Дипломнан кейінгі білім беру факультеті жалпы клиникалық пәндер және жедел жәрдем кафедрасы



Pdf көрінісі
бет48/51
Дата22.12.2023
өлшемі1,56 Mb.
#142614
түріДиплом
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
Клиникалық жағдай №20 
48 жастағы науқастың шағымдары: қалыпты, тыныш жағдайдағы 
ентiгу, күшейе түсетін жалпы әлсiздiк. Жеті жыл бұрын медиастинум мен 
перифериялық 
лимфа 
түйіндерінің 
зақымдануымен 
сипатталған 
лимфогранулематоз диагнозы қойылған. Алты жыл бойына жағдайы 
қанағаттанарлық болған. Соңғы жылы 4000 рад дозасында медиастинум 
аймағына рентгендiк ем тағайындалған. Екі ай бұрын ентiгу басталған. 
Объективтi: жалпы жағдайы орта ауырлықта, акроцианоз, бетi мен 
мойыны iсiнген, мойын веналары томпайған. Лимфа түйiндерi үлкеймеген, 
перифериялық iсiнулер жоқ. Жүрек ұшы түрткісі анықталмайды. Жүрек 
шектерiнiң сол жағы бұғана орта сызығында. Жүрек тондары әлсiз
ырғақты, жүрек ұшы мен семсерше өскiншеде жақсы естiлетiн, үш мүшелi 


93 
ырғақ бар. АҚ 110/80 мм сын. бағ. Пульсi 90 минутына, кiшкентай, 
парадокстiк. Iшi бос сұйықтық есебiнен үлкейген, жұмсақ. Бауырдың 
Курловпен өлшемдерi 11х10х9 см, шетi қатты, ауырады. Ұлғайған 
бауырды біраз уақыт басып тұрғанда мойын веналарының томпаюы 
күшейдi. Дене қызуы 37,3
0
С. Қан, несеп анализдерi ауытқусыз. 
ЭКГ-де: тiсшелер вольтажы кемiген, барлық тiркемелерде терiс Т 
тiсшесi мен кеңiген биiк Р тiсшелерi. Рентгендік тексеруде: жүрек 
конфигурациясы мен өлшемдерi қалыпты.
Жүрек катетеризациясында оң жүрекше мен қарыншада бiрдей, биiк 
диастолалық қысым.
1. Осы ауруға тән триаданы (Бэктің үш белгiсiн) бөлiңiз. 
1.
Iсiну-асциттiк синдром, бауыр ұлғаюы
2.
“Кiшi, үнсiз, жиі” жүрек 
3.
Жүрек ырғағының бұзылысы 
4.
Веналық қысымның жоғарылауы 
5.
Митральдi стеноз 
2. Жүректiң қай ауруы туралы ойлауға болады? 
1. Экссудатты перикардит 
2. Сәулелiк этиологиялы констрикциялық перикардит 
3. Миокардит
 
4. Жүрек ақауы
 
5. Бауыр циррозы 
3. ЭхоКГ-да анықталатын өзгерiстер: 
1.
Сол қарынша қабырғаларының гипертрофиясы 
2.
Перикард қуысындағы сұйықтық 
3.
Жүрек iшiлiк тромбтар 
4.
Перикардтық жабысқақтар 
4. Аурудың ең мүмкiн себебi? 
1.
Туберкулездiк зақымдану 
2.
Идиопатиялық зақымдану 
3.
Ревматизмдiк қабыну 
4.
Медиастинумды рентгендiк емдеудiң салдары 
5.
Лимфогранулематоздың перикард зақымдануымен рецидивi 


94 
5. Ем тактикасы:
1.
Глюкортикоидтардың үлкен дозалары 
2.
Операция (перикардиолиз) 
3.
Тұз бен сұйықтық ішуді шектеу 
4.
Диуретиктердi тағайындау 
5.
Перикард пункциясы 
Жауаптары:
1. 1, 2, 4. 
2. 2. 
3. 5.
4. 4. 
5. 2, 3, 4. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет