Диссертация мамандығы 6М020500- «Филология»



Pdf көрінісі
бет22/27
Дата20.09.2022
өлшемі429,69 Kb.
#39538
түріДиссертация
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
Магистерлік диссертация

Қара бір шашым жаяйын,
Жаяйын да, жылайын.
Қыналы бармақ, жез тырнақ,
Күнінде қанға бояйын.
Албыраған ақша бет,
Сүйегіне таяйын.
Мөлтілдеген қара көз,
Жаспен оны ояйын.
Төредей болған алғаным,
Орныңа кімді қояйын?
Осы тұста «жылау» мен «дауыс», «жоқтау» терминдерінің ара жігін аша
кеткен жөн. Ел арасында бұл сөздердің бір – бірінің орнына жүре беретін
аймақтар да бар. Халық түсінігінде «жылау», «дауыс» деген сөздер тура
мағынасында емес, қаралы үйдің адамы (көбінесе, қызы мен әйелі) жылауына
сөз қосып, өлеңдете жылап отыр дегенді білдіреді.Әлі күнге ел арасында қазаға
барған адамдар бір – бірінен «жылап отыр ма?», «дауыс шығарып отыр ма
екен?» - дегені. Олай етпесе, ертеде қазалы үйге үлкен сын болған. Сондықтан
да, қандай адам қайтпасын, оның жақын – жуығы бірер ауыз өлеңгеқосып
«дауыс шығаратын» болған оны әдетте «жылау» деп те атайды. Мұндай
жылаудың басы:
Ағузы деп бастайын,
Асығыс айтып баспайын.
Шариғаттың жолына
Жалған сөзді қоспайын.
Иманды болғыр атамды
Жоқтаусыз қайтып тастайын?! немесе
Бисмілла – сөздің өрнегі,
Фәндәнің рас өлмегі.
59


Құдайдың салған ақ ісін
Дін мұсылман көрмегі.
Бұ дүниада тұру жоқ –
Ажалға адам көнбегі, -деген сияқты шариғатпен дүниенің жалғандығын
айтып, дүниеден өтпейтін пенденің болмайтындығын, алланың сүйіктісі болған
пайғамбардан бастап барлығының осы жолдан өтуі құдайдың бұйрығы екенін
мойындап, өзінің де мойын ұсынып, оған күпірлік келтірмейтіндігін айтып
алып, бірақ асыл адамын жоқтаусыз қалдыра алмайтындығын ескерте отырып,
негізгі тақырыпқа көшеді. Жоқтау айта отырып, пәлсапалық толғаныстарға да
барып, адамзаттың ғұмыр бойғы арман – қиялын жырға қосады. Мұндай алла –
тағалаға жалбарыну, әрине, қазақ арасына ислам діні орныққаннан кейін
қалыптасқан.Жалпы жоқтауларда Алла тағаладан бастап, пайғамбарлар мен
шадиярларды ауызға ала отырып сөйлеу – орныққан үрдіс. Қайтқан адамға оң
сапар тілей отырып, шариғат шарттарын үнемі уағыздап отырады. «Бұл жоқтау
өлеңде марқұмның өзі, оның тірі кезіндегі істеген істері мақталады, оның
қайтыс болғандығы, үй ішінің және туған – туысқандарының бақытсыздыққа
ұшырағаны еске түсіріледі» [57-160 б.],- деп жазады ежелгі қазақ өмірінің терең
білімпазы Ы. Алтынсарин. Дәл осыған ұқсас жоқтау үлгісін «Қорқыт ата
кітабынан» да оқуға болады. Осы кітаптың бас қаһармандарының бірі «Байерек
Байбөріұлы қаза болғанда, оның әйелі Бану – шешек жоқтаған екен» дейтін
жырда да бүгінгі жоқтаулармен туысып жатқан, арқауы үзілмеген дәстүрді
көреміз.[61.43 б.] 
Бұл тұрғыдан келгенде жоқтаудың әдеттегі аза жырларының қатарынан бой
оздырып, үлкен әлеуметтік мәнге ие болған жанрлық түр болғандығын көреміз.
Өйткені әңгіме ел тұлғасы болған адамдарға ауысқанда, ондай тарихи–
әлеуметтік жағдайды сөз етпеу мүмкін емес. Оның үстіне ол жоқтауды
шығарушы көшпелі қоғамның жылнамашысы, тарихшысы, шежірешісі,
ақылманы,бүгінгі тілмен айтқанда идеологы болып табылатын ақын – жыраулар
болса, жоқтаудың мазмұн-мәні одан сайын арта түспек. Ел тұрмысында үлкен
мәнге ие болып, салт-дәстүрге сіңіскен, өзіндік мазмұн желісімен, көркемдік
кестесімен халық жүрегін баураған бұл жанрлық түр – қоғамдық өмірде бүгінге
дейін жалғасып келе жатқан өміршең форма. Ел ардақтылары қаза болған сәтте
өз өкініштері мен азасын өлеңмен білдіру салты бертінге дейін сақталған. Бұл
жоқтаулардың қай-қайсысында болмасын халықтық жоқтаулардың сарыны
толық сақталған. Мәселен, Оспанға арналған екі өлеңде де осы сипат анық
көрінеді. Онда Оспанның сипатын, ел алдындағы абыройын, ер мінезі мен
жомарттығын, мәрттігін сөз етеді. Ақыр соңында осындай ердің орнын кім
басар деген сауал тастайды. Осы сауалға жауап іздей отырып, аза бастаған, тоза
бастаған ел сипатына ауысады:
Жұрт тынымсыз,
Бәрі ұғымсыз.
Енді оларға сөз де жоқ.
Сырты абыз бар,
Желқабыз бар,
Алты ауыз бар – өзге жоқ, -
60


деп данышпан ақын інісінің жоқтауын да халық қамымен астастыра
тәмамдайды. Ұлы Абайдың ұлылығы да осы жеке бастың қайғысының
төңірегінде қалып қоймай, елге бас болған інінің артындағы елінің қамын жей
жырлауында жатыр.[53. 154 б.]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет