Дипломдық жоба тақырыбы: Ілияс Жансүгіровтың "Құлагер" поэмасын оқыту әдістемесі


І тарау. Ілияс Жансүгіров шығармаларының ерекшелігі мен орта мектепте оқыту тарихы



бет4/20
Дата19.09.2023
өлшемі127,23 Kb.
#108739
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
І тарау. Ілияс Жансүгіров шығармаларының ерекшелігі мен орта мектепте оқыту тарихы
1.1.Ілияс Жансүгіровтың “Құлагер” поэмасының көркемдік ерекшелігі мен жазылу тарихы
Жансүгіровтің ұзын сарынды эпикалық поэмалары қазақ тарихындағы елеулі кезеңдерді, ел басындағы қуаныш пен ауыр күндерді, әр заманда өмір сүрген адамдар өмірін жырлауға арналған. Өнер тақырыбындағы алғашқы «Күй» атты поэмасын 1929 жылы жазды. Ақынның өнер тақырыбында жазған тағы бір туындысы – атақты «Құлагер» поэмасы. Бұл поэманы ақын қазақ халқының ардагер ұлы Ақан серіге арнаған. Ақан сері – ХІХ ғасырдағы қазақ елінің рухани мәдениетінің тарихынан елеулі орын алатын белгілі өнер қайраткері. Ол – дарынды композитор, ақын, әнші. Өзі өмір сүрген заманының әр қилы мәселелерін айқын өнер тілімен кқрсете білген, оның әдеби музыкалық мұрасы мол. Ақан серінің әдеби музыкалық, әншілік еңбектері жайлы көптеген ғылыми-зерттеу еңбектері бар. Сол еңбектердің барлығында Ақан серінің асқан өнерпаздығы, халықтың рухани азығы болған тамаша поэтикалық, музыкалық шығармалар бергені айрықша атап көрсетілген. Поэмаға арқау болған оқиға – тараудың басындағы тұсында сері болсын, пері болсын, өмірімен ұнаған Ақан және тұлпар ат Құлагер.
Бұл поэмада Ақан өмір сүрген заманға, қоғамға деген ақынның авторлық тенденциясы айқын. Поэманың толғану атты кіріспесінде-ақ Ілияс Жансүгіров Ақан сері өмір сүрген феодалдық заманға өз көзқарасын толық білдіріп өтеді:
«Бақ туын тұрғанда ұстап бүгін қазақ,
Көңілі судай тасып, оттай маздап.
Ескі күні елім көрген енді ойласым,
Көрінер кейде қорлық, кейде мазақ».
Негізгі мақсаты – ескі өмір мен бүгінгі ұрпақты таныстыра отырып, сол шірік заманға өз замандастарының ыза-кегін өршіте түсу. Осылай толғана отырған ақын халқының ескі тарихын, тұтастай қаралап, мансұқтамайды да. Қанайшылар билеген сол қара түнек заманда еңбекші халық жасаған рухани асыл қазынаға да үңіледі.
Сырттай қарағанда, поэманың негізгі сюжеті Ақан серінің бір әніне ғана құралған сияқты. Ал, мұқият қарағанда, поэмның идеялық шеңбері одан да кеңірек. Сол бір оқиғаның керегісін кеңіте отырып, ақын бас кейіпкер Ақанның трагедиясын ашады. Ақан трагедиясы ақан сияқты мыңдардың трагедиясы екенін жинақтап танытады. Ақан өмірін жырлай отырып, сол бүкіл феодалдық заманның зұлымдығын, ірік-шірігін әшкерелей түскен. Поэманың идеялық түйіні осыда.
Ілияс Жансүггіровтің «Құлагер» поэмасы – сюжетті поэма. Поэма сюжетін құрайтын оқиғалар асты бейнеленген тарауларда ат жарсын, Құлагердің мерт болуын, сонымен байланысты ақанның қайғы-шерге көмілуін суреттеген тарауларда баяндалған. Өзге поэмаларға қарағанда, бұл поэманың сюжеттік-копозициялық бітімінде өзгешеліктер бар екені рас. Мәслен, оқиғаны басынан бастамай, аяғынан алып қарасақ та жектілікті. «Туған жер» атты басқа тарауда ақын Көкшетауда жападан-жалғыз қайыңды көлеңкелеп отырған қара шалды, оның үстінде ілулі тұрған аттың қу басын әңгімелейді. Міне, осы әңгіме-жұмбақтың сырын айтпақ боп ақын шегініс жасайды. Бүкіл оқиғасы сол шегініс арқылы береді де, «Аттың азалы әні» деген соңғы тарауда баяғы алдыңғы тараудағы қара шал мен аттың қу басына қайта оралады. Поэма сюжетін құрудағы бұл қаусырмалы композицияны ақын шебер де ұтқыр пайдаланады.
Поэманың бас қаһарманы –Ақан сері Қорамсаұлы. Осы бас кейіпкер өмірін бейнелеген поэма жанрының шеңберінен аспай, осы жанрдың адам образын мүсіндеудегі көркемдік мүмкіншілігін белгілі дәрежеде ұтымды пайдаланғанын көреміз. Ол ең алдымен оқырман қауымды Ақан серімен біраз таныстырып өтеді. Бұл ретте ақын Ақан серіге кең көлемде мінездеме беріп кетеді. Сол мінездеме арқылы Ақан серінің ұнамды тұлғасы анықтала бастайды.
Поэмадағы Ақан сері образын сөз еткенде Құлагерді айту аса қажет. Ақынның Құлагерді суреттеуі және оның қадір-қасиетін баяндауы бас кейіпкер бейнесін толғандырып тұр. Ақан серінің Құлагері туралы және сол Құлагердің өкінішті қазасы жайлы шығарған әнінің хикаясы жөнінде ақынның поэма жазуы – қазақ поэмасының тақырыптық мазмұндық арнасындағы ұлттық ерекшеліктерді де аңғартады. Атқа байланысты оқиға жайлы арнайы поэма жазуы ақынның өз халқының ежелден келе жатқан ұлттық психологиясымен тығыз байланысын танытады.
Ілияс Жансүгіров ауыз әдебиетіндегі, жазба әдебиеттегі дәстүрді тек қана жалғастырып қойған жоқ, өзінше өрістетті. Мәселен, Ілияс суреттеген Құлагердің Қобыландының Тайбурылынан, Алпамыстың Байшұбарынан, Қамбардың қара қасқасынан, Төлегеннің Көкжорғасынан өзгешелігі бар. Ауыз әдебиетіндегі аттар әсірелеу арқылы берілсе, Ілияс Құлагерді әсірелемейді де, кейіптеп суреттемейді.
Құлагер – Ақан серінің сұлулығы, идеалы. Оның түсінігінде ондай тұлпар енді келмесі анық. Сол тұлпармен жүрек түкпіріне ұялаған әсемдік, көркемдік бәрі жоғалған. Оның бұрынғыдай ән айтуы да, ел арасында жайраңдап жүруі де екі талау. Құлагерге жұмсалған айбалта, Ақанның өзіне тиген, ол енді тірі өлік.
Сол заманның зұлым күшінің нақтылы өкілі ретінде поэмада көрінетін кейіпкер – Батыраш. Ол – Ақан серіге қарама-қарсы бейне. Ақан серімен майданға ашық шықпай, жар астынан бұқпантайлап келіп, өз арам ниетін іске асырады. Ашық әрекетке баспайтыны – ол Ақан серінің жақтайтын дүйім елден қаймығады, жасқанады.
Ал, поэманың тіл байлығы төтенше. Өзге поэмадағылардай, бұнда да ақын еркін төгілген, образды бейнеге бай құнарлы тілімен оқырманды эстетикалық ләззатқа бөлеп, бірден баурап алады.
«Құлагер» поэмасындағы ақынның көркемдік шеберлігі, тілінің аса шұрайлығы жайлы М.Қаратаев «Қазақ поэзиясының Құлагері» атты зерттеуінд: «Мұндағы ұмытылмас сұлу картиналар, айқын, әдемі образдар, шындықтан туған романтикалық леп, бұлақша сылдыраған нәзік лирикалық сезім, серпінде, кең эпикалық құлаш, балы сорғалаған құнарлы бай тіл, ұйқасы сыңғырлаған кәдімгі он бір буынды қара өлеңнің мінсіз-мүлтіксіз үлгілері «Құлагер» поэмасын шын мәнінде поэзияның «сұлу сарайы», Жансүгіров творчествосының биік шыңы деуге толық дәлел бола алады» [1, 25] - деп түйген болатын. Тілінің байлығы, тазалығы, мөлдірлігі мен бейнелілігі жағынан «Құлагер» - қазақ поэзиясындағы ең үздік поэмалардың бірі.
Ақын «Құлагер» поэмасын 1936 жылы жазған. І.Жансүгіров бұл поэмасында қазақ халқының өмірін, өткен оқиғалар тоғысын, даму, өзгеріс тұрғысынан қарап, əлеуметтік-қоғамдық проблемаларды жеке адамдардың тағдырын, нақты, реалистік көркем тұлғалар арқылы бейнелеген.
Шығармаға ХІХ ғасырдың екінші жартысында дүниеге келіп, ХХ ғасырдың басында опат болған, əрі ақын, əрі сазгер, күрескер азамат Ақан сері Қорамсаұлының өміріндегі драмаға толы, трагедияға ұласқан оқиға негізге алынған. Ақан серінің тағдыры – ешкімге ұқсамайтын қызғылықты, азабы мен күресі көп күрделі тағдыр [2, 134]. Ақанның ақындығы да, əншілігі де, серілігі де Құлагермен тікелей сабақтас. Құлагер – оның өмірінің жартысы, жарқын жағы. Сондықтан шығармадағы Құлагер трагедиясы – Ақан трагедиясы. Поэманың реалистік күші де, əлеуметтік өткірлігі де осы өзекті тақырыпты шебер де əсерлі жеткізумен көрінеді.
Автор бастапқы шумақтарында оқушының ойына Ақан туралы аңызды салады да, шығарманың кейінгі бөлімдерінде лирикалық шегініс арқылы «Қайыңды көлеңкелеп отырған қара шалдың» бастан кешкен оқиғаларына ауысады, момақан тау, шипа көл, тыныш алаңда қарағай басында қу бас ілінген ағаштың көлеңкесінде бір қара шал отырғанын баян етеді. Қара шал –Ақан. Кеуіп қалған қу бас – Құлагер аттың басы [3, 68]. Ақын өз кейіпкері Ақанның тентіреп, тау-таста жүру себебінің əлеуметтік-қоғамдық сырын ашады.
Поэмада Ақан сері мен Батыраш бұрыннан бірін-бірі білетін адамдар ретінде суреттеледі. Өр көңіл, жуан кеуде Батыраш сұлу əйел, жүйрік ат, бақ-дəулет тек өзінде болуын қалайды. Арқаға даңқы шыққан Құлагерге қызығып, Ақанға кісі салып, алтын жамбы, жесір əйел, үйірлі жылқыға атын берсін деп сəлем жолдайды. Бұл сұрауға илікпеген Ақанға кек сақтап, ерегісіп, жүйрік Көктұйғынды сұлы жегізіп, сүт беріп мəпелейді.
Ат шабысқа жиналғандардың ойы, түйсігі өздерінің ортасының өмір салтынан қашық емес екенін, жүйрік атты өзге байдың алдында салтанатын асыру үшін, атақ-абырой үшін ұстайтынын көрсетеді. Ақын Батырашты қазақ билеушілерінің бүкіл сипаттарын бойына жинаған образ ретінде берген. Аты бəйгеден келмеу деген ол үшін өліммен тең қорлық болып саналады.
Ал Ақанның жүйрік тануы, бағалауы мүлде басқаша. Ол Құлагердің бойынан өзінің жан рақатының сарқылмас азығын, сұлулық пен əсемдіктің көзін табады. Сондықтан да оны адамдай құрметтейді.
Ақын поэмада жүйрік аттың да теңсіздік үстем қоғамда бір-біріне қайшы екі түрлі мақсатқа қызмет еткенін асқан шеберлікпен суреттеген.
Астың бір мезгілінде əн тыңдап отырған елдің көңілі аңызға айнала бастаған Құлагерге ауысады. Біресе Құлагерді, біресе Көктұйғынды мақтап, жамандап, əр қилы сөз айтқан əлдекімдер Батыраш пен Ақанның арасына от салады. Батыраш өзінің байлығын бұлдап Ақанның кедейлігін, жалғыздығын бетіне басып: «төренің атын ерттеп мінген байғұс ел Қарауыл едің», – деп кемсітеді. Ашудан жарылған ақын «Құлагер Көктұйғынның басы-көзін су ғып озбаса, атым сенікі»,– деп серт байлайды. Онда, ақын Құлагерге тағдырдың не дайындап қойғанын қайдан білсін: «Ауылым қонған Сырымбет саласына», – деп шырқап салған əнін жалғастыра береді.
Қазақтың бұрынғы салты бойынша қайтыс болған дəулетті тұқымның ұрпақ- тары аруақты еске алып, шамасы келсе үш жүзге хабарлап, үлкен ас берген. Кең далаға əйгілі болған осындай астың бірі Арқада Ерейменді мекен еткен, малы көп, малайы мол, бірнеше əйел алған, үрім-бұтағы қаулап өсіп бай болған, жасы тоқсан төртке келіп өлген керей Сағынайға берілген. Бұл ас шамамен 1850-1860 жылдар арасында өтеді. Оған Құлагерін алып Ақан да келеді. Ілияс Жансүгіров поэманың «Ас» тарауында қазақ өмірінің, тұрмыс-салтының тамаша білгірі екенін көрсетеді. Ақын қысқа ғана штрих жасап, кішкентай деталь арқылы əр түрлі адам бейнелерін, тұрмыс суреттерін жасайды:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет