1.4. Айтыс - ұлы өнер.
Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша ұлттық ерекшелік, дәстүр бар. Әр
халықтың туа бітті болмысына, өмір кешу жағдайына орайлас қалыптасқан осы
дәстүрлердің тоғызын уақыт өзі екшеп, озығын ел кәдесіне жаратып жатса,
мұның өзі адамзат көшінің жарасымымен ілгері озуына септігін тигізбек.
Үшінші мыңжылдықтың аясында өз кемесінің желкенін керіп шыққан қазақ
халқының ешкімге ұқсамайтын бітімі мен болмысын ажарлайтын ұлттық қадір-
34
қасиеті аз емес. Соның бірегейі есте жоқ ерте замандарда туып, қалыптасып,
дамып - жетіліп, бүгінгі күннің де қажетіне жарап отырған халық ауыз әдебиеті
болса, оның ең бір өміршең жанры – айтыс та ұлттың ескірмес рәміздерінің
қатарында жаңа ғасырдың табалдырығынан аттап отырғаны талас тудырмайды.
Ұлы ұстазымыз М.Әуезов: «Айтыс заманында өзге елдерде де болған.
Парсыда «мұшайра» арабтарда «мұғалләкәт» деген. Арабтардың көшпенді
бәдәуилері қара сөзбен емес, үнемі өлеңмен сөйлескен, қазақ халқының аса бір
ұлы қасиеті сол қынаптан суырып алған қылыштай қолма – қол қиып айтатын
айтқыштығында, айтыскерлігінде. Бұл қай халықтың алдында да мақтануға
тұрарлық өнер», - деген еді. Осы өнер қазір тек қазақ пен қырғызда ғана қалды.
Әсіресе, қазақ ішінде үздіксіз дамып келеді.Айтыстың алғашқы бұлақ көзі
тұрмыс-салт жырларындағы «Жар-жар» мен «Бәдік» жырларынан басталған.
Кейін қыз бен жігіт айтысына да (қайым өлең) ұласқан. Келелі ақындар айтысы
— екі дай жұрттың ортасында бетпе-бет отырып, қолма-қол шығарылып
айтылады. Қазақ айтыстары жанрлық сипаты жағынан түре айтыс, сүре айтыс
болып екіге бөлінеді. Алғашқысына бір-бір ауыз өлеңмен қайырылатын
айтыстар жатса («Жар-жар», «Бәдік»), кейінгісіне келелі, кесек ақындар айтысы
енеді («Ақсұлу мен Кеншімбай», «Әсет пен Ырысжан», «Сүйінбай мен
Қатаған», «Жамбыл мен Құлмамбет», «Молда Мұса мен Манат қыз»,
«Кемпірбай мен Шөже», «Орынбай мен Тоғжан», «Біржан мен Сара» тағы
басқа). Айтыс мазмұндық сипатына қарай, әдет-ғұрып айтысы және ақындар
айтысына жүйеленеді. Соңғысы тақырып аясына қарай жұмбақ айтыс, мадақ
айтыс, тағы басқа болып жіктеледі.
Қазақ қоғамында ақынның ақын болып танылуы да тек айтыс арқылы
жүзеге асқан. Көбіне-көп айтыста жеңілген ақын өткен айтысты ел арасына
таратуға міндетті саналған. Сөйтіп, бір-біріне логикалық ой-жүйемен терең
жымдасқан екі ақынның өлеңдері біртұтас дүниеге, қисса, дастан секілді желілі
шығармаға айналған. Айтыс ақындарының ұғымында өлең белгілі бір кісіге
қонатын өнер саналған. Кемпірбай, Базар, Бұдабай, Бақтыбай, Сүйінбай,
Жамбыл
тәрізді ақындар өлеңнің «киесі бар, иесі бар» деп білген. Мысалы,
Бұдабай, Бақтыбай, Жанақ
ақындар түсінде бір ақсақалды әулиенің «өлең
аласың ба, көген аласың ба?» деген таңдатуынан соң, өздерінің өлеңді
қалағандарын айтады. Бұл табиғатынан осы өнер түріне бейім жаратылған
ақындардың ой-қиялының жемісі болуы да ғажап емес.
Дала демократиясының жүзі қайтпайтын қаруына айналған ақындар
айтысы ақиқаттың аузын буған не бір қатаң заманның өзінде хан мен төренің,
би мен бектің бетіне қасқайып тұрып тіке айтқаннан айныған емес. Осылай
тәрбиеленген халық «бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деп, оны ұлттық
моральдық кодексінің темір қазығына айналдырған. Ақындардың шымырлатып,
шыңғыртып шындықты айтқан шумақтары қашанда халықтың рухын
асқақтатты.
Сонау Қазтуған, Шалкиіз заманынан бері қарай ақиқатты айнымай айта
алатын ақындық дәстүр желісі үзілмей жалғасып келіп, Сүйінбай, Жамбыл,
Құлмамбет, Әсет, Біржан, Шөже, Кемпірбай, Нүрила, Ұлбике,Орынбай,
Исаларға ұласса, бұл сол ғасырлар бойы өр рухын түсірмеген дәстүр
35
сабақтастығының жемісі.
Айтыс қай дәуірде де халық өмірінің айнасындай дидарынан,
демократиялық табиғатынан таймаған өнер. Қоғамдық - әлеуметтік салада
айтыскерлердің назарына тыс қалатын қалтарыс та, бұлтарыс та болмады.
Баяғыдан келе жатқан айтыстың жазылмаған, бірақ, жұрт мойындаған кодексі
осы. Айтысқа саясат, билік араласса, онда ол өзінің қасиетін, қоғамдағы орнын
жояды, қадір-қасиетінен айырылады.
Осы заманғы ақындар айтысы мазмұн, түр жағынан да өзгерді. Тәуелсіз
алған жылдардан бастап айтыстың ежелгі дәстүріне құрмет көрсетіліп,
айтыскерлердің еркін ой толғап, кең көсіле құлаштауына жол ашылды. Тілінің
тұсауы кесілді.соның нәтижесінде айтыс өнері тұла бойындағы қасиетін сақтай
отырып халқымызбен қайтадан, жаңаша қауышты.ақындардың ойы да, сөзі де
шешілді.еркін ойлайтын, батыл айтатын, бетінен ешкім қақпаған кең тынысты
жас буын ақындар келді.
Қазіргі айтыстарда қайталау көп, әсіресе сөзге әуестену басым. Бір
айтқанын ұмыттырып жіберіп, басқа айтыста түгел қайталау дағдыға айналып
барады. Ауыздан шыққан сөздің елге тарайтынын және де оны жұрттың көбінің
есте ұстайтынын жадында ақындар ұмытпағаны жөн.
Ақындарға тән олқылықтың бірі–ырғақтағы кедейлік. Осы кезде
ақындардың үнемі айтып жүрген ырғағын бірнеше топқа бөлуге болады. Серік
Құсанбаевтың ырғағы, Мұхамеджанның ырғағы, Мелстің ырғағы, Аманжолдың
ырғағы, Ақмаралдың ырғағы, Оразәлінің ырғағы. Бұлар да ақындардың өздері
жасап алған ырғақ емес, көбіне халықтық ырғақтар. Айтыскерде өзіндік бет
болу, айтыста сол өзіндік бетімен көріну баяғыда дәстүрге айналған. Қазіргі
ақындардың өзіндік «мені» әлсіз. Көбі қарсыласын мақтаудан бастайды.
Айтыскер қарсыласын мақтаған кезде оны өз мақсатына жету үшін ғана мақтау
керек. Мақсатсыз мақтай беру – өзін-өзі кемсітудің, орынсыз қорланудың бір
түрі. Өзіне сенбеген, қарсыласын өзінен жоғары қойған ақыннан жеңіс күтуге
болмайды.
Әуезовтің айтыс жанры туралы сүбелі еңбегінің бірі - 1946
жылы
Жамбылдың 100 жылдық мерейтойында жасаған «Жамбылдың айтыстағы
өнері» дейтін баяндамасы [65. 55] Бұл еңбегінде автор ақындар айтысының үш
халықта - қазақ, қырғыз, қарақалпақтарда бар екенін айтады. Ақындар
айтысына ұқсас жанрдың көшпелі араб тайпаларында бар екеніне (мұғалақат)
тоқталып, қазір ірі жанр ретінде жоқ болғанмен, ертерек уақыттарда Еуропа
халықтарында да айтысқа ұқсас жанрлар болғанын атап көрсетеді. Айтыскер
ақынға тән қасиеттер ретінде алғыр импровизаторлық қасиет, дүниетанымның
кеңдігі, тапқырлық, батылдық тағы басқа қасиеттерді санамалап айтқан.
Жамбыл айтыскерлігін мысалға ала отырып, айтыстағы демократиялық үрдістің
дамуын және жыршылық дәстүрдің айтыс ішіне кіру ерекшеліктерін талдаған.
Ақындарға тән тағы бір кемшілік – қоғамның жақсылығын көрмей, ылғи
ғайбаттау. Қоғамның мінін айтқан теріс емес, бірақ, тауып айту керек. Содан
қорытынды шығатындай етіп айту керек. Тәуелсіздіктің елге берген құндылығы
аз емес, біздің ақындарда осы жағын айту жетіспейді. Өз жетістігімізді өзіміз
айтпағанда оны кім айтады. Ақындарсыз да аяқтан шалатын күншілдер қоғамда
36
жетеді. Ақындардың парызы – аталы сөз айту. Артына өнегелі сөз қалдыру.
Дайын іске мінші көп дегендей, кемшілік айтуға, қоғамды сынауға бәрі де
шебер. Ұрпаққа, келешекке қалар аталы сөзді кім айтады. Жоқты –барды
сахнада езіп отырып алу қаншалықты қажет? Қоғамға қазір өрелі ой, көшелі сөз
керек болып тұр. Айтыста өлең айту өз алдына, айтқан сөзін халыққа жеткізе
білу ақыннан үлкен шеберлікті талап етеді. Біреулер осал сөзінің өзін жеткізіп
айтып, жұрт ықыласын аударып жатса, біреулер тәп – тәуір сөзін жеткізе алмай
жатады.
Айтыскерлердің ішінде ерекше бағалайтын жігіттеріміздің бірі – Бекарыс
Шойбеков. Ол маған ұтымды, нақты айтатындығымен, дәмді сөзімен ұнайды.
Әсиямен айтысында жеңешесінің жасы келіп қалғандығын «Базардан келе
жатып жолықтың –ау, Базарға бара жатқан баламенен» - деп қалай әдемі айтқан.
Мұхамеджан Тазабековпен бір айтысында Алматы қаласының тозып бара
жатқанын:
Достарыңызбен бөлісу: |