Диссертация мамандығы 6М020500- «Филология»



Pdf көрінісі
бет26/27
Дата20.09.2022
өлшемі429,69 Kb.
#39538
түріДиссертация
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
Магистерлік диссертация

ҚОРЫТЫНДЫ
Жоғарыда айтылғандарды қысқаша қорытындыласақ, 20-жылдары
мақалалардан басталған қазақ фольклористикасы қазіргі күнде кемеліне келген,
қазақ ауыз әдебиеті тарихының мәселелерін жан-жақты кең көлемде зерттеу
дәрежесіне жеткен ғылым саласына айналды.
Бүгінгі фольклористикамызды сөз еткенде мына бір мәселені айрықша атап
айтуымыз керек. Ол – Қазақстанда фольклористиканың қалыптасуы, дамуы
жолында және әдебиетші, фольклорист кадрларды даярлауда аса көп еңбек
сіңірген, туысқандық,ағалық жәрдем көрсеткен, сонымен қатар қазақ ауыз
әдебиетінің тарихын өздері де ғылыми білгірлікпен зерттеп, бұл салада көп
елеулі еңбектер берген орыс ғалымдарының игілікті ісі туралы. Бұл ретте
академик Александар Сергеевич Орлов, профессор М.И. Фетисов, профессор
Вера Михайловна Сидельникова, Қазақ ССР Ғылым академиясының академигі
Митрафан Семенович Сильченко, әсіресе Қазақ ССР Ғылым академиясының
докторы корреспондент-мүшесі, филология ғылымдарының докторы профессор
Н.С. Смирнова жолдастардың көп жыл бойына жүргізген еңбектерін зор
мақтанышпен атап өтуге болады. Қазіргі уақытта лиро-эпос жанрының даму
процесі жазба әдебиеті ықпалынан тыс болуы енді мүмкін еместігін, сондай-ақ
оның бір сәтте ақын-жазушылардың нәр аларлық қайнар бұлағы рөлін
атқарғандығы дәлелденді және негізгі қорытындының бірі есебінде ұсынылды.
Фольклорлық жанрлар неғұрлым шындыққа жақын болса, яғни оқиғаны
өмірде болған деп бейнелеуге барынша тырысса, соғұрлым олар сюжеттік және
көркемдік жағынан ұтылады:шығарманың сюжеттік арқауы бос болады,
композициялық құрылысы ширамайды, көркемдік тұтастығы жетілмейді.
Сонымен, қазіргі заманғы мектептің мақсаты - оқушының тек қана «ең
таяу даму аймағына» қол жеткізуін камтамасыз ету және оның ой-өрісін дамыту
ғана емес, сонымен қатар баланың жеке адам ретіндегі жан-жақты дамуын және
бүгінгі ғана емес, ертеңгі дамуына жол ашу, дайындау екендігін баса айтады.
Бұл - танымдық функциясы басым жанрларда кездесетін құбылыс.
Фольклорлық шығармада тарих пен қазіргі заман (айтушы мен тыңдаушының
дәуірі) уақыт өлшемімен жіктелмейді. Ол екеуінің арақатынасы, жігі елдің,
айтушы мен тыңдаушылардың санасы мен ой елегінен өтіп белгіленеді,
баяндалып отырған оқиғаның ел үшін маңыздылығымен, сол дәуірге
үндестігімен, жалғастығымен өлшенеді. Мақал–мәтел мен шешендік сөздер –
егіз жанр, бірімен–бірі етене жақын мұралар. Мақал–мәтелдер қаншама
мазмұнды да көркем болғанымен көлемі тым шағын, мағынасы жалпы
келетіндіктен уақиғаны, кесек ойды білдіре алмайды, келте қайырады, белгілі
бір затты, кейіпкерді көзге елестете алмайды; әдетте аңыз әңгімелермен, көркем
шығармалармен жалғасып, жымдасып өмір сүреді, оларға көркемдік,
мазмұндық нәр береді, айтылмас ойды анықтайды, толықтырады. Асыл маржан
ару мойнына; алмас қылыш ер қолына жарасатыны сияқты сөз асылы да өз
орнында құнды. Теңіз тербеп тереңінде сақтайтын інжу-маржандай ғасырлар
бойы халық жадында жасап, жұпталып көптің талғамын өтеген мақал, мәтел,
нақыл, тақпақ, шешендік сөздер ақындардың өлең – жырларында, шешендердің
67


даналық сөздерінде ашылады, айқындалады. Ақындар мен шешендер әлде неше
ұрпақтың сана сезімін аралап, көптің көкейіне қонақтаған ойлы, сырлы сөздерді
жаттап, жадында сақтайды; керекті, кезекті жерінде жаңартып, жасартып кәдеге
жаратады. Тәуелсіздік таңы аясында өткізіліп келе жатқан ақындар айтысын
теледидардан көріп, тамашалау халықтың рухани қажетін қанағаттандырғанмен,
айтысты зерттеуге ынтасы ауған жастардың қажеті өтелмей келеді. Оның үстіне
айтыс бүгінгі тыңдарманның дүниесі ғана емес, ертең келер ұрпаққа керек
мұра. Теледидардағы айтыс мәтіндері жазылған кассеталар тозып, ондағы
айтыстар жойылып барады. Бабалардан қалған аталы өнерді кейінгі ұрпаққа
табыстау – бүгінгілердің міндеті. Отбасылық ғұрып фольклорының поэтикасы –
жалпы фольклор поэтикасымен астасып жатқан аса күрделі әлем. Оның
ерекшелігі, ең алдымен, халықтың тұрмыс-тіршілігімен байланысып жатқан
ғұрыптық сипатымен айқындалады. Яғни, ғұрыптық фольклор поэтикасы оның
атқаратын практикалық қызметтеріне, этнографиялық байланыстар
типологиясына тәуелді. Яғни, отбасылық ғұрып фольклорының поэтикалық
жүйесінің–ондағы формулалардың, клишелердің, троптардың, қайталаулардың
пайда болуында, қалыптасуы мен дамуында мифтік санадан бастау алатын
ғұрыптық дүниетанымның орны ерекше. Оған біз отбасылық ғұрып
фольклорының этнографиялық байланыстар типологиясын қарастыра отырып
көз жеткізгендей болдық. Ықылым замандардан бері көркемдік ойдың өзі
әлденеше кезеңдерден өтіп, көркем лирикаға айнала бастаған отбасылық ғұрып
фольклорының табиғатынан ежелгі синкретизм қалыптастырған бағзы
ғұрыптық дүниетаным сілемдерін әлі де байқауға болады. Отбасылық ғұрып
фольклорының туу-ер жету-өлу сияқты үш саласында бірдей қайталанатын
типтік жағдайлар мен «ортақ тұстардың» сырының да сол көне рәсімдерде,
Арнольд ван Геннеп айтқандай, «өтпелі ғұрыптарда» жатқандығын
этнографиялық параллельдер айқындай түседі. Фольклорлық мәтіндер мен
этнографиялық ортақ тұстарды салыстыра отырып, отбасылық ғұрып
жырларындағы бірқатар мотивтер мен формулалардың, құбылтулар мен
айшықтаулардың, қайталаулардың, көркемдік тәсілдердің ғұрыптық
рәсімдерден бастау алатындығын аңдатуға болады. Әлпештеу фольклоры–
қазақтың отбасылық ғұрып фольклорында өзінше ерек орын алатын бала
тәрбиесінің бал–бұлағындай таза да, мөлдір мұра. Оның табиғатынан халықтың
көне наным–сенімдерімен астасып жатқан ежелгі дүниетаным сілемдерін
тереңірек тануға болады. Сонымен қоса, ғасырлар бойы қалыптасқан бала
тәрбиелеу ісіндегі дәстүрлі ғұрыптар мен ұғым – түсініктердің, тарихи оқиғалар
мен кезеңдік ақыл–ой дамуының да әлпештеу фольклорында сайрап жатыр. 
Сонымен қоса, бұл жырлар бала тәрбиелеу ісіндегі ғұрыптық рәсімдерді
сүйемелдеп отыратын қолданбалы сипаттағы мұра ғана емес, ол ең бастысы жас
ұрпақтың рухани әлемін қалыптастыруды мұрат тұтатын, бала көкірегіне
көркемдік нәр сіңіріп, қиялына қанат бітіріп, өнер тылсымына жетелейтін
эстетикалық категория. Әрине, одан поэзия шарттарына сыятын кемел
көркемдік таппағанымызбен бала санасына, сәби жанына лайық тәрбие өскінін
себетін халықтық педагогика нәрін табамыз. Сондықтан, отбасылық ғұрып
поэзиясы жөнінде сөз қозғағанда бесік жыры, тұсау жыры, ал білек өлеңдеріне
68


соқпай кету мүмкін емес, ілкі зерттеушілердің барлығы да солай істеген. Біз бұл
еңбекте осы тектес шығармаларды жинақтап, жүйелеп оған «Әлпештеу
фольклоры» деген айдар тағып, ішкі жанрлық сарасына қысқаша тоқталдым.
үйлену фольклорының ішкі жанрлық түрлері: той бастар, жар–жар, сыңсу,
аушадияр, беташар, неке қияр болып бөлінеді. Олар тақырыптық–мазмұндық
сипатымен, орындалу мәнерімен, ғұрыптық рәсімдерге қатысымен, өлең
түрімен бір–бірінен ерекшеленгенмен, тойдың әр кезеңінде айтылатын бір тұтас
идеялық нысанасымен бір жанрлық топ құрайды. Оларды бір арнаға
біріктіретін алғашқы дәнекер – үйлену ғұрпымен байланысып келетін қызметтік
мақсат–мұраты. Олар тойдың басталуынан бастап, тарқағанға дейінгі
аралықтағы рәсімдерді сөзбен өрнектеп, оның атқарылуына қызмет
етеді.Әрине, той жырлары тек осы практикалық міндеттерді атқару зәрулігінен
ғана тумаған. Бұл жырлар, ең алдымен,халықтың рухани қажеттілігінің жемісі.
Сондықтан, оларда тек практикалық қажеттілік, тұрмыстық мағына ғана емес,
көркем өнерге тән эстетикалық нәр де жоғары. Міне, осы екі сипаттың тоғысы
үйлену ғұрып фольклорының жанрлық табиғатын мазмұндық, көркемдік
ерекшеліктерін айқындайды. Жоқтау – тек отбасылық ғұрып фольклорының
ғана емес, жалпы телегей теңіз қазақ фольклорының ұлы теңізіне тау суындай
құйылып жатқан таза да, тегеуірінді арнаның бірі. Солай дей тұрғанмен да,
мазмұнға бай, көркемдік айшықтарға кенен жанрлық түрдің осы уақытқа дейін
арнайы зерттелмей келуі өкінішті. Отбасылық ғұрып фольклорының арнасында
қарастырған бұл шағын зерттеуімізде қазақ жоқтауларының жанрлық
сипатымен тарихи даму үрдісіне, композициялық құрылымы мен
этнографиялық астарларына, көркемдік сипаттарына шолу жасалды. Тұтастай
алғанда отбасылық ғұрып жырлары адамның әр жас кезеңіне қатысты халық
дүниетанымының тұрмыстық ерекшелігіне, салт–дәстүрі мен пәлсапалық
ұстамдарына суарылған шежіресі. Онда сәбидің бала жаны, жас жұбайлардың
көңіл толқыны мен жақынын жоғалтқан жанның жүрек жарасы өзінше өрнек
тауып, өмірді өзінше түсіндіретін халық шығармашылығының сырлы да, сынды
арнасы бой түзейді. Ол бүгінгі ұрпаққа тарихи танымымен, үлгі өнегесімен де,
өрнекті сөзімен, сырлы сазымен де бағалы, қымбат. 
Баланың дүниеге келіп, тәрбиеленіп өсуіне байланысты әдет-салттар,
жоралар негізінен халықтардың баланың аз-көптігіне деген ұстанымы, ұл-қызға
деген қатынасы, бойға бала біткеннен босануға дейінгі жоралар, әйелді
босандыру ырымдары, шілде ғұрып-ырымдары, қырқынан шығару, баланың әрі
қарай өсуіне байланысты ырым-жоралғылар қазақ, өзбек, қырғыз, түркімен,
қарақалпақ, тәжіктерде негізгі құрамдас бөлігі жағынан біркелкі. Сонымен
қатар, әдет-ғұрыптардың орындалуында, ырым-жоралғыларда пайдаланылатын
заттары, тағамдары, мал-жер өнімдері жағынан айырмашылықтар бар.
Мұсылман дінінен келген ғұрыптардың әсіресе өзбек, тәжіктерде мәні зор. Атап
айтқанда, өзбектер мен тәжіктер, сүндет тойға ерекше мән береді. Олардағы
тойдың үлкені – сүндет той.
Ғұрыптардың ең қомақты бөлігіне қайтыс болған адамды жерлеу және
артын күту ғұрыптары жатады. Бұл саладағы ғұрыптар бір жағынан, өзінің
консервативтігімен ерекшеленсе, екінші жағынан, олардың көпшілік тұстары,
69


регион халықтарына ортақ ислам дінінің қағидаттарымен анықталады.
Сондықтан да, бұл ғұрыптар жүйесінде қарастырып отырған халықтар
ғұрпында ортақтастықтар, ұқсастықтар өте көп. Сонымен қатар, өлім
ғұрыптарына қатысты архаикалық «тұл» салты, өлікке ат арнау жоралғысы тек
қазақта ғана жақсы сақталған, бұлардың жұрнақ түрлерін қырғыздардың бір
тобынан, өзбектер арасындағы қыпшақ, қоңыраттардан да табуға болады. 
Қорыта келгенде, этномәдени қайнар көзі – халықтың бай ауыз әдебиеті,
соның ішінде ғұрыптық фольклор үлгілері. Оларда кездесетін ескілікті сөздер,
негізінен, сол халықтың тарихымен, тіршілігімен, салт-дәстүрімен байланысты.
Ғұрыптық фольклор үлгілерінен алынған тілдік деректер негізінде сол заманда
өмір сүрген ата-бабамыздың көне мен бүгінді жаңғыртушы, өмір тәжірибесінде
өзекті орны бар этностың мәңгілік құндылықтарының бірі рухани мәдениетін
және тұрмыс ерекшелігі, ежелгі кәсібі мен еңбегі, киімі мен тағамы, қару-
жарағы, ер-тұрманы, әртүрлі әдет-ғұрып пен салт-дәстүрге байланысты
қолданған заттары т.б. арқылы материалдық мәдени мұраларын көреміз.
Бала тілін жан-жақты дамытып, қалыптастыруда қазақ халқының ауызекі
шығармашылығының маңызы өте зор. Халық ауыз екі шығармалары әсем
түрде құрылған жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ, ойын өлеңдер, ертегі, аңыз-
әңгіме, мақал-мәтелге бай. Осы бай мүраның қай түрін алсақ та балаға ана
тілін меңгертіп, сөздік қорын молайту арқылы, байланыстырып сөйлеуге,
тілінің грамматикалық құрылымын қалыптастыруда, дыбыстық қателіктерді
жоюда, шығармашылық ойлауын дамытуда баға жетпес құралдар болып
табылады
.
Қорыта айтқанда, біз қазақ халқының әдебиетін зерттеудің методологиялық
мәселелеріне арналған ой-пікірімізді тұжырымдай келе, қазақ халқының
әдебиетін зерттеудің өзіндік ерекшеліктері барлығына, оған тек евроцентристік
көзқарас пен тарихты зерттеудің материалистік тұрғыдан түсіну атты
методологиялық өлшеммен келіп, қазақ әдебиетін зерттеу мүмкін еместігіне көз
жеткіздік. Өйткені, қазақ халқының ешкімге, керек десе, кеше ғана өзінен
бөлініп, жеке этникалық бірліктерге айналған туысқан түркі халықтарына да
ұқсамайтын өзіндік ерекшелігі бар. Ол ерекшелік түркінің өршіл рухын бойына
жиған рухани болмысында, рухани болмысының өзегі болған Йасауи жолында
еді. Ол ерекшелік ескерілмей жазылған тарихта қазақ халқының бітім-болмысы
ешқашан көрінбек емес. Сондықтан осы жұмыс барысында осы ерекшеліктің
кілтін қайтсек табамыз, қайтіп қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілерінде
сақталған тарихи жадын қазақ тарих ғылымы кәдесіне жаратамыз деген
сұрақтарға жауап ізделді. Осы зерттеу барысында ол сұрақтарға біршама жауап
берілген де сияқты.Әрине, бұл асыл мұраны рәсімдік өткізілу ретімен, ән –
сазымен қосып, кейінгі озық фольклорлық жинақтардағы сияқты
нотасымен,тіпті, күй табағымен қосып шығарып, кешенді зерттеу нысанасына
айналдырса нұр үстіне – нұр болар еді. Ол күн де туар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет