«Өнер – жігіт көркі» деп
Ескермедік мақалды...
Біз болмасақ, сіз барсыз,
Үміт еткен достарым,
Сіздерге бердім батамды.
деп, қазақтың бейқам өткен өміріне өкініш білдіріп, келер ұрпаққа үміт
артады,
біз ескермедік, сендер естеріңнен шығармаңдар деп, «өнер – жігіт
көркі» дейтін халық даналығын өсиет етеді.
Бұл мысалдардан мақал–мәтелдердің әдеби–әлеуметтік мәні, атап
айтқанда, қоғамдық қарым-қатынастарды реттеуде ереже, заң қызметін
атқарғаны, ақындар мен шешендердің сөздерінде көркемдік дәлелдік қызметтер
атқарғаны айқын көрінеді.
Мақал–мәтел тұрмысындағы алуан түрлі уақиғаларды, қарым-
қатынастарды қысқа, тұжырымды тілмен түсіндіреді;
айтылмыс ойды
ажарлайды, әрі айқындайды. Сондықтан да халық оны «Жүздің көркі – сақал,
сөздің көркі мақал» деп жоғары бағалаған.
Мақал–мәтел ауыз әдебиетінің ең шағын түрі, әрқайсысы дербес шығарма.
Онда тура мағынамен қатар, астарлы мағына болады, негізгі ой астарлап
айтылады.
Мақал- мәтелдердің шығу, даму тарихын қоғам өмірінен, әлеуметтік ой-
сананың өсуінен бөле қарауға болмайды. «Таудай талап бергенше, бармақтай
бақ берсін», «Ісіңнің ағына қарама, маңдайыңның бағына қара» дейтін мақалдар
өткен қоғамның санасын елестетсе, «Талантты ерге нұр жауар», «Еңбек етсең
емерсің» деген сөздер – бүгінгі заманның жемісі. «Оқу – өмір шырағы, кітап –
білім бұлағы», «Отан үшін отқа түс -күймейсің»
дейтін мақалдар біздің
қоғамның ой-санасын бейнелейді.
Мақал–мәтел – ертегі, салт өлеңдері сияқты «кәрі» жанр. Көне Орхон-
Енесей түркі жазбаларында сақталған деректер соны көрсетеді. Махмұт
Қашқаридің «Дивани лұғат – ат - түрік» сөздігінен: «Ұлық болсаң кішік бол,
халық үшін бәлік бол», «Кісі аласы ішінде, жылқы аласы сыртында», «Тай ат
болса, ат тынар, ұл ер болса, ата тынар» дейтін, «Құдатғұ білік» дастанынан:
«Біліп сөйлесең білікке саналар, білімсіз сөз өз басын жояр», «Ауыздан бірде от,
бірде «су шығар, бірі жанса, бірі сөндірер»дейтін мақалдарды оқимыз.
Алайда, қазақ мақалдары мен мәтелдері,
негізінде, ауызша айтылып, халық
жадында сақталған. Оларды жинау, жариялау ісі ХІХ ғасырдың екінші
жартысынан, ал зерттеу тарихы кеңес дәуірінен басталады.
Қазақтың мақал – мәтелдерін алғаш қағаз бетіне түсірген ғалым – Шоқан
Уәлиханов. Ш. Ш. Уәлиханов пен И. Н. Березин архивтерінде ХІХ ғасырдың
елуінші жылдарында ел аузынан жазып алынған екі жүзден аса мақал – мәтел
сақталған. Москвада 1923 жылы «Мың бір мақал», Ташкентте 1927 жылы
«Қазақ мақалдары» (Құрастырушы Әбубәкір Диваев), Алматыда 1935 жылы
«Қазақтың мақалдары мен мәтелдері» (Құрастырушы Өтебай Тұрманжанов),
1950 жылы «Қазақтың мақал - мәтелдері» (Құрастырушы Балым Ақмұқанова)
атты жинақтар басылып шықты. Содан бері қазақ мақал – мәтелдері
толықтырылып, іріктеліп басылып келеді.
33
Қазақ мақал–мәтелдерін арнайы зерттеу «Қазақ әдебиетінің тарихы»
(Алматы, 1948) атты очерктен басталады. Онда «мақал - мәтел» зерттеуін
жазған Б. Шалабаев қазақ мақал –
мәтелдерін малшылық, аңшылық және
егіншілік туралы деп негізгі үш тақырыпқа бөліп қарайды, олардың тәрбиелік,
білім берушілік мәнін, қызметін көрсетеді, мақал мен мәтелдердің жанрлық
ерекшеліктеріне тоқталып, әрқайсысына анықтама береді. Алайда, автор мақал
– мәтелдің даму тарихына, жиналып, жариялану
жайына көңіл бөлмеген,
жанрлық ерекшеліктерін, өзге жанрлармен ара қатысын елемеген.
М. Ғабдуллин «Қазақ халқының ауыз әдебиеті» дейтін жоғары оқу
орындарына арналған оқулығында мақал – мәтелдерді жұмбақтармен бірге
дербес тарау етіп қарастырады.
Мақал мен мәтел – егіз жанр. Дегенмен мағынасына, құрылысына,
атқаратын қызметіне қарай әр қайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Мақал –
аяқталған ойды білдіреді, дербес тұрып та мағына береді. Мақалда дәлел мен
қорытынды қатар айтылады. Мысалы: «Еңбек етсең емерсің», «Қарманған
қарап қалмас».
Мәтел жеке тұрып
тиянақты ойды бере алмайды, тек белгілі этнограф,
жазушы В.И. Даль:
«Мәтел – халық сөзімен айтқанда, гүл, ал мақал - дән», -
дейді. Осы пікірді дамытып фольклорист М.А. Рыбникова:
«Мәтел –бұл сөз
оралымы, қалыптасқан сөйлем, пікірдің элементі; ал мақал –аяқталған пікір,
біткен ой», - деп анықтайды.
[5.285]
Қорыта айтқанда, мақал – мәтел мен шешендік сөздер – егіз жанр, бірімен–
бірі етене жақын мұралар. Мақал–мәтелдер қаншама мазмұнды да көркем
болғанымен көлемі тым шағын, мағынасы жалпы келетіндіктен уақиғаны, кесек
ойды білдіре алмайды, келте қайырады, белгілі бір затты,
кейіпкерді көзге
елестете алмайды; әдетте аңыз әңгімелермен, көркем шығармалармен
жалғасып, жымдасып өмір сүреді, оларға көркемдік, мазмұндық нәр береді,
айтылмас ойды анықтайды, толықтырады. Асыл маржан ару мойнына; алмас
қылыш ер қолына жарасатыны сияқты сөз асылы да өз орнында құнды. Теңіз
тербеп тереңінде сақтайтын інжу-маржандай ғасырлар бойы халық жадында
жасап, жұпталып
көптің талғамын өтеген мақал, мәтел, нақыл, тақпақ,
шешендік сөздер ақындардың өлең–жырларында, шешендердің даналық
сөздерінде ашылады, айқындалады. Ақындар мен шешендер әлде неше
ұрпақтың сана сезімін аралап, көптің көкейіне қонақтаған ойлы, сырлы сөздерді
жаттап, жадында сақтайды; керекті, кезекті жерінде жаңартып, жасартып кәдеге
жаратады.
Достарыңызбен бөлісу: