Диссертация «мектепке дейінгі ересек жас топ балаларының математикалық модельдеу әдісі арқылы танымдық дағдыларын қалыптастыру»



Pdf көрінісі
бет3/27
Дата03.05.2023
өлшемі1,38 Mb.
#89424
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
қарама-қайшылықтардың бар екендігін көрсетті, атап айтқанда:
- мектеп жасына дейінгі ересек жас топ балаларының танымдық 
дағдыларын математикалық модельдеу әдісі арқылы дамыту қажеттігі мен 
оның теориялық негіздерінің зерттелмеуі;
- мектеп жасына дейінгі ересек жас топ балаларының танымдық 
дағдыларын дамытуда математикалық модельдеу әдісі арқылы дамыту 
мүмкіндіктерінің жоғары екендігі мен оның практикада жеткіліксіз 
пайдаланылатындығы;
- мектеп жасына дейінгі ересек жас топ балаларының танымдық 
дағдыларын қалыптастыруда математикалық модельдеу әдісін пайдалану 
қажеттілігі мен оны пайдалану бойынша кешенді бағдарламаның 
жетіспеушілігі және оны жүзеге асыру формаларының, тиімді әдіс-
тәсілдерінің толық зерттелмеуі.
Осы қарама-қайшылықтардың шешімін іздестіру біздің зерттеу 
проблемамызды айқындауға және тақырыпты «Мектепке дейінгі ересек 
жас топ балаларының математикалық модельдеу әдісі арқылы 
танымдық дағдыларын қалыптастыру» деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: Мектепке дейінгі ересек топ балаларының 
математикалық 
модельдеу 
әдісі 
арқылы 
танымдық 
дағдыларын 



қалыптастыруды теориялық тұрғыда айқындап, тәжірибеде қолданудың 
әдістемесін жасау, оны эксперименттік байқаудан өткізу. 
Зерттеудің міндеттері: 
1. Мектепке дейінгі ересек топ балаларының математикалық модельдеу әдісі 
арқылы танымдық дағдыларын қалыптастырудың теориялық негіздерін 
зерттеу; 
2. Мектепке дейінгі ересек топ балаларының математикалық модельдеу 
әдісі арқылы танымдық дағдыларын қалыптастырудың бағдарламасын 
дайындау. 
3. Мектепке дейінгі ересек топ балаларының математикалық модельдеу әдісі 
арқылы танымдық дағдыларын қалыптастыруды тәжірибелік-эксперименттік 
жұмыстар барысында нәтижелерін тексеру, әдістемелік нұсқаулар беру 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет