«Мысықтың баласы мияулап туар» (Бұл мақал мінез-құлқы атасына тартқан балаларды меңзеп айтылған) [10, T.2, 28 б.]. Oɣlak yiliksiz, oɣlan biliksiz «Лақ жіліксіз, жас бала біліксіз» [10, T.1, 149 б.]; Бұл мақал Башқұрт тілінде «Ilak ilikhiz, ulan bilikhiz», Өзбек тілінде «Ečki bolasida ilik yuk, yaš balada akıl yuk», Қазақ тілінде «Ешкіде жілік жоқ, жас балада ақыл жоқ» түрлерінде бізге жеткен [189, 393 б.]. Жалпы қазақ тілінде де баланың қадір-қасиетіне байланысты айтылған «Әке - бауыр, бала - тас», «Құс балапаны үшін торға түседі,Атабаласыүшіназапқатүседі»,«Әкегебаланыңалалығыжоқ», «Жақсы бала – сүйік, Жаман бала - күйік» т.б. сынды мақал-мəтелдер көптеп кездеседі.
М.Қашқари заманында көз тигеннен сақтану үшін балалардың бетіне жағылатын дəрінің бір түрі egit деп көрініс тапқан [10, T.1, 80 б.]. Жалпы ондай дерттерге қарсы ем табатын бақсы-балгерлерге де пұл берілетін болған, ондай ақы сөздікте örüŋ деп көрсетілген [10, T.1, 164 б.]. Одан бөлек сөздікте балаға жын тигенмен қатар көз тиген кезде қолданылған ısrık ısrık «Ай, жын, көш- көш» лексемалары берілген [10, T.1, 129 б.]. Дж. Клосон аталмыш лексеманың ısır- етістігінен туындағанын сөз етеді [68, 250 б.]. Қазіргі қырғыз тілінің сөздігінде ısırık лексемасына «рута, употребляется для знахарского окуривания; так же называется и арча, когда употребляется для такого окуривания» деген анықтама береді [190, 441 б.]. Ал қарлық тілдік тобына жататын қазіргі өзбек тілінде ısırık сөзі «адыраспан» мағынасында қолданылып, ısırık sal, ısırıkdan, ısırıkčı деген сынды лексемалар көз тиюден, пəле-жаладан, жаман рухтан адыраспан түтетіп құтылатын нанымдарының болғандығына дəлел [191, 335 б.]. Ал қазақ тіліндегі аталмыш лексеманың негізгі мағынасы ескерткіш тіліндегі көшу мағынасына келетін «бір затты өзіне қарай не өзінен ары қарай сырғыту, қозғау» жəне наным-сенімге байланысты «кедергі қиыншылықтарды жеңу» ауыспалы мағынасы сақталған [192, 172 б.]. Балаларды abašı сөзін қолданып, abašı keldi деп қорқытатын болған [10, T.1, 166 б.]. Бұл лексеманы ғалым А.Егеубаев албасты деп аударса, Б.Аталай Түркия түрік тіліне umacı[52, T.1, 136 б.], З.Ауезова орыс тіліне чудовище деп аударған [28, 164 б.]. Дж.Клосон abašıсөзін aba:/apa:лексемалырымен ешбір семантикалық
байланысы жоқ екенін ескертіп a bogy «жупел, пугало» деп көрсетсе [68, 6 б.], көне түркі сөздігінде де «бука, пугало» мағыналары берілген [159, 1 б.].
Жалпы алғанда барша түркі əулетіндегі халықтардың қатарында қазақ елінің де мəдениетіне, тіліне, тарихына, өнеріне, тікелей қатысы бар М.Қашқаридың «Диуани лұғат-ит-түрік» жазба ескерткішінде бала тақырыбына байланысты тілдік деректер молынан берілген. Барлық лексика семантикалық топтарға жіктелген мəдени лексемалар ортақ түркілік сипатқа ие.