Санауға дейінгі әрекет.
Сандарды дұрыс қабылдау үшін және санау әрекетін табысты
қалыптастыру үшін, ең алдымен, балаларды жиындармен жұмыс істей білуге
үйрету қажет[78]:
- заттардың маңызды белгілерін көру және атау;
- жиынды толықтай көру;
- жиын элементтерін айқындап, ерекшелеу;
- жиынды атау(жалпылама) және оның элементтерін атау;
- жеке элементтерден және жиындардан үлкен жиындарды құру;
- көптеген сыныптарға бөлу;
- жиын элементтерін ретке келтіру;
- бір-біріне салыстыру арқылы жиындарды саны бойынша салыстыру;
- тең санаулы жиындардықұру;
- жиындарды біріктіру және ажырату.
А.М.Леушинаның зерттеулері
бойынша есептік сандардың
қалыптасу деңгейі
1. Санауға
дейінгі
әрекет
2. Санау іс
-әрекетін
игеру
3. Есептеу
әрекетін
игеру
36
Санау іс -әрекетін игеруге мынадай ерекшеліктер кіреді:
- сандарды білу және оларды ретімен атау;
- "бір-біріне" жиынының сандық элементтерін сәйкестендіре білу;
- қорытынды сандыерекшелеу.
Сан ұғымын меңгеруге сандық есеп нәтижесі оның бағытынан, жиын
элементтерінің орналасуынан және олардың сапалық белгілерінен (мөлшері,
формасы, түсі және т. б.) тәуелсіздігін; санның есептік және реттік мәнін
түсінуді жатқызамыз.
Натурал сандар және оның қасиеттері туралы түсінікке сандардың
бірізділігін білу (тікелей және кері тәртіпте санау, алдыңғы және кейінгі
санды атау); бір-бірінен көрші сандардың пайда болуын білу (бірлікті қосу
және азайту арқылы)); көршілес сандар арасындағы байланыстарды білу
(көп, аз) кіргіземіз.
Есептеу әрекетін игеру туралы.
Есептеу қызметнеі:
- көршілес сандар арасындағы байланыстардыбілу ("Көп-кем" 1-ге);
- көрші сандардың қалай пайда болуын білу;
- бірліктерден сандар құрамынбілу;
- екі кіші сандардың құрамын білу;
- сандар мен белгілерді білу «+», «-», «=»;
- арифметикалық есептерді құрастыру және шеше білу.
Ондық санау жүйесін меңгеруге дайындау үшін:
- ауызша және жазбаша нөмірлеуді білу;
- қосу және азайту арифметикалық әрекеттерін меңгеру;
- топпен санауды игеру қажет.
Ортаңғы топта сандық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі. Тәрбиеші
жиындарды әртүрлі әдістерімен салыстырып, қолдануды үйрету кезінде
балалар сандарды бірнеше бірлікке арттыру мен кемітуді құрастырып оқиды,
жиындарды заттардың саны бойынша теңестіруді және олардың арасындағы
1,2,3 элементке дейінгі айырмашылықтарын көрсетіп анықтайды.
Ересек жас тобында балалар берілген сан мен үлгі бойынша заттың
мөлшерін санайды немесе көп (немесе аз) бірлігі бойынша, бір-бірінен
әртүрлі анализаторлардың қабылдауы негізінде кеңістікті – сапалық
белгілерімен ерекшеленетін (форма, орналасуы, санаудың бағыты және т.б.)
нақты жиыны, сандық мөлшері бойынша заттарды жалпылауды үйренеді.
Жиындарды және сандарды салыстыру кезінде балалар 0-ден 9-ға дейін
сандарымен танысады. Балалар оларды сандармен сәйкестендіруді, бір-
бірінен айыра білуді, ойында қолдануды үйренеді.
Мектепалды даярлық топта екі немесе оданда көп жиын элементтері
бойынша салыстыруға болады. Балалар сандарды білгендіктен келесі және
одан алдыңғы сандарды табуға және оларды мүшелеуге көмектеседі, бір
санды екі әдіспен (бұл – 3 саны, яғни ол мыналарға тең: 2+1 немесе 4-1),
сонымен қатар балаларға жиын сандары бойынша тең немесе теңсіздікті
көрсету секілді іс-әрекеттер орын алады. Сондықтан балаларға бірінің
37
үстіне, бірінің астына және жұптастыру әдістері, заттарды сызықтармен
сәйкестендіру, эквиваленттілікті қолдану, т.б. мектепалды даярлық тобында
қолданылады[79].
Ортаңғы топ балаларында жиынды оқытудың негізгі міндеттерінің бірі
практикалық тәсілдерді өзара бір элементтер жиынынан басқа элементтер
арқылы салыстыру болып табылады, элементтер бойынша жиындарды
нақты затты бірінің үстіне бірін қою әдісі арқылы салыстыру, сонымен қатар
элементтер бойынша бір жиындарды екіншілермен бірінің астына қою
әдісімен салыстыруарқылы балалар жиынның сандық мөлшерін анықтай
алады және оның көмегімен сандық қатынастары сөзбен айта алуды игереді.
Балаларда «тең» және «теңемес» қатынастарын осынша, қанша;
соншалықты, қанша; теңбе-тең, сандық мөлшері бойынша бірдей деген
секілді тең мөлшерлі жиын қалыптастыру және оны сөз арқылы айта алуды
меңгереді. Келесі тапсырма бойынша балалар тең емес мөлшердегі жиынды
табуға үйренеді де, көп, аз, оған қарағанда сөздерін қолданады. Соңында
баланың білімін бекіту мақсатында балалар теңдік пен тең еместі әртүрлі
ойындық және тұрмыстық жағдайда қолданумен анықтай алады.
Вариациялық жаттығулар баланың «қанша?» сұрағын дұрыс түсінуіне
мүмкіндік береді. Сұрақтың жауабында екі топ заттарын салыстыру арқылы
көрсету керек: «соншалықты» немесе «оған қарағанда көбірек» (немесе «оған
қарағанда азырақ» деген секілді сөздерді қолдану арқылы).
Салыстырудың ең оңай әдісі деп бірінің үстіне бірін қою әдісін
айтуымызға болады. Балаға бұл әдісті үйрету үшін сәйкесінше заттар
бейнеленген карточкалар немесе геометриялық фигуралар не 3-6 дана
ойыншықтар қолдануға болады. Заттар бейнеленген карточкалар ретімен
орналастырылады, өйткені бұл этапта заттар басқадай реттілікте орналасса
балалардың адекватты қабылдауын қиындатады. Суреттерге кішкентай
заттар немесе заттардың слеттері қойылады[39].
Оқу қызметінде қолданылатын көрнекілік құралдары белгілі бір
мағынаға сәйкес таңдалып алынуы қажет: мысалы, «Қояндарға сәбіз бер»,
«Көбелектің гүлге қонуына көмектес», «Қуыршаққа көйлек кигіз» және т.б.
Тәрбиеші балаларға беттестіру әдісін түсіндіру барысында «бір-біріне»
қатынасы деген сөзге көңіл аударады, соншалықты сөзінің мағынасын түсіну
арқылы әрекетті орындайды Тәрбиеші заттарды алып оң қолымен солдан
оңға қарай әрекет жасайды, біртіндеп әрбір сурет элементтерін қояды (сурет -
6).
Тапсырма, ойын кезінде тарату материалдары көп мөлшерде болуы
керек. Заттардың үстіне қойылатын суреттер астындағы суретті толық
жаппауы қажет. Бұл әдісті орындау барысында ойын мағынасын игеруге,
заттарды салыстыруға, өзін-өзі ұстау элементтерін дамытуға баса назар
аудару қажет. «Соншалықты», «сонша, қанша» сөздерін игергеннен кейін
балаларға «нешеден?» сұрағын қоюға болады. Жауабы «тең бе-тең» бұл
заттардың мөлшері бойынша жалпы алынғанын және оның кеңістегі сапалық
белгісіне тәуелсіз болып келеді.
38
Сурет - 6. Беттестіру әдісі
Балалар бірінің үстіне бірін қою әдісі түсінгеннен соң, астына қою
әдісін тез қабылдап, түсіне бастайды. Балаларға бұл әдісті үйрету үшін екі
сызықты карточканы қолдануға әбден болады, және оның тек үстіңгі
бөлігінде ғана суреттер бейнелеген болу қажет. Заттарды суреттерге қою
кезінде олардың сәйкестігіне қарау керек. Тәрбиеші бірінен кейін бірін
реттілікпен әрқайсысын төмен қарай орналастырады, суреттің астына қарай
қояды (сурет-7).
Осы әдістер арқылы ( бірінің үстіне және астына қою) теңсіздікпен
таныстыруда да қолданады.: «оған қарағанда көбірек», «оған қарағанда
азырақ», жиындарды салыстыру әдісі тек бір элементімен ерекшеленеді.
Балаларды байыпты түсіндіру үшін олардың бір-біріне сәйкес еместігін
«жетпейді», «артық» сөздерін қолдану арқылы түсіндіріледі. (мысалы:
«Қуыршақтарды орындыққа отырғыз» ойыны). Бұл ойын балаларға
«қуыршақтарға қарағанда орындықтар көп» сөйлемінің түсінуіне және оған
жауап беруіне мүмкіндік береді.
Салыстырудың тағы бір әдісі жұптастыру әдісін үйретеді. Бұл үшін
тәрбиеші заттарды алады да, («Қояндармен-Қонжықтар») бір-бірден қояды
және жұптастырады. Сосын балаларға сұрақ қояды: «Ойыншықтар қалай
орналасқан? Жұпта қанша ойыншықтан? Қайсысы көп? Қонжықтар мен
қояндар теңбе-тең бе? Оны қалай білдіңдер?»
39
Сурет-7. Астына қою әдісі
Сонымен, ортаңғы топта балалар салыстырудың практикалық
түрлерімен үйренеді (бірінің үстіне, бірінің астына қою және жұптастыру),
нәтижесінде математикалық қатынастар қалыптасады: «көбірек», «азырақ»
«теңбе-тең» сөздерін түсіне бастайды. Бұл негізде балаларда жиын
заттарының сапалық, сандық ерекшеліктерін көрсетуге және жалпылық пен
белгілер бойынша заттардың айырмашылықтарын көруге үйренеді.
Достарыңызбен бөлісу: |