Диссертация «мектепке дейінгі ересек жас топ балаларының математикалық модельдеу әдісі арқылы танымдық дағдыларын қалыптастыру»



Pdf көрінісі
бет5/27
Дата03.05.2023
өлшемі1,38 Mb.
#89424
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Зерттеу кезеңдері: Бірінші кезеңде зерттеу тақырыбына байланысты 
ғылыми еңбектерге салыстырмалы талдаулар жүргізілді (К.Х.Лебединцевтің 
«Ерте 
сәбилік шақта баланың 
сан ұғымын 
қалыптастыру»[17], 
И.Г.Песталоццийдің "Как Гертруда учит своих детей»[18], Ф.Н.Блехердің 
''Балалар бақшасы мен нөлінші топтағы математика'' еңбегі[19], 
М.Сәтімбекованың оқу-әдістемелік кешені[13]). Талдаулар барысында 
зерттеу жұмысымыздың теориялық-әдіснамалық негіздері, ғылыми аппараты 
айқындалды. 
Екінші кезеңде зерттеу жұмысымыз бойынша өлшемдері, көрсеткіштері, 
деңгейлері, тұжырымдамалық негіздері айқындалды. Экспериметтік топқа 
арнайы бағдарламалар, әдістемелер жасалды. 
Үшінші кезеңде зерттеу болжамына сәйкес тәжірибелік жұмыстар 
жүргізіліп, эксперимент барысында дәлелденді. Ғылыми-зерттеу жұмысы 
қорытындыланып, 
тәжірибелік-эксперименттік 
жұмыстары 
нәтижесі
математикалық 
әдіспен 
өңделді. 
Ғылыми-әдістемелік 
ұсыныстар 
дайындалып, диссертация жұмысы рәсімделді.
Зерттеу жұмысының эксперименттік базасы: Алматы қаласы,
Бостандық ауданы МКҚК «№40 бөбекжай-балабақшасы». 
Таңдау тобына сипаттама: Зерттеуге 5-6 жас аралығындағы Алматы 
қаласы 
Бостандық 
ауданына 
қарасты 
МКҚК 
«№40 
бөбекжай-
балабақшасының» «Тұлпар» және «Балдырған» топтарының 54 баласы
қатысты. 
Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық маңыздылығы:
- «балалардың математикалық модельдеу әдісі арқылы танымдық 
дағдыларын қалыптастыру» ұғымының мәні мен мазмұны көрсетілген;
- теориялық және эксперименталды түрде мектепке дейінгі ересек 
жастағы балалардың математикалық модельдеу әдісі арқылы танымдық 
дағдыларын қалыптастыру үшін ересектердің мақсатты іс-әрекетінің 
қажеттілігі мен мүмкіндігі дәлелденді;
- мектепке дейінгі ересек жас топ балаларының математикалық 
модельдеу әдісі арқылы танымдық дағдыларын қалыптастырудың 
мазмұндық-құрылымдық моделі құрылып, тиімділігі дәлелденген арнайы 
әдістемемен толықтырылды. 
- білім беру жүйесінің үш субъектісінің: ата-аналардың, тәрбиешілердің 
және мектепке дейінгі ересек жас топ балаларының математикалық 
модельдеу әдісі арқылы танымдық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған 
өзара әрекеттесуін қамтитын педагогикалық шарттар негізделген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет