Диссертация мамандығы 6М020500- «Филология»



Pdf көрінісі
бет23/27
Дата20.09.2022
өлшемі429,69 Kb.
#39538
түріДиссертация
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
Магистерлік диссертация

2. 4 Балалар фольклоры
Балалар фольклорының үлкен саласы – ойын өлеңдері. Тілі шығып, сөйлей
бастағаннан, кәмелетке толып, есейген шағына дейін баланың жасына лайықты
сан түрлі ойын ойналған және олардың басым көпшілігі өлең – тақпақтармен
бірге жасап, бірін – бірі толықтырып отырған. Алғашқыда балалар үлкендердің
көмегімен, кейін біртіндеп ойын тәртібін игере келе сөздерін өздері шығарып
айта бастаған.
Ересек адамдардың қатысуымен айтылатын өлең, тақпақтар бұғанасы
қатпаған, өз бетімен ойнап кетуге әлі жарамайтын балдырғанды әлденеге
мазасызданса жұбату, көңілін басқа жаққа аудару, ол үшін табиғат
құбылыстарымен, жан–жануарлармен таныстыру мақсатын көздеген.
Бір ғажабы ойындар балалардың жан сұлулығын да, тән сұлулығын да
жан–жақты жетілдіруге бағытталған. Өзгені былай қойғанда, жан–жануарлар
қалай дыбыстайды, қандай іс–әрекеттер жасайды, оларды тілімізде қалай
айтады дейтін танымдық, тілдік маңызы зор мәселелерді «Қалай айтуды
білемін» ойынының өзі – ақ балалардың құлағына құйып береді:
Әтеш – шақырады,
Есек – бақырады,
Күзен – шақылдайды,
Бақа – бақылдайды,
Шыбын –ызыңдайды,
Шіркей – ызылдайды...
Тегінде, іс- әрекеттерді дұрыс сипаттай білу – тіл мәдениетінің бірінші
шарты болса керек. Мұны өмірге жаңа қадам басқан балдырғанның санасына
сіңірудің төте жолын халқымыз дәл тапқан.
Ертегі - бұл бейнелеп айтқанда, балалық ой мен сөздің отын маздататын
самал жел. Бастауыш сыныптарда оқушылардың қиялын дамытатын жұмыстың
бір түрі - ойдан ертегі құрастыру. Балалар ертегіні тек тыңдауды ғана жақсы
көрмейді, олар өздері де ойлап шығарады. Ертегі шығару — мұғалім үшін
балалармен рухани қарым-қатынас жасау болса. ал балалар үшін теңдесі жоқ
ойлану шаттығы болады. Олар ертегіге құмартады. Белгісіз, түсініксіз нәрсе.
әсіресе ғажайып, фантастикалық нәрсенің бәрі баланы қызықтырып, өзіне
тартады. Сондықтан балаларды өздерінің байқағандарынан ертегілер ойлап
шығаруға үйрету керек.
Оқулықтағы берілген ертегілермен танысқаннан кейін, осыған ұқсас ертек
құрастырып немесе ренішпен, өкінішпен аяқталатын ертегіні қуанышпен
аяқталатындай етіп өзгерту баланы шығармашылыққа үйретумен қатар
армандауға, қиялдауға жетелейді. Өз ертегісін көрген бала қуанышты басынан
кешеді. Айтылған ертегілердің суретін салу оқушылардың көз алдына ертегінің
61


кейіпкерлерін елестетуге, ойында ұзақ сақтауға көмектеседі.
Ертегі балаларды қиялдауға, шешен сөйлеуге, өз ойын жеткізуте және
қайратгы істер жасауға жұмылдырады. Сондықтан балаларды ертегі оқуға
қызықтыру, жақсы қасиеттерді оқушылар бойына сіңіру мақсатында «Ертегілер
еліне саяхат» сабағын өткізуге болады. Сондай-ақ «Ертегіні кім көп біледі?»
сайыс сабағын ұйымдастыруға да болады. Сайысты бірнеше бөлімнен тұратын
етіп, біріші бөлімді «Кім тапқыр?» деп атау керек. Ертегіден үзінді бойынша
сахналық қойылым көрсетіліп, көрген ертектің атын, кай халық ертегісі екенін
айтуы керек.
Ертегілерді баланың тындауы, естіген ертегі мазмұнын қайталап айтып
беруі, баланың сөздік қоры молайтып, байланыстырып сөйлеу тілін дамытьш,
тілдің грамматикалық құрылымын меңгеруде ғана емес, ерлікке, достыққа,
үлкенге ізет, кішіге қамқорлық сияқты
адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеуге,
әстетикалық талғамын, қиялын дамытуға мүмкіндіктер беріп түрлі жауыздық,
зұлымдық иелері арқылы жамандықтан жирендіреді.
Қазақ балалары фольклорын саралап жіктейтін болсақ олардың ішінде
кейбір жанрлардың (жанрлық түрлерін) үлкендерге де, балаларға да ортақ
екендігін көреміз. Олар: ертектер, жұмбақтар, өтірік өлеңдер, төрт түлік
жырлары т.б. Алайда осы жанрларға жататын көркем шығармалардың мазмұны,
түр – сипаты, ішкі табиғаты бірдей емес. Олардың ішінде балалар
айтатын,өздеріне ғана лайықты өлең – жырлар бар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет