Диссертация «мектепке дейінгі ересек жас топ балаларының математикалық модельдеу әдісі арқылы танымдық дағдыларын қалыптастыру»



Pdf көрінісі
бет7/27
Дата03.05.2023
өлшемі1,38 Mb.
#89424
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27
1-ТАРАУ
МЕКТЕПКЕ 
ДЕЙІНГІ 
ЕРЕСЕК 
ЖАС 
ТОП 
БАЛАЛАРЫНЫҢ 
МАТЕМАТИКАДЫҚ 
МОДЕЛЬДЕУ 
ӘДІСІ 
АРҚЫЛЫ ТАНЫМДЫҚ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ 
ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
 
1.1 
Мектепке 
дейінгі 
ересек жас 
топ балаларының 
математикадық модельдеу әдісі арқылы танымдық дағдыларын 
қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық мәні
Бүгінгі таңда мектепке дейінгі білім беру саласында денсаулықты 
сақтау, қарым-қатынас, танымдық, әлеуметтік, шығармашылық дағдыларды 
дамыту маңызды міндет болып саналады. Мұның ішінде танымдық дағды 
балаға қоршаған ортамен танысып, сенсорлық тәрбие мен логикалық-
математикалық түсініктерін қалыптастырып тәрбие беру негізінде 
қалыптасатындығы негізге алынған. Санада обьективті дүниелердің 
психикалык бейнеленуінің және оны қабылдау процесі кезіндегі нәтижесі , 
мәні туралы білім болып табылатын іс-әрекет, бұл – таным. Таным бұл 
белгілі бір дүниеге қызығушылық пен оған зейінді аударып, білімге, ізденуге 
деген құштарлықты ашу болып табылады.
Ежелгі грек философтары Аристотель, Платон, Сократ және т.б. 
еңбектерінен баланың танымдық белсендігін дамыту мәселелерін қарастыру 
бастау алады. Одан да бөлек ұлы ғұлама Әбу Насыр әл-Фараби, Жүсіп 
Баласағүни, Ахмет Йүгінеки секілді ойшылдар да адамның бақытқа жетуі 
оның танымын дамыту арқылы жүзеге асатынын өз еңбектерінде 
көрсетеді[20]. 
Қазақтың біртуар ақыны, ағартушы Абай Құнанбайұлы [21] «баланың 
танымын алғашқы күннен бастап дамытпаса, өзінің із-түссіз жоғалып, 
жойылып кететінін» қырық үшінші қара сөзінде айтса, Ыбырай Алтынсарин 
танымдық әрекеттің негізін – оқу, білімнен іздеу қажеттігін жазады[22]. 
Педагог-классиктер Я.А.Коменский 1663жылы «Ұлы дидактика» 
еңбегінде[23], И.Г.Песталоцци 1703 жылы жарыққа көрген «Гертруда өз 
балаларын қалай оқытты?»[18] еңбегіндемектепке дейінгі жастағы
балаларды оқыту мен тәрбиелеу бағдарламаларын ұсынған болатын. 
Балалардың танымдық белсенділігін дамыту мәселесі туралы 
қазақстандық ғалымдардың зерттеулерінде де жазылған. Белгілі психолог-
ғалымдар Алдамұратов Ә.[5], Жарықбаев Қ.Б. [6], Мұқанов М. [7], Тәжібаев 
Т. [8], Намазбаева Ж.Ы. [9] және т.б. ғалымдар зерттеулерінде балалардың 
жас ерекшеліктеріне сәйкес дамуы мен оқыту үдерісіндегі жеке тұлғаның 
танымдық іс-әрекеттерін белсендірудегі психологиялық ерекшеліктерін 
қарастырған болатын.
Педагогикалық зерттеулерде бастауыш сынып оқушыларының (Сабыров 
Т.С., Т.И.Қоқымбаева Т.И. және т.б.), орта сынып оқушыларының 
(Абыканова Б.Т., Сариева А.К. және т.б.), жоғары сынып оқушыларының 
(Коккоз М.М., Мустояпова А.С. және т.б.), студенттердің (Қараев Ж.Е., 


11 
Абылкасымова А.Е және т.б.) танымдық белсенділігін дамыту мәселелерін де 
өз еңбектерінде кеңіненқарастырған[24].
Сонымен қатар, отандық ғалымдардың еңбектерінде 5-6 жастағы 
мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселесіне қатысты 
бірқатар мәселелер теориялық тұрғыдан негізделіп жазылған. Мысалы үшін,
балалардың тілін дамыту бойынша (Аралбаева Р.[25], Бакреденова А.[26], 
Метербаева К.[27]); ойын әрекетін дамыту туралы (Турскельдина М.[28], 
Иманбеков Т.[29]); айналамен танысу, экологиялық тәрбие беру мен 
денсаулығын нығайту туралы (Манкеш А.[30], Керімбаева Р.[31], Сайлауова 
Н.[32]), рухани адамгершілікке тәрбиелеу туралы (Сыздық Р.[33]), баланы 
еңбекке тәрбиелеу туралы (Меңлібекова Г.[34], Жиенбаева С.Н.[35], 
Сапарбаева Ш.[36]), баланы мектепке дайындау туралы (Сәтімбекова М.[13], 
Таубаева Ғ.[37] және т.б. ғалымдар) мәселелер қарастырылып, тереңірек 
зерттелген. 
Масару Ибуканың “Үш жастан кейін кеш” («После трех поздно») [38] 
кітабында мектеп жасына дейінгі баланың ерте жастағы дамуы туралы 
зерттеп жазған еді. Ал зерттеудің нәтижелері адам баласы дүниеге келгенде 
бәрі бірдей мүмкіндікпен келеді және баланың дүниеге деген көзқарасын 
қалыптастыруға оқу-тәрбие, орта орасан зор рөл атқарады дегенге саяды. 
Мектепке дейінгі кезең - өте сезімтал, сенсорлық дағдылары 
қалыптасатын кезең болып табылады және осы жас аралығындағы 
балалардың психо-физиологиялық, танымдық ерекшеліктерін дамыту 
арқылы өмірге деген көзқарастарын қалыптастыруға мүмкіндік туғызамыз. 
Ал одан кейінгі, мектеп кезеңінде - мектепке дейінгі шақтағы жинақтаған 
білімдерін толықтыруға, тереңдетуге көмек бере аламыз. Яғни келешекте
балалардың кім болатыны, қалай өсіп дамитындығы және қандай білімге 
толы болуы осы жас кезеңдеріне тәуелді. Сондықтан да, мектепке дейінгі 
ұйымдарда және отбасында сапалы білім беріліп, баланы жан-жақты 
дамытуға тиіспіз. 
Математика негіздері бастапқыда мектепке дейінгі педагогикада 
қарастырылып, соның ішінде болған. Уақыт өте біраз эмпирикалық 
тәжірибелер жинақтап, бірте-бірте жеке білім саласына айналды. Ол 
педагогикалық ғылымдар жүйесінде баланың қайталанбайтындығын, 
бірегейлігін, жеке қажеттіліктері де әртүрлі болып, әр баланың табиғи 
әлеуетіне бағдарлану мүдделерін қолдауды ескерді және интеллектуалдық, 
жан-жақты дамуына ықпал етуге арналған.
Математика негіздерінің мақсаты – баланы жан-жақты тәрбиелеу, оқыту 
және дамыту, балалардың логикалық ойлау қабілетімен қоса, қоршаған 
ортадағы кеңістікті бағдарлау қабілетін дамыту. Математикалық білімі мен 
дағдыларын, сенсориканы, жадты, назар аударуды, өз бетінше елестетуді, 
логиканы дамытуға мүмкіндік беріп қана қоймай, күнделікті өмірде 
танымдық дағдыларын өз бетінше қолдана білуді қалыптастырады[39]. 
Математика негіздері мектепке дейінгі педагогика ғылымы саласының 
құрамында болғанымен қазіргі таңда жеке бір ғылым саласын ретінде дамып 


12 
жатыр. Математика негіздерінің негізгі бағыты жоғары, міндеттерінің 
тармағы өте ауқымды[40].

Мектеп жасына дейінгі әрбір жас тобының баласы математика 
негіздеріне байанысты мөлшер, сан, көлем, уақыт, кеңістік туралы 
түсініктерін дамытып, оны дамытудың бағдарламалық талаптарын айындап, 
анықтау;

Мектепке дейінгі балалардың мектепке дайындығы, оның ішінде
математика негіздерінен қаншалықты дайын/дайын еместігін анықтайтын 
материалдардың мазмұнын айқындау; 

Қарапайым 
математикалық 
түсініктерді 
қалыптастырудың 
материалдарын жіктеп, жетілдіру; 

Қарапайым математикаық түсініктерді балада дамытуда дидактикалық 
құралдар мен әдістерді, әртүрлі формаларды тәжірибеге енгізп, өңдеу; 

Жан-жақты қамтылған, тиімді әдістемені енгізу мен оны тарату; 

Отбасы жағдайында ата-ана көмегімен балаға математика негіздерін 
ұғынуға берілген әдістемелік нұсқауларды шығару. 
Мектепке дейінгі балалардың математика негіздерінің теориялық базасы 
тек жалпы философия, педагогика, психология заңдылықтарына ғана 
сүйенбейді, олардың да өзіндік теория мен практикасы, өзіндік бағыты мен 
дереккөзі болады. Ал олардың дереккөздеріне
ғылыми ізденістер (мақалалар, монографиялар, ғылыми еңбектер тізімі); 
бағдарламалық нұсқаулықтар (балабақшаларға арналған бағдарламалар, 
әдістемелік нұсқаулықтар); методикалық әдебиеттер, үздік деп саналған озат 
тәжірибелер мен жаңашыл педагогтарды жатқызамыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет