Диссертация Отандық ғылыми кеңесші: филология



бет18/39
Дата10.12.2023
өлшемі219,8 Kb.
#136567
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   39
Байланысты:
Диссертационная работа Косыбаева М.М.

«Ер жігіт» тілдік моделіндегі жігіт лексемасы ескерткіш тілінде yigit деп берілген [10, T.1, 25 б.]. Түркі тілдерінде негізінен жігіттің бейнесі жастықтың, адамгершіліктің ұлттық өлшемдерімен егіз өріледі. Бұған қазақ тіліндегі
жастық кезеңмен, жас ерекшелігімен байланысты өрбіген «жігіт» сөзімен келетін жігіт болу, жігіт-желең, бозбала, бала жігіт, жасөспірім жігіттер, балаң жігіт, жас жігіт, жігітше, жігітшілік құрды, жігіттіктің базары, жастықтың әуеніне салды, жігітсіну, жігіт болғансу, жігітімсу, дүр жігіт, ер түлегі, ер жігіт, сақа жігіт, қылшылдаған жігіт, жігіттік жасады, жігіт болды, т.б. сынды сөз тіркестер дəлел бола алады. Сөздіктен yigit сөзінің қолданыс аясын зерделей отырып, yigitlik туынды сөзін кездестіреміз [10, T.1,
569 б.]. Жалпы қазақ түсінігінде жігіт немеме жігіттік жастық шақты бейнелейтін ұғымдар. Халық ұғымында он бесте отау иесі саналған бозбала жігіт жасына жеткенде жасына сай батыл да батыр, өткір де өжет, алғыр да ақылды бір сөзбен айтқанда сегіз қырлы, бір сырлы болуы керек. Соған байланысты тілімізде «Жігітті жігерінен таны», «Жақсы жігіт он бесінде жас емес, жүзге келсе де пәс емес», «Жігіт болсаң шоқ бол, шоқ болмасаң жоқ бол», «Жігітінде жігіт болмаған,өмір есебінен құр қалған», «Жібек белбеу – белдің көркі, батыр жігіт – елдің көркі», «Жау жеңетін жігіт жарағынан танылар, дау жеңетін жігіт талабынан танылар», «Бөрі соғар жігіт бөрігінен белгілі, жау алатын жігіт серігінен белгілі» т.б. сынды мақал- мəтелдер сақталған. Ескерткіш тіліндегі yigit, yigitlik лексемаларының жастық шақ семасын көрсететіндін esiz anıŋ yigitligi «жазық оның жігіттігінде (жастығында)» тұрақты тіркесі растай түседі [10, T.3, 51 б.]. Бұдан бөлек XI ғасырда көрікті, пəк, киімі таза, жарасты, зерек адамдарға taylaŋ er, taylaŋ yigit сөз тіркестері қолданылғандығын көреміз. М. Қашқари бұл сөз тіркестерінің көзі ашық зиялы жастарға қарата қолданылатынын ескертеді [10, T.3, 514 б.].
Адам баласына тəн сан алуан қасиеттердің барлығы қазаққа тəн танымдық дəстүрде «жақсы» жəне «жаман» деген екі-ақ сөздің қауызына сыйып, оның ауқымымен қамтылатынын көреміз. Бұл құбылыстың осылайша қалыптасуы жайдан-жай емес. Мұнда да көшпелілер өмірі мен дүниетанымынан туындаған əлемдегі барша бағалылықты безбеннің екі басына салып, бір-бірімен салыстыру арқылы анықтау принципі мен заңдылығы бар деп ойлаған жөн [158, 12 б.]. Соған сəйкес жалпытүркілік түсінік бойынша жігіт сапалық тұрғыдан «жақсы жігіт» жəне «жаман жігіт» болып екіге бөлінеді. Ескерткіш тілінде қолынан іс келетін жақсы, іскер, жүректі еркектерге erik лексемасы қолданылған. Мақалда: Erik erini yaglıg, ermegü bašı kanlıg «Іскердің ерні май, еріншектің басы қан» деп берілген. М. Қашқари бұл мақалға
«Іскердің ерні майлы болар, еріншектің басы қанды болар. Еңбекқор, іскер адам тырысып жұмыс істейді, жақсы тағам, семіз ет тауып жейді, аузы майланады, жалқау адам ерініп, еңбек етпейді, қапаланып басын жарға соғып, қанатады. Бұл мақал жалқаулықтан без, қайраттанып жаныңды салып жұмыс істе дегенді насихаттайды» деген түсініктеме береді [10, T.1, 100 б.]. Қазақ түсінігіндегі «жақсы жігіт» тілдік моделін «Жігіттің жақсысын – сұлтан дейді, ит жақсысын сырттан дейді», «Жақсы қыз – жағадағы құндыз, жақсы жігіт – көктегі жұлдыз», «Адам болар жігіттің етек жеңі кең болар», «Адам болатын жігіт әуелі өз нәпсісін билейді, сонан соң ауылын билейді», «Жігіттің жақсылығын жұрты білер» т.б. тілдік бірліктер
айшықтайды. Ал қолынан іс келмейтін жалқау, мінезі жаман ер жігіттер сөздікте katıglıg er «тегі нашар еркек» [10, T.1, 555 б.], suk er «сұқ, ашкөз еркек» [10, T.3, 185 б.], kıyık er «уәдеде, сөзінде бәтуа жоқ еркек» [10, T.3, 230 б.], ikki yüzlüg er «екіжүзді алдамшы еркек», tüšük er «жалқау, ынтасыз, енжар еркек» түрлерінде көрініс тапқан [10, T.3, 64 б.]. Дəстүрлі қазақ түсінігіндегі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет