«Тоқал ешкідей қылды», бақырайды, аларды мағынасында «Ешкі көзденді» т.б. тұрақты тіркестерді кездестіруге болады.
Ескерткіш тіліндегі тілдік бірліктердің жалпытүркілік сипатын анықтау үшін қазіргі түркі тілдеріндегі лексикалық ерекшеліктермен салыстырудың маңызы зор десек, А.Н.Бернштамның «Сравнительные словари всех языков и наречий содержат слова киргизского т.е. казахского языка» [253, 296 б.] деп көрсетуі тіліміздің тазалығының айғағы. Соған сəйкес «Диауни лұғат-ит-түрік» еңбегін этнолингвомəдени тұрғыдан зерделей келе бір негізден тараған түркі халықтарының шаруашылығы мен өмір болмысын танытатын «Төрт түлік» концептісінің тілдік бірліктері жалпытүркілік дəстүрлі танымдық сипатта көрініс тапқанына көз жеткіземіз.
ҚОРЫТЫНДЫ
Махмұт Қашқаридың «Диуани лұғат-ит-түрік» жазба ескерткіші – орта ғасырлық түркілердің сөйлеу тілі мен тіл арқылы берілген дүниетаным, мəдениет бөлшектерінің даму көрсеткіші, танымы мен этнографиялық сипатының дереккөзі, ұлттардың тарамдалуының шежірелік қазынасы. Ескерткіш тілі – түркілердің ғасырлар бойы қалыптасқан тарихы мен мəдениетін, өнері мен көркемдік əлемін, болмысы мен тұрмыс-тіршілік, дəстүрлер шоғыры мен салт-саналық пəлсапасын жинақтаушы коммуникативтік кешен. Бұл тілдік кешен танымдық-когнитивтік, тарихи- үдерістік тұрғылардан зерттеліп, халық мəдениетінің даму көрсеткіші мен оның тілде көрініс табуын, өзіндік тілдік заңдылықтарын дəйектеуге негіз бола алады. XX ғасырдың алғашқы жылдарынан бастап құрылымдық тұрғыдан жан- жақты зерттеліп келе жатқан ескерткіш тілін, антропоөзектік бағытта зерделеу қазіргі түркі халықтарының мəдени болмысын анықтаудың негізгі арналарының бірі болып табылатыны сөзсіз. Этнос болмысын қамтитын сан алуан заттар мен құбылыстарға көз салсақ, алғашқыда оларға берілген атау жүйесіз, шашыраңқы дүниедей көрінгенмен, зер сала қарағанда бірімен-бірі жүйемен, таным-болмысымен, мəн-мағынасымен астасып жатқан тұтас, ретке келтірілген жүйе екендігіне көз жеткіземіз. Сол себепті орта ғасырлық түркілер əлем бейнесі мен қазіргі түркі халықтарының таным болмысының ерекшеліктерін «Диуани лұғат-ит-түрік» тілінің этнолингвомəдени мазмұны айқындап береді.
Түркі өркениетіне өшбестей етіп із қалдырған ғұламаның бізге жеткен жалғыз еңбегі «Диуани лұғат-ит-түрік» негізінде Қашқаридың қалдырған ілімі мен өмірбаяндық деректері тұлғатанымдық аспектіде сараланды. М.Қашқаридың түркі өркениет өрісіндегі тарихи-тілдік тұлға деңгейіне көтерілуі оның өскен ортасы мен отбасы тəрбиесінің əсері, түрік елінің ұлылығын таныту, түрік тілінің жасампаздығын жариялау жəне түрік өркениетінің рухани күш-жігерін, елдік парасаты мен əлем туралы түсінігін жəне сол түсінікке сəйкес туындаған сапалық мазмұнын «Диуани лұғат ит- түрік» шығармасының этнолингвомəдени ерекшеліктері айқындайды.
«Диуани лұғат-ит-түрік» жалпытүркілік жəдігерінің ғылыми əлемде алғаш танылып, əртүрлі ғылым салаларының зерттеу нысанына айнала бастаған кезеңінен қазіргі таңға дейінгі айтылған жан-жақты ой-пікірлер мен ғылыми еңбектер, тұжырымдарды саралай отырып, жазба ескерткіштің зерттелуін өзіндік сипатымен, бағыт-бағдарымен, мəн-маңызымен ерекшеленетін хронологиялық кезеңдерге бөліп қарастырылды.
Ескерткіш тіліндегі тілдік бірліктерді этнолигвомəдениеттану тұрғысынан зерделей отырып, отбасы жəне туыстық қатынастар жүйесін сипаттайтын
«Əйел», «Ер адам», «Ұрпақ» концептілерінің жəне некелесу мен тойлау дəстүрін танытатын тілдік бірліктердің этномəдени мазмұны көрсетілді. Нəтижесінде танымдық тұрғыдан отбасының берекесі мен бірлігі, жанұяның ұйытқысы, ақылманы, отбасының сəні, тіршіліктің қайнар көзі ретінде
айқындалатын «əйел» концептісін «әйел-қыз»,«әйел-қалыңдық»,«әйел-жар», «әйел-келін», «әйел-ана», «әйел-отбасының өзегі», «әйел-сұлулықтыңсимволы», «әйел-ханшайым», «әйел-үй қызметкері», «әйел-күң» тілдік модельдері жəне ел қорғаны «Ер адам» концептісін түзетін «еркек – ұл», «еркек – жігіт», «еркек – ер», «еркек – күйеу жігіт», «еркек–батыр», «еркек – ел билеуші», «еркек – әке», «еркек – ата», «еркек – баба» тілдік модельдерінің этнолингвомəдени мазмұны құрайтыны анықталды. Ескерткіш тіліндегі
«Ұрпақ» концептісі тілдік бірліктерінің этнолингвомəдени сипаты орта ғасыр түркілерінің танымында өмірдің жалғасы ұрпаққа қатысты қалыптасқан білім мазмұнын толығымен ашып көрсетеді. Ал некелесу мен тойлау дəстүрінің жəдігер тіліндегі этнолингвомəдени көрінісі орта ғасыр түркі халықтары мен қазіргі түркі халықтарының таным ортақтығын, дəстүр сабақтастығын, идеялық қайнар көздерін дəйектейді.
Түркі халықтарының өмір болмысында аса қадір мен қасиетке ие болған төрт түлік мал атаулары қазіргі түркі тілдерінің лексика-фразеологиялық жүйесінде өзіндік орны бар, көне қабатына жататын тарихи-мəдени мəнділік болып табылады. Адам баласы өзін қоршаған ортаны тілі арқылы қабылдап санасына сіндіреді дейтін болсақ, тілдің əр деңгейіндегі тілдік бірліктердің табиғатын халықтық дүниетанымына, сал-дəстүріне, ұлттық болмысына байланысты қарастырған жөн. Ескерткіш тіліндегі орта ғасырлық түркілер танымындағы «Төрт түлік» концептісінің этнолингвомəдени көрінісі – төрт түлікұғымының тек малдың төрт түрінің жиынтық атауы ғана емес меншік пен мүліктің, байлық пен берекенің көрсеткіші екенін анықтайды. Жылқы, түйе, сиыр, уақ мал атауларына қатысты тілдік бірліктердің жəдігерде көптеп кездесуі орта ғасырлық түркілердің əлемді тануы мен өмір сүру болмысындағы төрт түліктің маңызын көрсетеді.
Қорытындылай айтқанда орта ғасырлық түркілердің өмір болмысын, даму деңгейін, танымдық ерекшеліктерін айқындайтын Махмұт Қашқаридың
«Диуани лұғат-ит-түрік» еңбегінің антропоөзектік парадигма аясындағы этлингвомəдени мазмұны – орта ғасырлық түркілердің əлемді тануы мен көне түркілер дүниетанымының дəстүрлі сабақтастығын айқындайды.