Диссертация мамандығы 6М020500- «Филология»



Pdf көрінісі
бет12/27
Дата20.09.2022
өлшемі429,69 Kb.
#39538
түріДиссертация
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27
Байланысты:
Магистерлік диссертация

Алдамшы қорлар менен қулар да көп,
Қалың елге баратқан азабы өтіп.
Бұл жақта сендер бар деп сенуші едік,
Көрінгенге қоймас деп мазақ етіп.
Япыр –ау, ару қала Алматымды,
Не күйге түсіргенсің, Тазабеков, -деп жеткізіп айтады.бұл айтылған
олқылықтардың бәріне Тазабеков айыпты емес, алайда, Алматы қаласының
атынан айтысып отырған соң кінәні Мұхамеджанға таңып отыр. Жалпы
Бекарыстың айтыстарында мұндай опырып айтатын тұстар жетерлік. Айтысқа
ең керегі не дегенде, осындай ұтымдылықты айту керек. 
Айтыс қашанда халық өмірінің айнасы дегенде айтыста көтерілетін
әлеуметтік тақырыптарға байланысты ғана айтуға болмайды. Айтыста тіл
тазалығы да ерекше көңіл бөлуге тұратын фактор.бұл жағынан келгенде
Оразәлі Досбосыновтың көбінен шоқтығы биік. Әсіресе, ауыл өміріне қатысты
келісімді сөз тіркестерін, ұмыт болып бара жатқан ескі сөздерді тірілтіп
ұтымды пайдаланып, халықтық образды сөйлеу үрдісін айтыста тапқырлықпен
жетілдіруі көп жерде ақынның мерейін үстем етіп жүргені жұртқа аян.
Халықтықтың рухани өміріндегі ауытқулар мен серпілістер де айтыскерлердің
назарынан қалмайтын негізгі тақырыптардың бірі. Мұхамеджан Тазабеков
Бекарыс Шойбековпен айтысында: «Мәсінің қонышындай тар заманда,
Кебежедей көңілін кең сақтаған» - депті. Бұл жерде Мұхамеджан Өтпелі
дәуірдің қиыншылығын көріп, экономикалық қыспақта отырса да, халықтың
рухани байлықтан айырылмаған дегдар тектілігін айнытпай әрі өте әсерлі
жеткізген [6. 3].
Айтыс – еріккеннің ермегі емес, биік өнер. Ол – сөз бен ойдың,
тапқырлықтың шыңы. Сондықтан да айтыскерлерге терең білім, үлкен даярлық
керек. Айтысқа әр ақын өзінше дайындалады. Бұл баяғыдан солай болатын.
Тарихты зерделейді, қоғамдық ой қалыптастырады. Ата сөзін жинайды. Шежіре
ақтарады. Азаттық таңы астындағы ақындар осы үрдісті онан ары дамытып,
халықтық мәселелерді көтеруді айтыстың ажырамас бөлігіне айналдырды. Түре
айтыс па, сүре айтыс па, бәрінде де әлеуметтік мәселелер кең қамтылады. Бұл
37


үрдістің орнығып қалыптасуында атақты ақын Мұхамеджан Тазабековтың орны
ерекше. М. Тазабеков – айтысқа күшті даярлықпен келетін ақын. Әр кезекте өзі
туралы, қарсыласы туралы және тыңдарман жұрт туралы қатарынан ой қозғап
отыру Мұхамеджанның айтыстағы өзіндік стилі болып қалыптасты. Осы
заманғы айтыстың көшбасшысы болған ақынның тағы бір ерекшелігі айтар
сөзге де, ойға да бірдей мән беріп, қапысыз даярлық жасауынан көрінеді.
«Серкесіз өрген қойдай бытырайды, Ақылсыз айтылған сөз айтыстағы»,-
дегені ақынның айтыстағы ұстанымын танытады. Әр ақында осындай талап,
осындай ұстаным болса, айтыс өнерінің еңсесі түсе қоймасы анық.
Айтыс – қазақ халқының ежелден тұтынып келе жатқан төл өнері; хан деп,
қара деп бөліп жатпай, мінін бетіне басып, шыбын жанын шырқыратып
шындықты айтатын дегдар өнер. Сондықтан да оған алақанына салып әлпештеп
ұстайтын, шындыққа тура қарай алатын дегдарлық керек. Шүкір, бұл дегдарлық
біздің халқымызда бар. Халқымыздың бүгінге дейін айтысты асқақтатып,
әлпештеп отырғаны ұлттық демократиямыздың жоғары деңгейін көрсетеді.
Қытай жазбаларында Таң патшалығы дәуірінде түрктердің «қыса» (қаса –қазақ)
тайпасы домбырамен айтысады деп жазылғанын ескерсек, айтыс өнерінің
тарихы біздің халықтық тарихымызбен тамыры бірге, тереңде жатқанын
көреміз.
Қорытындылай келе, тәуелсіздік таңы аясында өткізіліп келе жатқан
ақындар айтысын теледидардан көріп, тамашалау халықтың рухани қажетін
қанағаттандырғанмен, айтысты зерттеуге ынтасы ауған жастардың қажеті
өтелмей келеді. Оның үстіне айтыс бүгінгі тыңдарманның дүниесі ғана емес,
ертең келер ұрпаққа керек мұра. Теледидардағы айтыс мәтіндері жазылған
кассеталар тозып, ондағы айтыстар жойылып барады. Бабалардан қалған аталы
өнерді кейінгі ұрпаққа табыстау – бүгінгілердің міндеті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет