Диссертация мамандығы 6М020500- «Филология»



Pdf көрінісі
бет21/27
Дата20.09.2022
өлшемі429,69 Kb.
#39538
түріДиссертация
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27
Байланысты:
Магистерлік диссертация

Ақала ордам қонған жұрт,
Атамыз біздің бұ Сүйініш
Күйеу болып барған жарт,
Анамыз біздің Бозтуған
Келіншек болып түскен жұрт
Қарғадай мынау Қазтуған
Батыр болып туған жұрт. –
деп тебіренте басталатын құдіретті жыр жоғарыдағы Қарқаралы –
Қазылықпен қоштасу өлеңінің бастау бұлағындай көрінеді. 
Тұтастай алғанда, қоштасу мен жоқтаудың арасында мағыналық жақындық
бар. Сондықтан да кейде қоштасу мен жоқтауды шатастырып алу жағдайлары
да кездеседі. Өйткені екеуінде де жырланып отырған объектінің қасиеттерін
айту басым болып келеді. Бірақ қоштасуда сол асыл қасиеттерді түгендей
отырып қастерлеу, қадірлеуге үндеу, оны қимастық, оның кейінгіге деген
берекесін тілеу, өсиет айту басым болса, жоқтауда сағыну, өзі тастап кеткен
емес, оны тастап басқа дүниеге аттанған адамға, атына, құсына т.б. дүниеге
деген аңсау басым болады. Жоқтаушы оның қайтіп келмейтініне сенімді,
сондықтан оның соңы үнемі сабырға, тоқтамға келумен аяқталады. 
Белгілі фольклоршы Қадырәлі Саттаров «жылау мен жоқтауды» қосып
«теріс өлеңдер» деп атайтынын жазады [15.84]. Бұл тіркес Қазақстанның
оңтүстік – батыс өңірлерінде қолданылатынға ұқсайды. Бұл атаудың шығу тегі
қазақтардың өлілер әлемі жөніндегі ежелгі ұғымынан туған болу керек.
Дәстүрлі дүниетаным бойынша – өлілер әлемі – тірілер әлемінің «теріс»
көрінісі: тірілер әлемі – жарық, өлілер әлемі – түнек, тірілер әлемі шаттықты
(күлкіге толы), өлілер әлемі – қайғылы т.б. Яғни, өлімге байланысты айтылатын
жыр – «теріс өлең». Қадырәлі Саттаров қазақ арасында арнайы жоқтау
айтушылардың болғанын жазады және өз пікірін «профессионал жоқтаушылар
бүгінде Әмудария құйылысындағы қазақтар арасында ғана сақталғанын атап
айтқымыз келеді», - деп бекіте түседі [15. 90 б.].
Дәстүрлі жоқтаулардың соңы өлген адамға жақсылық тілеумен, ақыры
57


өзіне өзі сабыр айтып, жиналған жұрттан рұқсат сұрап барып түйінделеді.
Олардың негізгі желісі:
Тыныш қайырлы болсын мекенің,
Иманың болсын жолдасың,
Шариярлар болсын қолдасың...
...Құран шегіп басыңа
Күнде келіп қасыңа,
Топырағыңды иіскеп,
Көзімнің жасын көл қылып,
Зарланып жүдеп кетейін, -
деген сияқты сарында жалғасып:
Қой десең халқым қояйын,
Қойдан да жуас болайын.
Кешегі жүрген әкемді
Жоқтаусыз қалай қояйын? – 
деп солықтап барып басылады.
Қорыта айтқанда, жоқтау – тек отбасылық ғұрып фольклорының ғана емес,
жалпы телегей теңіз қазақ фольклорының ұлы теңізіне тау суындай құйылып
жатқан таза да, тегеуірінді арнаның бірі. Солай дей тұрғанмен да, мазмұнға бай,
көркемдік айшықтарға кенен жанрлық түрдің осы уақытқа дейін арнайы
зерттелмей келуі өкінішті. Отбасылық ғұрып фольклорының арнасында
қарастырған бұл шағын зерттеуімізде қазақ жоқтауларының жанрлық
сипатымен тарихи даму үрдісіне, композициялық құрылымы мен
этнографиялық астарларына, көркемдік сипаттарына шолу жасалды.
Отбасылық ғұрып фольклорының поэтикасы әлі күнге арнайы зерттеу
нысанасына айнала қойған жоқ. Оның бір себебі, ғұрыптың фольклордың
қолданбалы қызмет пен эстетикалық сипатты қатар қабыстырған күрделі
тұрпатынан болса керек. Оның үстіне поэтика мәселесі – ішкі иірімдері мол,
астарлы сыйпаттары көп, алуан қырлы, болмысы нәзік, қолмен ұстап, көзбен
көргендей етіп сыйпаттауға ерік бере бермейтін бұралаң қалтарыстарға толы
шытырман әлем. Сондықтан, ол жөнінде сонау Аристотельден бастап, күні
бүгінге дейін тайталас пікірлер ағыны толастаған емес. Бұл орайда,
фольклордың, соның ішінде ғұрыптық фольклордың поэтикалық болмыс –
бітімі жөніндегі пікірлер де бір арнаға сарқылған жоқ. Оның бастауы бағзы
заманда болса, жетер мәресі де көзге шалынбас келешекте, халық мұрасымен
бірге жасайтын мәңгілік шексіздікте десе де болады. Біздің мақсат – сол
мәңгілік үзілмейтін үрдіске хал – қадарымызша бір бүйірден ат қосу. 
Қорыта айтқанда, отбасылық ғұрып фольклорының поэтикасы – жалпы
фольклор поэтикасымен астасып жатқан аса күрделі әлем. Оның ерекшелігі, ең
алдымен, халықтың тұрмыс – тіршілігімен байланысып жатқан ғұрыптық
сипатымен айқындалады. Яғни, ғұрыптық фольклор поэтикасы оның атқаратын
практикалық қызметтеріне, этнографиялық байланыстар типологиясына
тәуелді. Яғни, отбасылық ғұрып фольклорының поэтикалық жүйесінің – ондағы
формулалардың, клишелердің, троптардың, қайталаулардың пайда болуында,
қалыптасуы мен дамуында мифтік санадан бастау алатын ғұрыптық
58


дүниетанымның орны ерекше. Оған біз отбасылық ғұрып фольклорының
этнографиялық байланыстар типологиясын қарастыра отырып көз жеткізгендей
болдық. Ықылым замандардан бері көркемдік ойдың өзі әлденеше кезеңдерден
өтіп, көркем лирикаға айнала бастаған отбасылық ғұрып фольклорының
табиғатынан ежелгі синкретизм қалыптастырған бағзы ғұрыптық дүниетаным
сілемдерін әлі де байқауға болады. Отбасылық ғұрып фольклорының туу – ер
жету – өлу сияқты үш саласында бірдей қайталанатын типтік жағдайлар мен
«ортақ тұстардың» сырының да сол көне рәсімдерде, Арнольд ван Геннеп
айтқандай, «өтпелі ғұрыптарда» жатқандығын этнографиялық параллельдер
айқындай түседі. Фольклорлық мәтіндер мен этнографиялық ортақ тұстарды
салыстыра отырып, отбасылық ғұрып жырларындағы бірқатар мотивтер мен
формулалардың, құбылтулар мен айшықтаулардың, қайталаулардың, көркемдік
тәсілдердің ғұрыптық рәсімдерден бастау алатындығын аңдатуға болады.
Дәстүрлі жоқтаулар, әсіресе, ауыл ішіндегі қарапайым адамдар қайтқан кезде
жиі айтылады. Өйткені жоқтауды өзінше түрлендіріп, жаңа сападағы өнер
шығармасына айналдыра жырлауға әркімнің қарымы жете бермейді. Сондай
дәстүрлі жоқтаудың көне бір үлгісі мынандай:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет