелерін мол қолданады.
Бəйгеге 1300 тұлпар қатысады. Осылардың ішінде қазақ қиялындағы ең жақсы ат болып суреттелетін Құлагер белгілі ат сыншысы Күреңбайдың көзімен «Құлагер» тарауында беріледі. Поэманың осы тұсында көрінетін Күреңбай сыншы бейнесі оқушының ойында мол əсер қалдыратын бейне. Жұрт атына күліп, Ақанды келеке қылғанда, сыншы тұлпарды көріп:
Сыншының келіп көрді отыз-қырқы,
Күреңбай көріп деді:
«Жаман сұрқы,
...Алдынан ұмтылғанда аң құтылмас,
Артынан жөнелгенде жетпіс жылқы! – дейді.


Күреңбайдың сөзіне жиналған қауым таң қалады.
Сөз соңындаКүреңбай:
Егер де шын жылқыны мен танысам,
Хақ мұның қырып-жойып бəйге алмағы [4, 331] – деп шын жүйріктің бағасын беріп кетеді.
Поэмада Ілиястың ақындық шеберлігін нақты танытатын тұсы – Құлагерге берген сипаттамасы. Ғалым Р.Нұрғали өзінің «Қазақ əдебиетінің алтын ғасыры» зерттеу еңбегінде Ұлы Абайдың «Аттың сыны» өлеңінде жүріске берік, ұзақ сапарда иесін жолда қалдырмас «Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ» берік аттың бейнесін жасаса, Ілияс ақын халық фольклорына сүйене отырып, ұшқан құстың қанаты талып, жүгірген аңның тұяғы күйетін, ұзақ жерге шабатын өрен жүйрікті сипаттағанын атап көрсетеді [7, 240].
Осы бəйгеге қатысқан мың үш жүз жүйріктің алдына төрт саңлақ шығады. Кенет бір ат көрінбей қалады. Батыраштың Көктұйғыны, Айтпақтың Күреңі, Шорманның Буырылы зуыдап келеді. Құлагер жоқ!...
Поэманың «Жалғыз қазық» тарауында құстай ұшып, Көктұйғынмен құйрық тістесіп келе жатқан Құлагердің үстіндегі бала тізгінді жіберсе-ақ өзге аттарды арттқа тастар сəтте, Көкөзектегі қылтада мерт болған трагедиялық картинасын көрсетеді. Екі көзі қанталап, бойын ыза кернеген жендет жанаса беріп, заулап келе жатқан Құлагерді шекеден айбалтамен сақ еткізіп ұрып жібереді. Ақын бұдан кейінгі қайғылы халді ақын аллегориялық, символикалық сипатпен береді.
Қайғылы ақын, қанатынан айрылған Ақан сері адамды жоқтағандай, Құлагердің ажалына арнап аяқ астынан суырып салып трагедиялық əн шығарады. Осы тұста І.Жансүгіров Ақан серінің əйгілі əнінің мəтіні шебер пайдаланған:
...Құлагер, жаз жайладым, қыс жайладым,
Артына қызды ауылдың көп байладым.
Жеріне қамшы тимес, пышақ тиіп,
Құшақтап қу басыңды ойбайладым... [4, 161].
Поэма туралы зерттеуші ғалым М.Қаратаев «Бай, бай, Құлагерім» əнінен бастау алып, реалистік сюжетке құрылған, эпикалық қуаты ерен, сезімді тасытып, қиялды шарықтатқан «Құлагер» поэмасы шын мағынасында поэзияның сұлу сарайы, Жансүгіров творчествосының биік шыңы», – деген болатын.
Құлагер өлімін Батыраштан көрген қалың жұрт əуелде толқындай көтеріліп, селдей қаптап, құныкерді таптап жібередей болады, бірақ дəлелді айғақ табылмай, Алтай жағы мойындамайды. Батыраш болса: «сыбағалы бəйгемді бермедіңдер», – деп жер тепкілеп, Керейлердің өзіне пəле салады.
Тіпті болмаған соң «Қарауылдың бір жылқысын тартып сойдым, неғыласыңдар, керек болса, еліңді шабам»,– деп қорқытады. Бір-біріне көнбей аяғында көпшілік тарап кетеді. Айдалада Құлагердің басын құшақтап зарлап, жылап, көзінен қанды жасы ағып Ақан сері отыр:
«Қош, енді қалдың кейін, Құлагерім!
Тұрмадың жығылғаннан жылап едім.
Жалғанда саяқ жүріп таяқ жедім,
Көретін күнім шығар бұ да менің...[4].
Ақын Ақанды қаныпезерлікке, арамдыққа қаны қас, таза, ірі мінезді, кісілікті, əулие ретінде көрсетуге барын салған.
«Сюжет – өзара жалғасқан оқиғалар тізбегі, біртұтас желісі» [2, 612] десек, ақын поэма сюжетін ширақ дамытып отырған. Кейіпкерлері де көп емес. Тартыс бір ғана мəселенің – Құлагердің төңірегінде өрбіп, сол арқылы қоғамдық- əлеуметтік өмірдің бар шындығы ашылады [6, 136].
Құлагер – Ақан серінің сұлулық, əсемдік идеясы еді. Құлагерді өлтіру ақын, əншінің көркемдік мұратын өлтіру болатын. Поэмадағы əсемдікті, жарықты қара түнектің жұтуын бейнелеген ақын поэмасының оптимистік рухы қайғыдан туғанмен өр, мəңгі жасайтын, халық жүрегінен орын алған, қанды қол жендетке қарғыс таңбасын бастырған өрен тұлпарға ескерткіш орнатқан «Құлагер» əнінің туып, таралуында жатыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет