Диссертация Отандық ғылыми кеңесші: филология


Жылқы малына қатысты тілдік бірліктердің этнолингвомәдени сипаты



бет28/39
Дата10.12.2023
өлшемі219,8 Kb.
#136567
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   39
Байланысты:
Диссертационная работа Косыбаева М.М.

Жылқы малына қатысты тілдік бірліктердің этнолингвомәдени сипаты


Біздің жыл санауымызға дейінгі ІҮ мың жылдықтың аяқ шенінде Еуразия сахарасының адамдары даланың ең жүйрік аңы – жылқыны қолға үйреткен. Бұған 1980–ші жылдарда Көкшетау облысы, Ботай қонысына жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нəтижелері дəлел. [205]. Ботайда басталған жылқы бағу–бақташылдық дəуір 1500 жылға дейін созылып, б.з.д. ІІ– мың жылдықтың басында ат тікелей мініс көлігіне ең бастысы əскери күшке айналып, салтатты көшпелілер пайда болды. Жылқыны алғаш мінуге, кейін жегін құралы ретінде пайдалану ел аралық байланысты күшейтті. Белгілі зерттеуші археолог К.Ақышев жылқыны қолға үйретуді: «Верховой конь в истории развития человеческой цивилизации сыграл такую же роль, как паровая турбина для прогресса в индустриальную эпоху. Использование верховного коня, а затем коня как упяржное животное, ознаменовало начало покорения человеком времени и пространства» деп жоғары бағалайды [206, 107 б.]. Ботайдан бастау алған жылқы мəдениетінің мұрагерлері сақтар дала жылқысының тегі мен тектілін, шыдамдылығы мен төзімділігін сақтай біліп, сонау антикалық замандарда өзінде оларды «ерекше төзімді ат мінгендер»,
«бие сүтін ішушілер», «жылқы етін жеушілер», «атпен бітісіп кеткендер» (кентавр), «арба үстінде өмір сүрушілер», «жылқы пішушілер», «қашып бара жатып соғысушылар» деп атағаны белгілі [207, 75 б.]. Аржан, Пазырық, Укок қорғандарына жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нəтижелері сақтарда белгілі бір дəрежеде қалыптасқан жылқы мəдениетінің болғандығын көрсетсе, Берел қорғаны өз заманында Алтайда асыл текті жылқы өсіретін орталық болғандығын айқындап берді [208]. Сақтардан кейін ғұндар да тарих сахнасына атпен шығып, жылқыны əскери мақсатта тиімді пайдаланды. Түрлі тарихи кезеңдерде жылқының көптеп пайдаланылуы қоғамдық дамуды, халықтың тұрмысын, дүниетаным аясы мен мəдени деңгейін көтерді. Əсіресе, əскери жəне шаруашылық күш ретіндегі маңызы өте жоғары болды.
Демек, өзіндік мəдениетіне сəйкес күнделікті өмірінің əрбір кезеңін жылқы малымен тығыз байланыстырған түркі халықтары оның (жылқының) өсу, даму кезеңдерін жіті қадағалап, тани білген. Сондықтан да олардың сөздік қорында жылқы малының жасына, жынысына, мінезіне, түр-түсіне, қызметіне т.б. байланысты тілдік бірліктердің көптеп қолданылуы – заңды құбылыс. Бүкіл
түркі халықтарының ортақ мұрасы болып табылытын М. Қашқаридың «Диуани лұғат-ит-түрік» жазба ескерткішіндегі жылқы малына қатысты тілдік бірліктердің қолданылу аясын анықтап, этнолингвомəдениеттану тұрғысынан қарастыру маңызды.
Жалпы түркологияда жылқы малы атауларын сөз еткен авторлардың ішінде түрік ғалымдары А.Шынардың [209], Ш.Эльчиннің [210], М.Газимхалдың [211], А.Хусейннің [212], М. Меричтің [213], М.Муанның [214]
Р. Нурдың [215], И. Севюктің [216], М. Туранның [217], Н. Ұшардың [218] өзбек ғалымы Н.Махмудовтың [219] татар ғалымы Р.Г.Ахметжанның [220] еңбектерінің орны ерекше. А. Шынар өзінің зерттеу еңбегінде жылқыға қатысты түрік ғалымдары тарапынан жазылған 234 еңбек атап көрсетеді [209,
28 б.]. Сондай-ақ, Т.Дүшеналиева (қырғыз тілі), Т.Урунов (өзбек тілі), М.Н.Губогло (гагауыз тілі), Э.Ф.Ишбердин (башқұрт тілі), К.А.Новиков (тұңғыс-манжұр тілі), Ц.Д.Номинханов (түркі-монғол тілдері) т.б. сияқты ғалымдар өз зерттеулерінде жан-жануарлар лексикасын жан-жақты зерттеп, оның ішінде жылқы малына қатысты пікірлер де берілген.
Тарихы терең, түбі бір түркі қоғамында жылқының ең басты қызметі көлік болғандықтан ол көшпенділер қоғамының қозғаушы күші, байлық белгісі, байлықтың өлшем таразысы, сұлулықтың символы болып табылады. Адам баласының қолға үйреткен жануарларының ішінде күшті де көрікті жылқы түлігі адамның сенімді серігі бола біліп, жасампаздық рөл атқарды. М.Қашқари орта ғасырлық түркілер үшін жылқының маңызын Kuš kanatın er atın «Құс қанатымен ер атымен» деп көрсетеді [10, T.1, 63 б.]. Яғни жылқыны қолға үйрету арқылы уақыт пен кеңістікті бағындырып, тарихи, мəдени-рухани көкжиегін кеңейткен түркі халықтары өздерін жылқысыз елестете алмайды. Басқа жұрттан ертерек атқа қонып, жылқының жылдамдығы мен төзімділінің арқасында дүниенің төрт бұрышын алып, шетсіз де шексіз алқаптарға билік жүргізген ата-бабаларымыз «Ат – түріктің қанаты» дейді.
Ескерткіш тілінде түрік жұртының тұрмысында ғасырлар бойы мінсе - көлігі, кисе – киімі, ішсе –сусыны болған қасиетті жылқы малы at, yund, yılkı, лексемалары арқылы көрініс тапқан. At сөзі көне түркі ескерткіштер тілінде кездесетінін ескерсек «Диуани лұғат-ит-түрік» тілінде де bu at anda yég «бұл ат одан жақсы», ol maŋa at bağışladı «ол маған ат бағыштады» [10, T.3, 201, 449.] түрлерінде семантикалық ешбір өзгеріске ұшарамай қолданылған. Қазақ түсінігінде аттың арғымақ ат (асыл тұқымды, сымбатты жылқы), белді ат (белі мықты, мініске төзімді ат), бәйге ат (бəйгеге қосатын жаратылған жүйрік ат), бәсіре ат (немере, шөберелеріне, нағашы, жиендеріне үлкен үйдің малынан бəсіре беру дəстүрінде жиеннің нағашыдан «жиен құрық» алу үшін жиендеп келгенде мал ішінен таңдап беретін аты), жарау ат (жол жүруге, жорыққа əбден жараған, бабына келген ат), жауқын ат (өте ірі, арынды ат), қазан ат (семіздігі сыртына көрінбейтін ірі жылқы) жасамыс ат (тоғыз-оннан асып қалған ат), мес ат (тез семіргіш, май жиғыш жуан қарын қара етті жылқы), тарлан ат (көптен келе жатқан мініс ат) т.б. түрлері бар [199, 274 б.]. Қазіргі қазақ тілінде алты жасқа келген, денесі толысып жетілген, піштірілген, қолға
үйретілген, мініс пен шаруашылықта қолдануға жарамды жылқы ат деп аталатыны белгілі.
М.Қашқари жылқы мағынасын беретін yund лексемасын жекеше көпше түрде де қолданыла беретенін атап көрсетіп, түрік жұртының жыл қайыруындғы он екі жылдың бірінің атауын yund yılı «жылқы жылы» деп береді [10, T.3, 15 б.]. Жылқы етінің керемет дəмді, хош иісті болатынын Yund eti yıpar «Жылқы еті жұпар» деп, етті пісіріп алып салқындатып қойғанда одан татымды хош иіс шығатынын атап өтеді [10, T.3, 15 б.]. М.Ескеева yund лексемасы туралы «Якут тілінде «жаңадан үйретілген жас жылқы» мəнін беретін sonoyos сөзінің қолданылуын қарағанда jont моносиллабының бастапқы тұлғасы CVC модельді yon болуы да мүмкін. «Китав əл-идрак əл- лисан əл-атрак» шығармасында yunad «жылқы» тұлғасы кездесуіне байланысты көне түркілік yund лексемасы екі дербес лексеманың кірігуі арқылы жасалған деген тұжырым ғылымда белгілі: jun+ad (at)» деген пікір айтады [101, 135 б.]. Э.В.Севортян yund сөзінің негізгі мағынасы “үйретілмеген жабайы (асау) жылқы» деп көрсетеді [178, 253 б.].
Ескерткіште yılkı сөзі:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет