Диссертация Отандық ғылыми кеңесші: филология


«Ұрпақ» концептісінің тілдік бірліктері



бет20/39
Дата10.12.2023
өлшемі219,8 Kb.
#136567
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   39
Байланысты:
Диссертационная работа Косыбаева М.М.

«Ұрпақ» концептісінің тілдік бірліктері


XI ғасыр М.Қашқари заманында балалар əлемі қандай көріністе болғанын жəдігер тіліндегі ұрпақ концептісін зерттеп, зерделеу арқылы көруге болады. XI ғасыр мұрасы «Диуани лұғат-ит-түрікте» түркі халықтарында ұрпақ таратудың жеті аталық принципі бойынша алғашқы буынына жататын бала лексемасы, bala, čočuk, oɣul, oɣlan, kenč түрлерінде көрініс тапқан. Ескерткіште bala cөзі құс баласымен қатар жыртқыш аңдардың жəне басқа да хайуандардың кішкентай балаларына қолданылған [10, T.3, 313 б.]. Дж. Клосон bala сөзі ең алғаш құс баласына қолданылып, уақыт өте келе жануарлардың жəне адамның да балаларына қолданылғанын сөз етеді [68, 332 б.]. Одан бөлек жəдігерде адамның шаруасына, əсіресе диқаншылықта жəрдем берген кезде қолданылатын көмекші bala деп көрсетілген [10, T.3, 314 б.]. Қазақ түсінігінде ұл-қыздың өмірге келген сəтінен бастап кəмелетке толғанға дейінгі кезең жалпылама бала ұғымына сиып, жас шамасына қарай: нәресте, сәби, бөбек (бөпе), балдырған, жеткіншек, жасөспірім болып жіктеледі. Ал čočuk лексемасы ескерткіш тілінде шошқаның баласына яғни торайға қолданылған [10, T.1, 438, б.]. Ескерткіш тілін зерделей отырып, қазіргі түркі тілдерінің қыпшақ тобына тəн bala жəне оғыз тобына ортақ čočuk лексемалары əуел баста жануарлар мен құстардың балалары үшін қолданылғанын аңғаруға болады. Көне түркі заманындағыдай XI ғасыр түріктері де ұл балаға oɣul [10, T.1, 377 б.], қыз балаға kız лексемаларынан бөлек ұл бала үшін urı [10, T.1, 385 б.], urı oɣlan сөздері қолданылған [10, T.1, 118 б.]. Urı лексемасы көне түркі Күлтегін ескерткішінде Tabɣač bodunka beglik urı oɣlın kul boldı, silik kiz oɣlun küŋ boldı
«Табғач халқына бек ұлдарың құл болды, ару қыздарың күң болды» деп берілген [182, 7 б.]. Э.В.Севортян «сын, мальчик» мағынасындағы «urı» лексемасынан
*ur моносиллабын бөліп алып, «зачать», «рожать», «приносить потомство» мағыналарын беріп, одан «ұрық, ұрпақ, үрім» сөздерінің туындағанын көрсетеді [174, 605 б.]. Көне түркі сөздігінде oɣlan лексемасының мағынасы
«ребенок, мальчик» деп көрсетіліп [159, 363 б.], түрік, түркімен, өзбек тілдерінде ешбір өзгеріссіз сақталып қазақ тілінде «ұлан» түрінде көрініс тапқан [166, 657 б.]. Жəдігерде тұңғыш ұл бала үшін tun oɣul қыз бала үшін tun kız тіркестері қолданылғанын көреміз [10, T.3, 194 б.]. Жалпы tun лексемасы М.Қашқари еңбегінде «алғашқы», «бірінші» мағынасын берген, көне түркі ескерткіштер тілінде Tun bilge, Tun yegan erkin сынды адам аттары да кездеседі [186, 245 б.]. Ал отбасының ең кішкентай кенжесіне aštal лексемасы aštal oɣul
«кенже ұл» [10, T.1, 136 б.], мағынасында берілcе, kenč лексемасы бала мағынасында жəне малдың кішкентайларына қатысты да қолданылған [10, T.3, 580 б.]. XI ғасырда бала-шаға мағынасында жалпы атау ретінде čar čarmak немесе čamrak лексемалары көрініс тапқан [10, T.1, 529 б.]. Көне түркі сөздігінде čamrak «семья, домочадцы» деп көрсетілген [159, 138 б.]. Баланың шыр етіп дүниеге келуі сөздікте oɣul togdı «ұл туды» [10, T.2, 28 б.] деп, ал ана
босанғанда құрсағынан шығатын нəрсе umay лексемасы арқылы берілген [10, T.1, 153 б.].
Жалпы түркі халықтарының өркениет қазынасына өшпестей етіп із қалдырған М. Қашқари еңбегінен XI ғасырда балалардың түр-тұлға, мінез- құлық, тек өздеріне тəн қасиеттері мен жас ерекшеліктеріне байланысты əртүрлі аталғанын көруге болады. Мəселен өзін жұрттан ұлықсипат етіп, өзін биік қылып көрсетуге құмар балаға ataš ал өзінің жастығына қарамай зеректігімен баршаға өз анасындай мейіріммен қарайтын жас қызға anaš деп айтылған [10, T.1, 81 б.]. Қазақ дүниетанымында да «Ақылы асса аға тұт» деп ерте есейіп ерте ақыл тоқтатқан балаларды төбесіне көтеру үрдісі бар екені белгілі. Сөздікте өгей ұл мен қыз ögey oɣul жəне ögey kız деп [10, T.1, 153 б.], одан бөлек baldır kız жəне baldır оγul деп берілген [10, T.1, 515 б.]. Ал кішкентай жас балалар ušak oɣlan «ұсақ бала» деп аталса [10, T.1, 96 б.], сөз ұқпайтын бейбастақ бала esiz деп берілген [10, T.1, 152 б.]. Одан бөлек анасы асыл текті, атасы қара халықтан болған бала ınal деп берілген [10, T.1, 152 б.]. Э.В.Севортян ınal лексемасының мағынасын «вера, доверие, надежда» деп көрсетсе [174, 655 б.], Əбілғазының шежіресінде (XVI ғ.) «титул» мағынасы берілген [67, 184 б.]. М.Қашқари жазда туған баланы körpe oɣul деп көрсетіп [10, T.1, 475 б.], бала тілін жеке қарастырып, балалар тілінде ebek «нан» [10, T.1, 389 б.] дегенді білдіріп, ал баланы тосқанда қатындар čiš čiš деп айтатынын көрсетеді [10, T.1, 97 б.].
Əйел баласының ең үлкен де жауапты міндетінің бірі дүниеге сəби алып келіп, оған жақсы тəрбие беру. Қазақ халқының «Бала тапқандікі емес, баққандікі» деген мақалы баланы табу қиын емес, қиыны – қатарынан кем қылмай, тарықтырмай қажетін өтеп бағу, ежелден келе жатқан халықтық тəрбиені бойына сіңіріп тəлім-тəрбие беру екендігін білдіреді. Ескерткіш тілінен XI ғасырда түрік баласы бесікте жатып тəрбиеленгенін байқауға болады. Сөздікте бесік лексемасы ешбір өзгеріссіз bešik күйінде берілген [10, T.1, 468 б.]. Басқа түркі тілдерінде түркімен: bešik, азербайжан: bešik, башқұрт: bišik, қырғыз: bešik, өзбек: bešik, татар: bišik, ұйғыр: böšük деген нұсқаларда жалпытүркілік сипатта сақталған [187, 65 б.]. Бесіктегі сəбидің кіші дəреті жайылып кетпеуі үшін баланың бесігіне қойылатын «шүбек» сөздікте sibek деп берілген [10, T.1, 447 б.]. Дж. Клосон аталмыш лексеманың ескі осман тілінде sübek түрінде сақталғанын сөз етеді [68, 788 б.]. Қазақ халқы бесікті өз ұғымдарындағы, наным-сенімдеріндегі жын-шайтан, албасты, үббе, сияқты т.б. мифологиялық қауіп иелерінен қорғайтын киелі орын деп ұққан. Сондықтан баланы бесікке салу рəсімі ауылдастар арасында арнайы тойланып, арнайы əдет-ғұрып салттары жасалынады. Ұрапақтың ғұмыры ұзақ болсын деген мақсатпен бесікті өздігінен отқа жақпай, ұрпақтан-ұрпаққа мұраға қалдырған. Ата-бабаларымыз «Бесік баласы бес түлейді» деп, балаларын бесікте бөлеп өсірген. Сөздікте аналардың баланы бесікке бөлеп, ұйықтату үшін айтатын сөздері balu-balu деп берілсе, қазақ тілінде «әлди-әлди» нұсқасы сақталған [10, T.3, 314 б.]. Жалпы бесіктегі сəбиді ұйықтату немесе жұбатуға байланысты айтылатын бесік жыры – «Әлди, бөпем, әлди-ай» немесе «Жылама, балам,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет