«Зеңгі баба», қойдың пірі Шопан ата (қырғыз тілінде čolpon ata, ұйғ. Koyčı Gocam), ешкінің пірі Шекшек ата (қырғыз тілінде čičaŋ ata) деп атаған. Атаулардың ертедегі қалыптасқан ұғымдық мағынасы өте кең. Мəселен қазақ этносының жадында тілі арқылы сақталып келе жатқан «жылқының желдей ескен жүйрік болуы байланысты желден, сиырдың сулы, нулы, өлеңді өлкені мекендеуіне байланысты судан, түйенің ащылы сортаң жерде өсуіне байланысты сордан, қой малының бəрінен парасатты болуына байланысты пейіштен, ешкінің тасты өрісті ұнатуына байланысты тастан жаратылыған» деген пікір бар. Қойдың пейіштен жаратылған деген түсінік кейін келе яғни түркі халықтарының ислам дінін қабылдағаннан кейін қалыптасып, қойдың дін дістүріне сəйкес мұсылмандар тарапынан құрбанға шалынуына, олардың күнəсінен арылуына септігін тигізуіне байланысты болса керек.
Жалпы түлік саны (жылқы, түйе, сиыр, қой, ешкі) бес бола тұра төрт түлік аталуының өзіндік сипаты бар. Қазақ халқы қой мен ешкіні уақ мал қатарына жатқызып бір түлік ретінде санайтыны белгілі. Əр сөзін талдай білген, əр сөзіне мəн берген қазақ халқы əр санның өзіндік қасиеті, тəрбиелік мəні, саналы орны болғанын түсінген. Расында қазақ бір санынан бастап, əр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тəн ерекшелігін саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған. Əр санда өзіндік ие болатынын мақсаты мен мағынасы болатынын сезе, түйсіне білген. Аннамария Шиммель «Сандар құпиясы» деген еңбегінде жалпы əлем мəдениеті мен тілдеріндегі 4 саны байлық пен берекеұғымын білдіретінін атап көрсетеді [202, 25 б.]. Түркі дəстүрлі дүниетанымында да 4 санының мəн мағынасы бүтіндікті білдіреді. Көне түркі ескерткіштер тілінде tört buluŋ kop yagı ermiş «төрт тараптағылар қарсы жау болған» [182, 186 б.] төрт тарап пен төрт жақты білдіретін деректер кездеседі. Төрт саны қазіргі түркі тілдеріндегі қолданысын мақал-мəтелдер мен тұрақты тіркестерден көруге болады. Мəселен, қазақ тіліндегі «Алтауала болса ауыздағы кетер, төртеу түгел болса төбедегі келер» мақалы қарашай-малқар тілінде «Törtew bir bolsa, töbedegin endirir, altaw ayrı bolsa, aradagın aldırır» түрінде сақталған [203, 227 б.]. Қырғыз тілінде «Tört ölçöp töp keskin; tok eter sözdü bir aytkın», тува тілінде қатты өкпелегенді білдіретін «Dört ökpezi dörtele turaar» тілдік бірліктерін кездестіруге болады» [204, 200 б.]. Жалпы қазақ түсінігінде төрт түліктен бөлек төрт мүлік (бас сандық, тіл кілт, қол мүлік, аяқ-табақ), төрт халифа (Əбубəкір, Омар, Оспан, Əли), төрт қылыш ( Хəм, Сəм, Зұлпхар, Зулқажа), төрт періште (Жебірейіл, Əзірейіл, Мекейіл, Исрафил), төрт кітап (Тəрат, Зəбур, Інжіл, Құран) төртпір (Жарлының пірі – қалтақ ата, Ұрының пірі – жалтақ ата, Шебердің пірі – тепшен ата, Кəрінің пірі – кекшіл ата), төрт тұлға (от, су, жел, жер) төрт құбыла (шығыс, батыс, оңтүстік, солтүстік), төрт маусым (көктем, жаз, күз, қыс), төрт тоқсан (қыстоқсан, жазтоқсан, шілдетоқсан, күзтоқсан), төрт күнә (аллаға күмəн келтіру, нақақтан қан төгу, ата-анаға тіл тигізу, өтірік куə болу), төрт тұрман (ер тұрманы, мұкəммалы, жаужарағы, бес қаруы) ұғымдары да қалыптасқан.
Түркі халықтарының өмір болмысында аса қадір мен қасиетке ие болған төрт түлік мал атаулары қазіргі түркі тілдерінің лексика-фразеологиялық жүйесінде өзіндік орны бар, көне қабатына жататын тарихи-мəдени мəнділік болып табылады. Адам баласы өзін қоршаған ортаны тілі арқылы қабылдап санасына сіндіреді дейтін болсақ, тілдің əр деңгейіндегі тілдік бірліктердің табиғатын халықтық дүниетанымына, сал-дəстүріне, ұлттық болмысына байланысты қарастырған жөн. Соған сəйкес «Диуани лұғат-ит-түрік» тіліндегі
«Төрт түлік» концептісіне қатысты тілдік бірліктерді жалпытүркілік дүниетаным аясында этнолингвомəдени тұрғыдан зерделеудің маңызы зор.