«жаман жігіт» көрінісін «Жаман жолдасын жауға алғызар, өзін ұятқа қалғызар»,«Жаманетікшібізтаңдайды,жаманжігітқызтаңдайды», «Жаман түйе жабуын жер, жаман жігіт ауылын жер», «Жаман жігіт – той бұзады, жаман әйел үй бұзады», «Жаман теке – сүзіскек, жаман жігіт – ұрысқақ», «Би жаманы дауға алдырады, жігіт жаманы жауға алдырады» т.б. тілдік бірліктер көрсетеді.
XI ғасырдағы М.Қашқари тілін зерделей отырып сөздікте берілген орта ғасыр түркілерінің мемлекетті басақару жəне əскери-шендік лауазымдарының барлығын «ер адам» концептісі аясында қарастыра аламыз. Себебі патриархаттық жүйедегі мемлекеттің лауазымдары ер адамның сол қоғамдағы орнымен қатар əлеуметтік жағдайын көрсетеді. Бұл тұрғыдан ең жоғарғы лауазым, билік иесі, ел билеуші han деп аталғанын [10, T.2, 17 б.] жəне қоғамдағы орнының маңыздылығын Han iši bolsa katun iši kalır «Хан ісі болса қатын ісі қалар» мақалынан көруге болады [10, T.1, 470 б.]; Ханнан кейінгі əскери-əкімшілік лауазым иесінің титулы сөздікте beg деп берілген [10, T.2, 342 б.]. Cөздікте begлексемасы ежелгі түркі қауымдас- тығында қолбасылық дəрежесін білдірген əскери шен, атақ, жоғары басым- дыққа ие тұлғаны ғана білдірмей отағасы мағынасында да жұмсалған. Яғни XI ғасырда отау иесі ошақ ұйытқысы əйелі тарапынан beg деп аталған. Мұны М. Қашақари «Ол үйде бекке ұқсайтындықтан осылай дейді» деп түсіндіреді [10, T.3, 216 б.]. Тарихта бүкіл түркі мемлекеттерінде болған бұл лауазымның этимологиясына қатысты ғылымда əртүрлі пікірлер белең алған. С.М.Арсал мұны бек лексемасының жұмсарған түрі (bек-bеg-bey) деп есептейді [185, 273 б.]. Түркітанушы С.М.Сыздықов осы пікірді қолдап, кейбір түрік диалектерінде бек сөзі «сақтау», «қорғау», «бақылау» мағыналарын білдіретін ескеріп, Орхон ескерткіштері бойынша көне түркі мемлекеттерінде қағанның көмекшілері іспетті болған бектер елді, мемлекетті қорғаушы, мемлекет істерін жүргізуші, бақылаушы қызмет атқарғанын айта келіп, бег лауазымы көне түркілерде адамның тегіне, шыққан ортасына байланысты берілмей, қарым-қабілетінің, еліне еткен қызметінің арқасында ғана адам бег дəрежесіне жететін болғандығын айтады [19, 260 б.]. Ескерткіш тілінде бектің қоғамдағы орны Аlplar birle urušma, begler birle turušma «Батырлармен (алыптармен) ұрыспа, бектермен тұрыспа (тіреспе)» деген мақал арқылы айқын көрініс тапқан [10, T.1, 217 б.]. М.Қашқари сөздігінде бек мағынасында арғуша tarhan лексемасының бар екендігін жəне бұл сөздің исламнан бұрын қолданғанын сөз етеді [10, T.1, 494 б.]. Сөздікте түріктерде халық ішінен шығып, уəзірлік дəрежеге көтерілген адам yugruš деп берілген. М.Қашқари парсы, тағы басқаларға қаншама жоғары деңгейге көтерілсе де, бұл лақап атақ берілмейтінін ескертіп, бұл титулдың хақаннан бір дəреже төмен мəртебе
екенін айтады [10, T.3, 59 б.]. Бұл атақ XII-XIV ғғ. Үндістан түркілерінде Халаш əмірлері лауазымының арасында ұшырасады. Еуропа Авар қағанатындағы қолданысы «ақылды, зерек, ұғымтал» мағынасына келеді [19, 270 б.]. Yugrušатағына ие болған ер азаматтың қоғамдағы орнын М.Қашқари
«Қар, жаңбыр, ыстық аптаптан сақтану үшін оның басына қара жібектен шатырша ұсталады» деп көрсетеді [10, T.3, 59 б.]. Хақаннан екі дəреже төмен тұрған адамға халықтан даралап берілетін лақап сөздікте yapgu деп берілген. Бұл лауазым түркілердің мемлекетітк құрылымында ертеден-ақ жоғары əскери- əкімшілік шен ретінде қолданылған лаузым. Батыс көк түрік қағандарының ең əйгілісі Бумын отбасынан, яғни Ашина əулетінен шыққан Тоң-йабғу (618-630 жж.) Иабғу қаған деген атпен де бегілі болған [19, 267 б.]. В.Томсен аталмыш лексеманы yap- (жасау, істеу, түзу, құру) етістігінен -gu қосымшасы арқылы өрбіген деп есептейді [19, 269 б.]. Халық ішінен шығып, хақаннан үш дəреже төмен тұрған лауазымды адам сөздікте tüksin деп көрсетілген [10, T.1, 496 б.]. Ескерткіш тілінен белгілі бір нəрсенің негізін tüp деген түркілер хан əулетінен болған асыл текті ер адамдарды tüplüg eren түп-тегі бар ер деп атағанын көруге болады [10, T.3, 171 б.].
Орта ғасыр түркі халықтарының ер адамға байланысты ұғым-түсініктері мен қалыптасқан көзқарасын «Диуани лұғат-ит-түріктегі» мына мақал-мəтелдер аңғартады: Kuš kanatın er atın «Құс қанатымен ер атымен» [10, T.1, 63 б.]; Egir bolsa, er ölmes «Иірі болса, ер өлмес» (Иір – іш ауруына пайдаланатын емдік тамыр). Бұл мақал əрнерсенің алдын алу керек деген мағынада қолданады [10, T.1, 83 б.]; Alp erig yawrıtma, ıkılač arkasın yagrıtma «Алып ерді жасытпа (қорлама), cәйгүліктің арқасын жауыр қылма» [10, T.1, 68 б.]; Koš kılıč birkınka sıgmas «Қос қылыш бір қынға сыймас». Бұл мақал екі адам бір іске таласқанда, немесе екі жігіт бір қызға үйленбекші болғанда соларға арнап айтылады. Хақания бектерін Қылыч хан деп атайды. Бұл əрқандай істе өткірлік жасайтын Өткір хан деген ұғымды білдіреді [10, T.1, 415 б.]; Ot tütünsüz bolmas, yigit yazıksız bolmas «От түтүнсіз болмас, жігіт кінәсіз (жазықсыз) болмас» [10, T.1, 460 б.]. Kılıč tatıksa iš uynčır, Er tatıksa, at tunčır «Қылыш nаттанса іс бұзылар, Ер nаттанса пейіл былғанар». Бұл мақал азаматты қайтпас ерлікке баулып, əрқандай нəрсенің өз жынысына қарай өмір сүруінің қажеттігін үгіттеп айтылады [10, T.2, 409 б.]. Er sözi bir, edzer köki üš «Ер жігіттің сөзі бір, ердің басы үшеу». Ерлердің қасиеті бір сөзді болады, сөзінен қайтпайды. Ердің басы, ердің негізі үш бөліктен құралады, сонда салмаққа шыдайтын берік болады. Бұл мақал ер азаматтарды айтқан сөзі мен уəдесінде тұруға шақыртып айтылады [10, T.2, 411 б.]; Küč eldin kirse töru tüŋlikten čıkar «Күшті есіктен кірсе, жөн-жосық, ынсап түндіктен шығар» [10, T.2, 33 б.]; Iki kočŋar bačı bir ašačta pišmes «Екі қошқардың басы бір қазанда піспес» [10, T.3, 509 б.].
Ескерткіш тіліндегі «еркек –баба», «еркек – ата», «еркек – əке», «еркек – күйеу жігіт», «еркек – ер», «еркек – жігіт», «еркек – ұл» т.б. тілдік модель- дерінен тұратын «ер адам» концептісінің этнолингвомəдени мазмұны жалпытүркілік танымдық сипатта екені көрінеді. М.Қашқари сөздігіндегі ер азаматқа қатысты таным түсініктің көпқырлығы «Ер адам» концептісін түркі
халықтарының құндылықтар жүйесіндегі басты компоненттері қатарына көтереді.