«Университеттік білім беру жүйесінде болашақ педагог-психологтардыңдиагностикалыққұзыреттілігінқалыптастырудыңғылыми-тәжірибелікалғышарттарыменәдіснамалықнегіздері»деп аталатын бірінші бөлімде қазіргі кезеңдегі болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастыру мәселесін шешуге бағытталған ғылыми зерттеулерге, теориялық тұжырымдамаларға талдау жасалып, басшылыққа алынатын жетекші әдіснамалық тұғырлар сипатталды, аталмыш сапаны қалыптастыруға әсер ететін университеттік ортаға талдау жасалды, болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттіліктерінің құрылымы мен мазмұны ашылды.
«Университеттік білім беру жүйесінде болашақ педагог-психологтардыңдиагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастырудың теориялық негіздері»екінші бөлімінде зерттеу міндеттерін шешуде пайдаланылған негізгі ережелер мен құзыреттілік әлеуеті зерттелді. Болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастыру үдерісінің моделі құрылып, ғылыми тұрғыда негізделді.
Үшіншібөлімдеболашақ педагог-психологтың диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастырудың ұсынылған әдістемесін сынақтан өткізу бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыс бағдарламасы, диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастыру деңгейін бағалаудың диагностикалық құралдары таңдалды. Диагностикалық құзыреттілікті қалыптастыру әдістемесін сынақтан өткізу бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыс жасалып, нәтижелері ұсынылды.
Қорытындыдаболашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастыру мәселесін зерттеудің болашақтағы бағыттары айқындалып, тұжырымдар жасалды.